1-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады? 2



бет2/22
Дата07.02.2022
өлшемі45,45 Kb.
#92560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
маркетинг 6

Тауардың үш деңгейі:

  • Ойланылған тауар;

  • Реальды дайындалған тауар;

  • Нығайтылған тауар;

Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдау керек. Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын деңгей – ойланылған тауар.
Дайындаушы ойланылған тауарды орындалған тауарға айналдыруға тиіс. Ерін помадасы, компьютерлер, оқу семинарлары және саяси партиялардың кандидаттары – осының бәрі реальды орындалған тауарлар. Реальды орындалған тауардың бес сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы.
Соңында, дайындаушы тауарды нығайтушы қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін. Егер үлкен фирмаларды алатын болсақ, нығайтылған тауар құрамы: сатып алушыға көрсетілген ізеттілік, тауарды үйге жеткізу және ақшаны қайтару кепілділігі, т.т.б.
Нарықта әртүрлi көптеген тауар түрлерi орын алады. Тауар нарықтағы зерттеу жұмысын жеңiлдету үшiн және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшiн тауарлар топтастырылып қарастырылады.
Тауарлық саясат - фирманың шаруашылық және маркетингтік саясатының құрамдас бөлігі. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, нарықты жақсы білу және оның талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын мағлұмат талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет