1 тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа



бет5/8
Дата16.10.2019
өлшемі128,29 Kb.
#49983
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


А деңгейі

216. Өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріліп, оны 100В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын Фарад (Ф), микрофарад (мкФ),пикофарад (пФ) есептеңдер.

217. Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар, ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3 кВ.

218. Конденсатордың паспортында былай жазылады: «150 мкФ,200В». Осы конденсаторға қандай ең үлкен электр зарядын беруге болады?

219. Егер өткізгішке 10-8Кл заряд берілсе, онда оның электр потенциалы 100 В-қа көбейеді. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңдар.

220. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ.Егер астарларының арасындағы кернеу 100 В болса, онда оның әр астарындағы зарядты табыңдар.

221. Егер конденсатордағы заряд 4нКл және сыйымдылығы 2000пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады.
В деңгейі

222. Арасында ауа бар жазық конденсатор екі пластинадан тұрады. Егер әр пластинаның ауданы 10-2м2, олардың арақашықтығы 0,5*10-2 м болса,осы конденсатордың сыйымдылығын табыңдар, егер осы конденсаторды глициринге (ε=56,2) оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді.

223. Сыйымдылығы 1400пФ конденсатордың бір-біріне қабаттасқан екі пластинасының аудандары 1,4*10-3м2,пластиналар арасындағы диэлектрик слюда (ε=6).

224. Жазық ауалық конденсатор екі квадрат пластинадан тұрады, олардың арақашықтығы 10-3м. Конденсатордың сыйымдылығы 1 Ф-қа тең болса, бұл пластинаның әрқайсысының ұзындығы қандай болады?

225. Жазық конденсатордың пластиналары аудандары 36 см2 екі жалпақ металл пластинадан тұрады, олардың ортасында қалыңдығы 0,14 см слюда пластина тұрады. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең болады?Егер конденсатордағы кернеу 300 В-қа тең болса, ондағы заряд қандай болады?

226.Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтықта орналастыру керек?

227. Бір конденсатордың сыйымдылығы 200пФ, ал екіншісінікі 1мкФ.Конденсаторлардағы бір ғана тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқан кезде оларда жинақталған зарядты салыстырыңдар.
С деңгейі

228. Сыйымдылығы 200пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы 0,2 см (ε=2) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелектерді желімдеп жапсырады.Бұл дөңгелектің диаметрі қандай болу керек?

229. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000пФ. Осы конденсаторларда бірдей заряд қорын алу үшін оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар.

230. Ауа конденсаторларының пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400В-тан 50В-қа дейі кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?

231. Жазық конденсатор кернеуі U=200 В, ток көзі арқылы зарядталды. Сонан соң конденсатор осы ток көзінен ажыратылды. Егер пластиналардың арақашықтығын бастапқы d1=0,2мм-ден d2һ0,7 мм-ге дейін арттырсақ және пластиналар арасындағы кеңістікті слюдамен толтыратын болсақ, онда олардың арасындағы кернеу қандай болар еді. Слюданың диэлектрлік өтімділігі ε=7-ге тең.

232. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?

233. Жазық ауа конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Егер оның заряды 0,5 мкКл, ал пластиналарының ауданы 500 см2.

Ток күші. Кернеу Кедергі.

А деңгейі

234. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай қандай болады.

235. Ұзындығы 0,9 км, көлденең қимасының ауданы 10мм2 алюминий сымының кедергісі 2,5 Ом. Оның меншікті кедергісін табыңдар.

236. Электр дәнекерлегішіндегі ток күші 500 мА. Осы дәнекерлегіші арқылы 2 мин сайын қанша заряд ағып өтеді.

237. Ұзындығы 2 м, қимасының ауданы 0,18 мм2 , никелин сымының кедергісін табыңдар.

238. Электр шамы арқылы 10 мин.уақыт ішінде 380 Кл электр мөлшері өтетін болса, ондағы электр тогының шамасы неге тең болады?

239. Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.

240. Өткізгіштен 50Кл электр зарядтары ағып өткенде, 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігіндегі кернеу неге тең болады?



В деңгейі

241. Прожектордың электр шамындағы ток күші 2 А. Егер ол 1 мин. Ішінде 45,6 кДж энергия жұмсайтын болса, прожекторға түскен кернеу неге тең болады?

242. Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 240 Кл зарядты тасымалдағанда 16 мин. Уақыт ішінде 1200 Дж жұмыс жасалды. Тізбектегі кернеуді және ток күшін табыңдар.

243. Ұзындығы 1,2 м, қимасының ауданы 0,4 мм2, кедергісі 1,2 Ом өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

244. Кедергісі 180 Ом реостат жасау үшін , қимасының ауданы 0,1 мм2, никелин сымының қанша метрін алу керек.

245. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 5В. Осы өткізгіш 40 с уақыт ішінде 500Дж жұмыс жасайтын болса, ондағы ток күші неге тең болады?

246. Ұзындығы 1000м, кедергісі 1,1 Ом болу үшін мыс сымның қимасының ауданын қанша етіп алу керек?

247. Ұзындығы 3м, қимасының ауданы 0,25мм2, кедергісі 6 Ом болатын константан сымының меншікті кедергісі неге тең болады?


С деңгейі

248. Бірнеше орам мыс сымының қимасының ауданы 0,03мм2, ал ұзындығы 200м. Осы сымның кедергісін және массасын табыңдар.

249. Адам баласы үшін қауіпсіз ток 1мА деп есептеледі. Осы токта 1с ішінде өткен зарядтың шамасын табыңдар. Осындай ток пайда болуы үшін 1с ішінде өткізгіштің қимасынан қанша электрон өтуі керек.

250. Массасы 1 кг металдан ұзындығы 1 км сым дайындау крек. Егер осы сымды мыстан жасасақ кедергісі ма, әлде күмістен жасасақ кедергісі көп болама? Қанша есе?

251. Ұзындығы 100м, кедергісі 1 Ом өткізгіш дайындау керек. Алюминий, мыс сымдарының қайсысының массасы аз болады.

252. Ұзындығы 3 м, ішкі диаметрі 3см, қабырғасының қалыңдығы 1 мм темір трубаның кедергісін табыңдар.

253. Мыс сымның кедергісі 1 Ом, массасы 1 кг. Осы сымның ұзындығын, қимасының ауданын табыңдар.

254. Массасы 10 кг алюминий сымның диаметрі 2 мм болса, оның кедергісі неге тең болады?


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

А деңгейі

255. Электр утюгі кернеуі 220 В жүйеге қосылған. Егер утюктің қыздырғыш элементінің кедергісі 48,4 Ом болса, ондағы ток күші неге тең болады?

256. Кедергісі 0,25 Ом өткізгіште ток күші 30А болу үшін, өткізгішке қандай кернеу түсіру керек.

257. 120 В кернеу кезінде ток күші 0,5 А болатын электр шамының кедергісін табыңдар.

258. Кедергісі 20 Ом өткізгіштегі ток күші 0,4 А болса, өткізгіштің ұштарындығы кернеуді табыңдар.

259. 0,06 В кернеу кезінде, ток күші 30 А болатын, амперметр орамасының кедергісін табыңдар.

260. Егер шамның цоколындағы жазу 6,3В, 0,22 А болатын болса, онда электр шамының кедергісі неге тең болады.
В деңгейі

261. Ұзындығы 12 м, қимасының ауданы 0,1 мм2,220В кернеу түсіп тұрған өткізгіштен 4 А ток жүреді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

262. Тұтынушыға ток келтіретін мыс сымының ұзындығы 60 м. Онан өтетін ток 160 А болғанда, кернеудің түсуі 8 В-қа тең болса, осы сымның қимасының ауданын табу керек.

263. Ұзындығы 100м, қимасының ауданы 0,04 мм2, мыс сымға түскен кернеу 6,8 В. Осы мыс сымға түскен кернеуі 6,8 В. Осы сымнан өткен токты табыңдар.

264. Ұзындығы 140 см, көлденең қимасының ауданы 0,2мм2, болат сымнан өтетін ток 250 мА. Осы сымның ұштарына түскен кернеуді табыңдар.

265. Электр қыздырғыштың спиралы никелин сымнан жасалған. Оның қимасының ауданы 0,1 мм2, 220 В кернеу түскенде жүретін ток 4 А. Спирал жасалған сымның ұзындығын табыңдар.

266.Электр тогын жеткізу линиясының ұзындығы 200 км. Оған арнап қимасының ауданы 150 мм2, алюминий сым дайындаған. Линиядағы ток 150 а. Линиядағы кернеу түсуін табыңдар.
С деңгейі

267. Ұзындығы 300 м, мыс өткізгіштің ұштарына 36 в кернеу түсіріледі. Егер мыстағы өткізгіштің электрондар шоғыры 8,5*1028м-3 болса, өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы қандай болады.

268. Диаметрі 0,1 мм мыс сымның ұзындығы 1 м болғанда оның кедергісі 2,23 Ом-ға тең. Мыстың меншікті кедергісі қандай

269. Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм1 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай болады

270. Кернеуі 220 В желіге: а)30 Ом,5 А; б)2000 Ом, 0,2 А; деген жазуы бар реостатты қосуға бола ма?

271. Диаметрі 1,5 мм ұзындығы 14,2 м өткізгіштің ұштарындағы кернеу 18 В, ал оның бойымен 2,25 А ток өтеді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісі неге тең.

272. Кедергісі 0,2 Ом, массасы 0,2 кг мыс өткізгіштің ұзындығын және көлденең қимасының ауданын табыңдар.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

А деңгейі

273. Кедергісі 9,5 Ом электр шамы, кедергісі 12 Ом реостат және ұзындығы 4 м қимасы 0,4мм2 мыс сым тізбектей қосылған. Тізбектің кедергісін табыңдар.

274. Кедергілері 2,3,4 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Қосылған өткізгіштердің жалпы кедергісін табыңдар.

275. Кедергілері 540,270 және 135 Ом үш резистор параллель қосылған. Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар.

276. Бірдей төрт сым резисторды параллель жалғағанда олардың жалпы кедергісі 200 Ом болып шықты. Әр резистордың кедергісін табыңдар.

277. Кедергісі 8 Ом сымды тең төрт бөлікке бөліп, оларды өзара параллель жалғаған. Осы қосындының кедергісін табыңдар.



В деңгейі

278. Егер өткізгішті (изоляциясы жоқ) ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі неше есе өзгереді

279. Кедергісі 240 Ом-ға тең, 120 В-қа есептелген электр шамын 220 В желіден қоректендіру керек. Көлденең қимасы 0,55 мм2 болатын қандай ұзындығқтағы нихром өткізгішті шаммен тізбектей қосу керек.

280. Жалпы кедергісі 120 Ом болу үшін, 300 Ом өткізгішке кдергісі қандай өткізгішті параллель қосу керек.

281. Тізбектеліп қосылған екі өткізгіштің жалпы кедергісі 5 Ом, ал параллель қосылған 2 Ом және 4 Омдық кедергілерден тұрады. Тізбектегі ток күші 0,3 А. Әр бір өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді табыңдар.
С деңгейі

283. Электр тізбегі өзара тізбектеп жалғанған ұзындықтары тең, бірдей материалдан жасалған төрт сымнан тұрады. Бірақ олардың көлденең қималары әр түрлі : 1мм2,2мм2,3мм2,4мм2. Тізбектің ұштарындағы кернеу 100 В. !Әрбір өткізгіштегі кернеуді анықтау керек.

284. Кабель әрқайсысының қимасы 0,6 мм2 екі қабат тарамнан және қимасы 0,85 мм2-лік төрт мыс тарамнан тұрады. Ток күші 0,1 а болғанда кабельдің әрбір километріндегі кернеудің түсуі қандай.

285. 3 В кернеумен 0,3 А ток күшіне лайықталған төрт шамды параллель қосып, 5,4 В-қа тең кернеу көзінен қоректендіру керек. Шамдарға тізбектеп қандай кедергілі релстат қосу керек.

286. Әрқайсысы 6 кОм үш резистор арқылы қандай кедергілер алуға болады.

287. Кернеуі 120 В тізбекке екі кедергі қосылады. Олар тізбектеп жалғанса, ток 3 А, параллель жалғанса ток 16 А болады. Кедергілердің шамалары қандай.


Токтың жұмысы мен қуаты.

Джоуль-Ленц заңы

А деңгейі

288. Өткізгіш арқылы 40 Кл заряд ағып өткенде электр тогы 200 Дж жұмыс жасайды. Осы өткізгішке түсіп тұрған кернеуді табыңдар. (Жауабы : 5В)

289. Генератордың қысқыштарындағы кернеу 380 В, тізбектегі ток күші 5 А. Генератордың қуатын табыңдар. (Жауабы: 1,9 кВт)

290. Қуаты 25 Вт ток 10 мин. Ішінде жасайтын жұмысын табыңдар. (Жауабы: 15кДж)

291. Шам 110 В кернеудегі желігі қосылған. Шамның қылынан өткен зарядты табыңдар. (2 Кл)

292. Шам 6,3 В кернеумен жұмыс істеген кезде ондағы ток күші 0,5 А. Осы шамның қуатын табыңдар. (Жауабы: 3,15 Вт)

293. Егер 30 В кернеуде тұрған өткізгіш арқылы 75 Кл электр заряды өтсе, ондағы токтың жұмысын табыңдар. (2,25 кДж)

294. Кедергісі 20 Ом және тізбектегі ток күші 6 А электр қыздырғышта 2 мин. уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді. (Жауабы: 86,4кДж) .

295. 110 В кернеуде 1 А ток тұтынатын электр шамының қылмысында 2 мин ішінде қанша жылу бөлінеді.

296. Кедергісі 100 Ом, реостат тізбегінен 2 А ток өткенде, 2 сағат уақыт ішінде қандай жылу мөлшері бөлінеді. (Жауабы: 1,44МДж)

297. Кернеуі220 В резеткаға қосылған электр плитадан, 3,5 А ток өткенде 690 кДж жылу бөлініп шығады. Плитка желігі қанша уақыт бойы қосылған. (Жауабы: 15 мин).
В деңгейі

298. Қалта фонарына арналған шам астында 3,5В, 0,28 А деп жазылған. Жұмыс режиміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты табу керек.

299. Электрлік құралда 5 А ток күші 45 мин уақыт ішінде 162 кДж жұмысжасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.

300. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12 кернеу берілген. Осы өткізгіштен 20 с ішінде қанша электр заряды өтеді. Осы кезде қандай жұмыс істеледі.

301. Бір электр шамы 127 В кернеу жүйесіне қосылған. Ал екінші шам 220 В кернеу жүйесіне қосылған. Екеуінен де 1 Кл заряд ағып өткенде шамдардың қайсысында көп жұмыс істеледі.

302. Электр шамы 127 В кернеуге лайықталған, Тұтынатын қуаты 50 Вт. Осы шамды 220В кернеуге қосу үшін оған қандай қосымша кедергі жалғау керек.

303.Кедергісі 3Ом және 6 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған. Бірінші резистордан өтетін ток 2А. 10 с уақыт ішінде екі резистордан қандай жылу мөлшері бөлінеді.

304. Кедергісі 6Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған.Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В-қа тең болса, онда 2 мин уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді.


С деңгейі

305. Көтергіш кранның электр двигателі 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20 А. Егер массасы 1 т жүкті кран 50 с ішінде 19 м биіктікке көтеретін болса, қондырғының ПӘК-і қандай болады.

306. Электр плитасын жөндегенде оның орамасы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлігіндей қысқарған. Плитаның қуаты неше есе өзгерген.

307. 120 В кернеуге есептелген 25 Ваттық шамды кернеуі 220 В электр желісіне қосқанда, ол шамның қуаты қандай болады.

308. Кернеуі 120 В ток көзіне кезекпен бірдей уақыт бойы кедергілері 20 және 40 Ом екі өткізгішті қосты.Қай жағдайда электр тогының жұмысы аз болады және қанша есе аз.

309. Электр плитасының қылы жанып кетті. Оны қайта жалғағаннан кейін біраз қысқарған. Белгілі бір уақыттағы плитадан бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді.

310. Көлемі 1,5 л суды ПӘК-і 80 % қуаты 600 Вт электр шәйнекте 200С-ден 1000С-қа дейін, қыздыру үшін қанша уақыт керек болады.

311. Электрқыздырғыштың кедергісі 160 Ом қыл сымын ыдыстағы массасы 0,5 кг,температурасы 200С суға салып, оны 220 В кернеу жүйесіне қосқан. Егер қыздырғыштың ПӘК-і 80% болса, су қанша уақыттан кейін қайнайды.


Әр түрлі ортадағы электр тогы

А деңгейі

312. Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын табыңдар. Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118 кг/Кл.

313. Ток күші 1,6 А болғанда 10 мин ішінде электролиттік ваннаның катодына 0,316 г күміс бөлініп шықты.? Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.

314. 10 мин ішінде ванна 0,67 г күміс бөлініп шығады. Ваннамен тізбектеліп қосылған амперметр 0,9 А көрсетті. Амперметрдің көрсетуі дұрыс па?

315. Ішінде күміс тұзы бар электролиттік ваннадан 1 мА ток жүреді. 1 с ішінде қанша күміс бөлініп шығады.

316. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?


В деңгейі

317. Никель тұзы толтырылған электролиттік ваннаға ішінде хром тұзы бар ванна тізбектей қосылған. Тізбекті ажыратқаннан кейін бірінші ваннада 10 г никель бөлінген. Екінші ваннада қанша хром бөлінеді.

318. Алюминийді өндіргенде ток күші 40 КА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1т алюминий өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай?

319. Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты бөліп шығару үшін жұмсалатын энергия шығыны қандай болады.

320. Электролиттік ваннадағы кернеу 10 В, ал қондырғының пайдалы әсер коэффициенті 80 % болса, 1 кг алюминий алу үшін қанша энергия жұмсалады.

321. Күкірт қышқылынан электр тогын өткізгенде 50 мин уақыт ішінде 3 г сутегі бөлінді. Электролиттің кедергісі 0,4 Ом болса, оны қыздыруға кеткен токтың қуатын табыңдар.

322. Азот қышқылы күміс тұзынан электр тогы 2 сағ бойы өткенде ваннадағы кернеу 2В, оның кедергісі 5 Ом болса, бөлініп шыққан күмістің массасын табыңдар.(к=1,118*10-6кг/Кл)

3 тарау. Жарық құбылыстары

І нұсқа.А деңгейі
323. Сәуленің түсу бұрышы 200С. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш неге тең?

324. Үйдің ішінде суретке түсіргенде не себептен ақ түсті экран қолданылады

325. Суландырылған таза шыны арқылы біз нәрсені жақсы көреміз. Шыныға демалсақ көрініс кенет төмендейтіні неліктен?

326. Матаның құрғақ бөлігіне қарағанда , сулы бөлігі қоңырқай болып көрінеді?

327. «Зенит» маркалы фотоаппараттың оптикалық күші 18 дптр. Фотоаппарат обьективінің фокус аралығы неге тең?

328. Қалта фонарының шамы жарқырағанда энергияның қандай түрленуі болады?

