4. ТӨЦ тұжырымдамасы тауар түріне (ет тартқыш), типіне (тоқпен істейтін ет тартқыш) қатысты, сондай- ақ сауда маркасын («Braun» электрлі ет тартқыш) қарай қолданылуы мүмкін.
Тауар типі, әдетте, тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклін нақтырақ орындайды.
ТӨЦ – ең алғаш рет мареалы тауарлар үлгісінде зерттелген. ТӨЦ – S әріпі сияқты логистикалық қисық сызбасы түрінде бейнеленеді.
Енгізу өсу кемелдену құлдырау
өткізудің жалпы
көлемі
жалпы пайда
уақыт
1- сурет ТӨЦ- тің құрылымы
ТӨЦ- тің құрылымы бірнеше кезеңмен сипатталады. Оның саны әр авторда әрқалай 4- тен 6- ға дейінгі арада ауытқиды (4- сурет).
Әдетте, ТӨЦ- тің енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену және құлдырау сияқты 4 кезеңін бөліп қарастырады. Олар жеке фирмалар үшін нақты мақсаттары, ресурстарды, маркетингтік жоспары, бәсекелік ортасы, табыс деңгейі және енгізу кезеңі бойынша ерекшеленуі мүмкін. әр түрлі тауарлар үшін ТӨЦ кезеңдерінің ұзақтылығы әр қилы, ол бірнеше күннен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |