1-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады? 2


Тауарды нарыққа енгізу кезеңіндегі маркетингтің негізгі міндеттері мыналар



бет10/22
Дата07.02.2022
өлшемі45,45 Kb.
#92560
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
маркетинг 6

Тауарды нарыққа енгізу кезеңіндегі маркетингтің негізгі міндеттері мыналар:

  • тауар өткізу жүйесіндегі жаңғыртып, жетілдіру есебінен балама тауар өткізу желісін қалыптастыру және тауар өткізудің жаңа арналарын құру;

  • жаңа тауардың артықшылықтары мен жетістіктері тұтынушыға жеткізу үшін ақпаратты жарнаманы белсенді жүргізу;

  • жаңа тауар мен нарықтағы оған ұқсас тауарлар арасындағы функционалды бәсекені анықтау;

  • тауардың нарыққа шығуына байланысты мүмкін болатын бәсекелестердің мінез-құлқын зерттеу;

  • жаңа тауардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ету.

Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауардың жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы бәіліп, сатып ала бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс істейді. Тауарды ірі сериясымен шығаратын кәсіпорындарда өндіріс қуаты жетіспей қалуы мүмкін. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бірақ нарықта оның бәсекелестері туындайды. Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан, сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды. Нарықтың табысы жоғары болғандықтан, оған жаңа фирмалар ене бастайды. өткізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар тобы көбейеді. Тауар жаппай өткізу арналары арқылы өткізіле бастайды. Жарнама акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады. Фирма нарықтың лидері болғандықтан, сауда белгісіне және ерекше бәсекеге қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушы өз тауарының үздік жақтарына (немесе артықшылықтарына) сендіруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет