Элитарлық мәдениет. Элитарлық мәдениет қоғамның артықшылыққа ие болған бөлігінің мәдениеті. Ол әсем өнерді, салмақты музыканы және жоғары интеллектуалды әдебиетті қосады. Мыс.: Пикассо салған суретті, не Моцарт әуенін дайындалмаған адамның түсінуі қиын. Ал ондай дайындыққа екінің бірінің қолы жете бермейді. Олар орта білімді адамның қабылдау деңгейінен 20-30 есе озық отырады. Ол мәдениеттің тұтыну шеңбері - қоғамның өте білімді бөлігі. Элитарлық мәдениет формуласы «өнер үшін өнер».
Халықтық мәдениет. Халықтық мәдениеті. Халықтық мәдениеті кәсіби дайындығы жоқ, белгісіз жасампаздар қолымен құрылады. Халық шығармаларының авторы белгісіз. Ол аңыздарды, ертегілерді, эпос, ән, жыр, билерді қосады. Орындалуына сәйкес халық мәдениеті элементтері даралық (аңыз айту), топтық (би не ән орындау) және көпшілік (карнавалдық шеру) болып бөлінеді. Фольклор – сол жердің дәстүріне байланысты және оны жасауға көңілі соққандардың бәрі қатысады.
Бұқаралық мәдениет. Ол ақсүйектердің әсемдік ұнамын не халықтың рухани ізденісін білдірмейді. Оның пайда болу уақыты ХХ ғасырдың ортасы, яғни бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, баспасөз, теледидар, магнитафон) барлық әлеуметтік топ өкілдерінің қол жеткізуіне мүмкіндік туғызған уақыт. Поп не рок музыка, не көше қойылымдары – бұқаралық мәдениет үлгісі. Ол білім деңгейіне жіне т.б. қарамастан барлық адамдарға түсінікті және оны бәрі тамашалай алады.
Бұқаралық мәдениет, элитарлық не халықтық мәдениетпен салыстырғандашамалы көркемдік мәнге ие. Ол адамдардың сол қысқа уақыттағы сұранысын қанағаттандырады және кез-келген жаңа оқиғаға қарай ауытқып отырады. Сондықтан бұқаралық мәдениет үлгілері мысалы шлягер тез ескіріп, ұмытылады.
Элитарлық не халықтық мәдениеті шығармалары мұндай жағдайға ұшырамайды. Поп мәдениет – бұқаралық мәдениеттің символдық атауы, ал КИТЧ – оның бәр түрі.