Тауар маркасы немесе бренд дегеніміз – сатып алушы танымындағы тауар бейнесімен ұштасқан тауар белгісін білдіретін ұғым. Тауардың таңбалық аталуынсыз бренд болуы мүмкін емес. Тауар таңбасы болған кезде ғана біз ол тауарды «бренд» деп атаймыз.
«Бренд» терминінің қазақ тілінінде наты баламысы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол «таңба, мөр» деген мағынаны береді. Сондықтанда сатып алушы оны бәсекелес тауарлардан ерекше етіп көрсететін өзіндік бейнесі ретінде түсінеді. Бренд – атауы, символ және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.
Нарықтық қатынас жүйесінде материалды емес активтер бизнесті дамытудың негізі болып таблатын компанияларға «brainware» активті даму кезеңі басталды.
Interbrand консалтингілік компанияның 2004ж бағалар деректері бойынша ең қымбат бренд бұрынғыдай Кока – Кола болып табылады .
Американдық компаниялар алдыңғы орында болғанменен, соңғы уақыттарда азиялық және европалық брендтер алдыға шығып жатыр. Мысалы, Samsung, SAP, Toyota, L Oreal сияқты компаниялар.
Достарыңызбен бөлісу: |