329. Жарық көзі жалғыз болса да, неліктен көлеңкесі мүлдем қараңғы болмайды?

330. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 500С-қа тең. Сәуле айнаға қандай бұрышпен түседі?

331. Автомобиль жарығының шоғы тұманда және шаңды ауада неліктен жақсы көрінеді?

332. Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы 50 см болса, айнаның фокус аралығы қандай?


В деңгейі.

333. Фокус аралығы 5 см және -2м линзаның оптикалық күші қандай?

334. Дене ойыс айнадан 3Ғ қашықтықта орналасады?

335. Жинағыш линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық 35 см, ал алынған кескін 25 см қашықтықта болса, линзаның фокус аралығы және оптикалық күші неге тең?

336. Өлшеулер дененің көлеңкесі оның

биіктігіне тең екенін көрсетті. Күннің

көк жиектен биіктігі қандай? ( Жауабы:450 ) .

337. Кескін жинағыш линзадан 2м қашықтықта орналасқан. Линзаның фокус аралығы 60 см болса, алынған кескін линзадан қандай қашықтықта орналасқан?

338. Оптикалық күштері 4 дптр және –дптр көзілдірікті киетін адамдардың көзі туралы не айтуға болады? Фокус аралығы қандай?
С деңгейі

339. Қисықтық радиусы 40 см ойыс айнадан 2 есе ұлғайған нақты кескін алу үшін денені қандай қашықтыққа орналастыру крек?

340. Фокус аралығы 30 см болатын жинағыш линзадан 1,5м қашықтықтағы заттың экранда кескіні алынған. Зат линзадан қандай қашықтықта орналасқан. Линзаның үлкейтуі қандай?

341. Ойыс айнаның қисықтық радиусы 0,4 м, кескін мен айнаның арақашықтығы 1,5м болса, нәрсе айнадан қандай қашықтықта орналасқан?

342. Нәрсе мен кескіннің арақашықтығы 145 см. Линзаның үлкейтуі 3 есе болса, линзаның фокусы арқылы қандай?

343. Фокус аралығы 10 см ойыс айнаның алдында 15 см қашықтықта шам орналасқан. Шам жалының биіктігі 3 см болса, шамның нақты кескін алу үшін қайда орналастыру керек?

344. Май шам шашыратқыш линзадан 13 см қашықтықта орналасқан. Линзаның оптикалық күші және үлкейтуі қандай? Кескін линзадан 0,5 м қашықтықта алынған.
Жарық құбылыстары

2 Нұсқа. А деңгейі

345.Сендер қазір жарық көзі болып табыласыңдар ма? Қандай?

346. Жарық сәулесі суы бар шыны ыдыстан өтеді. Қырына көлбеу түседі. Сәуле неше рет сынады?

347. Шырақ жанып тұрғанда энергияның қандай түрленуі болады?

348. Жарық бөлме ішіне бірдей түсіп тұрса да неліктен қабырғадағы түс қағаздарының бірі ашық түсті, ал екіншісі қоңырқай түсті болып көрінеді?

349. Айна мен оның бетіне түскен сәуленің арасындағы бұрыш 300. Сәуленің шағылу бұрышы неге тең?

350. Шам жанып тұрған бөлмедегі кітап қандай жарықтың көзі болып табылады?

351.Терезеге күн сәулесі тікелей түспесе де бөлме неге жарық болады?

352. Сулы мата арқылы жарыққа қарасақ , оның суланған бөлігі құрғақ бөлігіне қарағанда, жарығырақ сияқты болып көрінетіні неліктен?

353. Жарықтың физикалық денелерге тигізетін химиялық әсері қандай?

354. Неліктен фотосуретті «ақ» бұлтты күннің өзінде фотоаппараттың түсіру уақытын ашық күндегі уақыттан аз етіп алады?

355. Оптикалық күші 500 дптр-ға тең линзаның фокус аралығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет