Бұл кезеңдегі маркетингтің басты мақсаттары:
сұраныс өсуіне байланысты нарықты кеңейту;
бәсекелестерден құтылу үшін тауардың жаңғыртып, жетілдіруін ұлғайту;
тауарларды үлкен көлемде сату үшін кең өткізу желісін қолдану;
Тұтынушылардың жаңа тобын табу үшін бағаны төмендету.
Мұндай нарықта даму үшін фирманың базасы болуы қажет.
Тауардың кемелдену кезеңі. Кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі бәсендейді – кемелдену кезеңі басталады. Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысысының мерзімі бойынша ТӨЦ- тің ең ұзақ мерзімі болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толығымен қолданыладыТауарды табысы орташа тұтынушылар сатып ала бастайды. Нарықтың осы тауармен толығумен байланысты оның өткізу мөлшері тұрақтанады. Көптеген фирмалар сұранысы бар нарыққа енгілері келеді.
Бұл кезеңдегі маркетинг міндетті ТӨЦ- тің ұзартуға бағытталған мынадай іс- шаралар жүргізуге бағытталған:
нарықты терең сегменттеуді іске асыру керек және жаңа нарықты, әсіресе, соның ішінде халықаралық нарықты игеру қажкт;
нарыққа тауардың жаңа қасиеттерін ұсына отырып, оның ассартиментін дифференциялау;
имидж, сұранусты және бағаны ынталандыру сияқты маркетингтік өзгермелерді (переменные) падалана отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу;
Тұтынушыларды тауарды жиі қолдануға ынталандыру;
Бағаларды төмендету.
Бұл іс- шараларды қолдану ТӨЦ- кезеңдерінің иректелген қисық түріне өтуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |