2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақал қандай мағынаны білдіреді?
Қарияның батасын қалай түсіндің?
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды тап. Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі. Сөйлеушінің тыңдаушыға беретін хабары өзіне әртүрлі әсер ететін болады. Сөйлеуші бірдеңенің жайын хабарлай тұрып, сонымен бірге сол хабары өз басына қандай әсер ететінін – қайғыратынын, қуанатынын, өкіндіретінін т.т. қоса білдіреді. Өйткені сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам. Сондықтан оған дүниедегі болып жатқан әртүрлі құбылыстар әсер етпей қоймайды. Бірін жылықабылдап қуанады, біріне салқын қарайды.
Осының бәрінен де сөйлеушінің өз хабары өзіне қандай әсер еткенін білдіретін амалы – сөздің әні, дауыс сазы. Ол өзінің қуанғанын, күйінгенін, опынғанын немесе бұл хабары өзіне түк әсер етпегенін – осының бәрін тек дауысын құбылтып, сазын түрлендіріп қана білдіре алады.