1 тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа


ІІІ нұсқасының «А» деңгейі



бет3/8
Дата16.10.2019
өлшемі128,29 Kb.
#49983
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


ІІІ нұсқасының «А» деңгейі

73.Бальза- ең жеңіл ағаш. Оның 100 см3 көлемінің массасы 12 г. Бальза ағашының тығыздығын

есептеңдер.

74.Машина 3 т жүк тасымалдауға арналған.Әрқайсысының ұзындығы 2 м, ені 80см және қалыңдығы 2мм болыпкелген темір текшелерінің қаншасын тиеуге болады?

75.Салмағы 800 Н адамның массасы қандай?
«В» деңгейі

76.Көлемі 1м3 және тығыздығы 240кг/м3 тығыннан жасалған пластинаны көтере алар ма едіңдер.

77.Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың жылдамдықтары ∆υ1=20м/с, ∆υ2=60м/с болып өзгерді.

Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?

78.Динамометр серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5мм ұзарды. Серіппені 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықтаңдар.
«С» деңгейі

79.Қозғалмай тұрған массасы 30кг үрлемелі қайықтан массасы 45кг бала жағаға секірді.Қайық 1,5м/с жылдамдыққа ие болды.Баланың жылдамдығы қандай?

80.Динамометр көмегімен ағаш кесегі стол үстімен жылжиды. Динамометрдің көрсетуі 4Н болса,стол беті мен кесек арасындағы үйкеліс күші неге тең?

81.320 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9 мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады?


Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

1 нұсқа «А» деңгейі

82.Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге р=100 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 50x90 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді?

83.Ауданы S1= 200 см2 гидравликалық таптауыштың поршені 20 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы S2=6см2. Кіші поршень таптауыштағы сұйыққа қандай күшпен әсер етеді.

84.Биіктігі 35 см, ұзындығы 55см және ені 25см аквариумға ернуінен 3см төмен су құйылса, онда оның а) түбіндегі қысым ; ә) құйылған судың салмағы қандай?


«В» деңгейі

85.10 балдық желдің алдындағы тосқауылға түсіретін қысымы Р=1100 Па. Желдің ауданы 30м2 тосқауылға түсіретін қысым күші қандай?

86.Цилиндр ыдысқа сынап,су және бензин құйылған. Сұйықтардың көлемдері бірдей. Сұйық деңгейлерінің биіктігі 15 см болса,сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?

87.Ауданы 3см2 гидровликалық таптауыштың кішк поршені күштің әсерінен 15см төмен түсті. Үлкен поршеннің ауданы 9см2. Кіші поршенге 200 Н күш әсер еткендегі поршен көтерген жүктің салмағын және жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.


«С» деңгейі

88.Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Оның ішіндегі судың массасы 65 г болса,судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?

89.Баллонның ішіндегі қысым манометрмен өлшенеді. Су деңгейлерінің айырмасы ∆ Һ= 25см.

Атмосфералық қысым Р0 = 760мм сын. бағ.Баллондағы қысым қандай?

90.Цилиндр тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының ауданы кішісінікінен 3 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 25 см бензин құйылады. Сол кезде үлкен ыдыстағы су қандай биіктікке көтеріледі. Кіші ыдыстағы су қанша төмендейді?
Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

11 нұсқасының «А» деңгейі.

91.Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

92.Гидровликалық престің кіші поршені F=600 Н күштің әсерінен 33 см төмен түсті. Осы кезде үлкен поршень 23 см-ге көтерілді. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?

93.Барометр тау бөктерінде 98650 Па, ал тау шыңында 90300 Па қысымды көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?


«В» деңгейі

94.Массасы 3 кг кір тасының табанының диаметрі 3см болса, ол үстел үстіне қандай қысым түсіреді?

95. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін , су бағанының биіктігі қандай болу керек?

96. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?


«С» деңгейі

97.U тәрізді ауыздары ашық түтікшеге біртіндеп су құйылады. Түтікшенің бір жағында сынап бар. Сынап деңгейлерінің айырымы Δh=15мм. Су қандай биіктікке дейін құйылған?

98. Бензиннің ыдыс түбіне және бүйір беттеріне түсіретін қысым күші тең болу үшін ішіне толтырыла бензин құйылған радиусы 6см цилиндр ыдыстың биіктігі қандай болуы керек?

99.Бірдей үш қатынас ыдыстың ішіне жартылай су құйылған. (суретте) ыдыстың сол жағына Н1=25см,ал оң жағына Н2=30см биіктікке бензин құйылды. Сол кезде ыдыстың ортасындағы су деңгейі қанша биіктікке көтеріледі?



Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

111 нұсқасының «А» деңгейі

100.Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі. 101.Шегенің көмегімен 105 Па қысым түсіруге бола ма? Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2болса, шеге басына қандай күш түсіру керек.

102.Екі бірдей ыдыс түтікпен қосылған. Біреуіндегі қысым 0,008 Па газ бар, ал екіншісі бос. Кранды ашса екі ыдыстағы қысым қандай болады?

«В» деңгейі

103.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 см2. Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршенінің ауданы 200см2. Үлкен поршенге әсер ететін күш қандай?

104. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

105. Аквариум сумен толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариум қабырғасын су қандай орташа күшпен қысады?



«С» деңгейі

106. Көлденең қимасының ауданы 16 см2 квадрат (текше) тығынға керосинның әсер ететін күшін анықтаңдар. Керосин деңгейімен тығынның арақашықтығы (h) 400 мм.

107. Егер ұшақтағы барометр 100641 Па, ал жер бетіндегі қысым қалыпты болса (10Па),ұшақ қандай қашықтықта ұшып барады?

108. Көлемі 4*0,3*0,25 м темірбетонплита суға жартылай батырылған. Оған әсер ететін Архимед күші неге тең?



V тарау. Архимед күші

тақырыбы бойынша берілген есептердің

І нұсқасының «А» деңгейі

109. Көлемі 0,4 м3 болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін архимед күші қандай?

110. Су астындағы массасы 35 кг, көлемі 0,015 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

111. Судағы денеге 2500мН Архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді?



«В» деңгейі

112. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,8л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?

113. Көлемі 8дм3 тастың массасы 20 кг. Осы тасты судың түбіне толық батырмай ұстап тұратын күш қандай?

114. Егер архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н , ал судағы салмағы 26,4 н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба?



«С» деңгейі

115. Салмағы 0,22 Н болатын темір кесегі,салмағы 0,01 Н болатын қосақтаса жіпке байланып, толығымен суға батырылған. Егер жіптің керілу күші Ғк=0.07 Н болса, тығынның тығыздығы мен көлемі қандай? Ауаның кері итеру күші ескерілмейді.

116. Іші қуыс темір шардың ауадағы салмағы 2,62 Н және керосиндегі салмағы 2,20 Н болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай? Суреті бар.

117. Массасы 300 г альюминийден жасалған денені керосинге батырғанда оныңғ салмағы қандай болады?



Архимед күші

Тақырыбы бойынша берілген есептердің

ІІ нұсқасының «А» деңгейі

118. Суда қалқып жүрген ағаш білеуше 0,75 м3 суды, ал толығымен суға батырса, ол судың 1м3 көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеретін күштерді анықтаңдар.

119. Толығымен керосинге батып тұрған тығынға 50 Н архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? шпен ығыстырар еді?

120. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай кү



«В» деңгейі

121. Дененің салмағы 8 Н, ал көлемі 500см3 болса, дене суға бата ма?

122. Массасы 60 кг бала суда тұр. Егер бала денесінің су бетінен жоғары тұрған бөлігінің көлемі 3дм3 болса, баланың бүкіл денесінің көлемі қандай?

123. Әрқайсысының көлемі 1,3 м3 болатын 6 бөренеден жасалған салдың көтеру күші қандай?

«С» деңгейі

124. Динамометрге мыс пен күмістің қоспасы ілінген. Олардың ауадағы салмағы 2,35 Н, ал судағы салмағы 2,11 н болса, қоспадағы мыс пен күмістің массаларын анықтаңдар?

125. Теңізде мұз қалқып жүр. Мұздың 200м3 көлемі судың бетінде болса, оның жалпы көлемі және суға батып тұрған бөлігінің көлемі қандай?

126. Іші қуыс альюминий шар суда тепе-теңдік қалыпта қалқып тұр. Егер қуыстың көлемі V1=16,75 см3 болса, шардың көлемі қандай?


Жұмыс. Қуат. Энергия.
1 нұсқа

«А» деңгейі

127. Ат арбаға 450 Н күш түсіріп, оны 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартса, ат 2 сағатта қандай жұмыс істейді?

128. Массасы 100т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 9 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

129.Иіндіктің ұштарына Ғ1 = 2 Н және Ғ2 = 20 Н күштер әсер етеді.

Иіндіктің ұзындығы 1,2 м болса, оның тіреу нүктесі қай жерінде орналасады?
«В» деңгейі

130. Пайдалы қуаты 10 кВт су насосы 15 м тереңдіктен 1,5 ішінде көлемі қандай суды көтеріп шығарады?

131. Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:2 . Онымен жүгі бар жәшікті 15 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек?

132.Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,5 м, ал ұзындығы 12 м. Массасы 150 кг жүкті жазықтық бойымен көтеру үшін 230 Н күш керек болса,көлбеу жазықтықтың ПӘК-тің анықтаңдар.


«С» деңгейі

133.Жерде жатқан массасы m=150 кг, ұзындығы ℓ= 2 м біртекті сырықты тік жоғары қою үшін қандай жұмыс істеу керек?

134.Массасы 12 кг, ұзындығы 50 см сырықтың екі ұшына массалары m1 = 30 кг және

m2=5 кг жүк ілінген. Сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек?

135.Массасы 50 т жүкті 0,5 м биіктікке көтеру үшін ПӘК-і 75% болатын гидравликалық таптауышты пайдаланады. Кіші поршеннің бір жүрісі 0,3 м –ге тең.Егер үлкен поршеннің ауданы кіші поршеннің ауданынан 80 есе артық болса, онда кіші поршен қанша жүріс жасауы керек?
Жұмыс. Қуат. Энергия.
11нұсқа

«А» деңгейі

136.Массасы 6 кг тас ,биіктігі 3 м үйдің төбесінен Жер бетінен 18 м биіктіктен құлайды. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

137.Массасы 105 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 12 м биіктікке көтерілсе ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

138. Массасы 25 кг құмы бар жәшікті жылжымайтын блоктың көмегімен 250 Н күш жұмсап 12 м биіктікке көтерсе, қондырғының ПӘК- і қандай болғаны?


«В» деңгейі

139.Массасы 9г оқ қалыңдығы 7 см қабырғаны тесіп өтіп, өзінің жылдамдығын 800 м/с-тен 500 м/с шамасына дейін кемітеді. Үйкеліс күшінің жұмысын және үйкеліс күшін есептеңдер.

140. Шығыр валының диаметрі 25 см, ал дөңгелегінің радиусы 0,8 м.Шығырдың дөңгелегіне қандай күш түсіру арқылы, салмағы 100 Н суы бар шелекті құдықтан көтеріп шығаруға болады?

141.Қуатын 25 кВт-ға дейін арттыра отырып, насостың қозғалтқышы 110 м3 мұнайды 5 м биіктікке 10 мин ішінде көтерсе, қондырғының ПӘК-і қандай?


«С» деңгейі

142.Қозғалытқыштың қуаты 32 кВт болатын машина жүк тасу кезінде өзінің жылдамдығын 12 м/с жеткізсе, қуаты 25 кВт машина жылдамдығын 8 м/с-қа жеткізген.Егер осы екі машинаны трос арқылы тіркесе,олардың жылдамдығы қандай болар еді.

143.Біліктің массасы 12 кг, шкивтің массасы 22 кг. | АВ| = 1,2 м ; | ВС | = 0,6 м және А және В подшивниктерге қандай күштер әсер етеді.

144.Домкрат бұрандасының қадамы 10 см, тұтқа иіні 52 см.. 90 Н күш түсіре отырып, 28 кН жүкті көтеру үшін домкраттың ПӘК-і қандай болуы керек?


Жұмыс. Қуат. Энергия.
111 нұсқа

«А» деңгейі

145. Еденде массасы 20 кг жәшік тұр. Жәшікті биіктігі 1,5 м машинаның кузовына көтеру үшін қандай жұмыс атқару керек?

146. Әр минут сайын насос 10 л суды 2,1 м биіктікке шығарады. Бұл жұмысты жасау үшін насостың двигателі қандай қуат жұмсайды.

147.Рычагтың кіші иіні 5 см, ал үлкен иіні 30 см. Кіші иінге 12 Н күш әсер етеді.Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?


«В» деңгейі

148.Спортшы велосипедпен қозғалған кезде әр педальға 750 Н төмен бағытталған күшпен әсер етеді.Егер әр педальды диаметрі 36 см болып келген, дөңгелек деп есептесек,бұл күштің жұмысы неге тең?

149. Бала иығындағы массасы 10 кг рюкзагыменүйінің төртінші қабатына 25 с ішінде көтерілетінін байқады. Егер бір қабаттың биіктігі 3 м болса, бала қандай қуат өндіреді?

150.Жіптің бос ұшына 250 Н күш жұмсап, қозғалмайтын блоктың көмегімен массасы 24,5 кг құмы бар шелекті 10м биіктікке көтереді. Қондырғының ПӘК-ін есептеңдер.


«С» деңгейі

151.Электромагнитті ажыратқаннан кейін көлемдері бірдей екі шойын шар ( біреуі қуыс, екіншісі тұтас) Жер бетіне бірдей уақыт ішінде бірдей жол жүріп түсті. Бұл түсу кезінде ауырлық күшінің жұмысы және өнген қуат бірдей ме?

152.Өзендегі су шығыны 500 м3/с. Биіктігі 10м плотинадан құлап аққан судың қуаты қандай?

153.Массасы 50 г доп қандай биіктіктен еркін түскенде оның потенциалдық энергиясы 2 Дж-ге өзгереді. Кинетикалық энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?



8-СЫНЫП
1тарау. Жылу құбылыстары.

Жану жылуы.

А деңгейі

1.Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

2.Көлемі 4л бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

3.Көлемі 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Осы бензин толық жанғанда, 230 МДж энергия алуға бола ма?

4. Бакта 40л бензин бар.Осы бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

5.Егер массасы 10 кг ағаш көмірі жанғанда 340 МДж ээнергия бөлінетін болса,онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

6. 210·10Дж жылу алу үшін қанша дизель отынын жағу керек?

7.Жер жырту кезінде трактор 30кг дизель отынын пайдаланған. Осы кезде қанша энергия бөлінеді?


В деңгейі

8.Массалары 25 г табиғи газ бен 25 г суток жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін табыңдар және энергияларын салыстырыңдар.

9. 12 кг шымтезек пен 5 кг антрацит толық жанғанда, қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

10.Көлемі 3л бензин мен көлемі 2 л керосинді араластырған. Осы қоспа толық жанған кезде қанша жылу бөлінеді?

11.Көлемі 3л бензин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін алу үшін қанша тас көмір жағу керек?

12. Көлемдері 1,5 л және 0,5 л бензин мен спиртті араластырған. Осы отынды жаққанда бөлініп шығатын толық жылу мөлшері қандай?

13. Қысқа құрғақ қарағай ағашынан көлемі 2м3 және массасы 1,5 т тас көмір дайындады. Дайындалған отындар толық жанғанда пештен қанша жылу мөлшері бөлінеді?

14. Массасы 2кг бензин толық жанғанда, массасы тура осындай құрғақ ағаш жанғандағыдан қанша жылу мөлшері артық бөлінеді?


С деңгейі

15.Меншікті жану жылуы 4,2·106 Дж/кг, массасы 1,5кг отынды жағып 1,89 ·107 Дж жұмыс атқаратын трактордың Пәк-тін анықта .

16.Іштен жану двигателі 2,3·105 кДж-ге тең пайдалы жұмыс істеді және бұл кезде массасы 2кг бензин жұмсады. Двигателдің пайдалы әсер коэффициентін есептеңдер.

17. Тепловоз 1 сағ ішінде 8000000 кДж жұмыс өндіреді.Осы уақыт ішінде ол массасы 800 кг дизельдік отын жағады,оның меншікті жану жылуы 4.107 Дж/кг. Двигательдің ПӘК-ін анықтаңдар.

18.Алғашқы трактордың екі бу двигателі болды.Ол сағатына меншікті жану жылуы 30·106 Дж/кг болып келген 5 кг отын жақты. Егер оның двигателінің қуаты 1,5 кВт шамасында болса, трактордың ПӘК-ін есептеңдер.

19.ПӘК-і 25 % автомобиль 3 сағ ішінде 24 кг бензин жұмсайды. Бұл кезде двигатель қандай орташа қуат өндіреді ?

20.Қуаты 36кВт іштен жану двигателі 1 сағ жұмыс істегенде 14 кг бензин жұмсайды. Двигательдің ПӘК-і қандай?

21. Бу турбиналарының біреуі пайдалы жұмыс атқару үшін отын жанған кезде бөлінетін энергияның 1/5 –ін, екіншісі 1/4-ін пайдаланады. Қай турбинаның ПӘК – і артық ?


Д деңгейі

22.Су қайнатқыштағы суға 0,6 кг қайың ағашын жағып, оның жылуының 25% суды қыздыруға жұмсалса, онда массасы қаншалық суды 10ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыруға болады?

23.Спиртовкада массасы 175 г су 15ºС –тан 75ºС- қа дейін қыздырылды. Спиртовканың спиртімен қоса есептегендегі бастапқы массасы 163 г болса,оны қыздырудың аяғындағы массасы 157 г болды. Қыздырғыш прибордың ПӘК-ін табыңдар.

24.ПӘК – і 25% массасы 1,5 т кірпіш пешке ағаш отын жағып температурасын 10 С –ден 70 С-қа дейін қыздыру үшін қаншалық ағаш отын керек болады ?

25.Массасы 0,5 кг мыс ыдыста 10ºС температурада алынған 2л суды қыздырады. Массасы 50г, ПӘК-і 50 % спирт жағып,суды қаншалық температураға дейін қыздыруға болады.?

26.»Жигули» автомобилінің қозғалтқышының қуаты 50 кВт. Егер ол 100 км/сағ жылдамдықпен жүргенде 100 км жолға 14 л бензин жұмсайды.Оның қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.

27.Қыздырғыш аппаратта 800г керосин жағылады.Осы керосин арқылы аппаратқа қойылған қанша литр суды 10ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыруға болады. Суды қыздыруға бөлінетін энергияның 40% жұмсалады .

28.25ºС температурада алынған 200 г суды қайнату үшін жұмсалатын спирттің массасын табыңдар. Спиртовканың ПӘК- і 25%.



Жылу мөлшері.

А деңгейі

29.Оқушы бала суды 15ºС-тан қайнағанша ( 100ºС ) қыздырғанда оның ішкі энергиясы 178,5 кДж-ға көбейгенін байқады. Қыздырған судың массасы қандай еді?

30.Массасы 20 г алюминий кесегі суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж-ға азайды. Осы мәліметтер негізінде алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін табыңдар.

31.Массасы 1,5 т кірпіш пеш 30ºС-тан 20ºС-қа дейін суығанда айналасындағы денелерге қандай жылу мөлшерін береді?

32.Массасы 100 г қорғасын кесегінің ішкі энергиясы 280 Дж- ға арту үшін, оның температурасын қаншаға көтеру керек болады?

33.Термос сыйымдылығы 3л қайнаған сумен толтырылған. Бір тәуліктен кейін судың температурасы 77ºС-қа дейін төмендеген. Судың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?

34.Массасы 5 кг қыздырылған тас суда 1ºС-қа суынып, оған 2,1 кДж энергия береді.Тастың меншікті жылу сыйымдылығы неге тең ?

36.Массасы 20 кг болат бұйым станокта өңделгеннен кейін 50С-қа қызды. Бұйымның ішкі энергиясы қанша Джоульге артты?

37.Стакан ( 250 см3 ) қайнаған су 14º С-қа дейін суығанда қандай жылу мөлшерін береді?

38. Мыс паяльник 20ºС- қа дейін суығанда 30,4 кДж энергия бөлінді. Егер паяльниктің массасы 200 г болса,ол қандай температураға дейін қыздырылған ?


В деңгейі

39.Массасы 100 г металл кесегінің температурасы 20º С-тан 24º С-қа өзгергенде онда оның ішкі энергиясы 152 Дж –ға артты. Осы темір кесегінің меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

40.Массасы 100 г қалайы кесегінің температурасы 32 ºС- қа дейін суығанда одан 5 кДж энергия бөлінді. Алюминий кесегінің суығанда одан 5 кДж энергия бөлінді. Алюминий кесегінің суығанға дейінгі температурасын табу керек.

41. Массасы 200 г алюминий кастрюльді, ішінде 1,5 л суы бар 20º С температурадан 100º С температураға дейін қыздырып суды қайнатқан. Сонда қандай жылу мөлшері жұмсалған?

42.Массасы 800г алюминий кастрюльді, ішінде 5л суы бар 10º С температурадан 100º С температураға дейін қыздырып суды қайнатқан. Сонда қандай жылу мөлшерін алған?

43.Массасы 65 кг душтың темір багына құдықтан алынған 200 л су құйылды. Олар күн қызуымен қызып, судың температурасы 4º С-тан 29º С-қа дейін көтерілді. Бак және су қандай жылу мөлшерін алды.

44.Ұзындығы 100 м, көлденеңі 6 м, тереңдігі 2 м бассейіндегі су 15º С температурадан 25º С температураға дейін қызған кезде алған жылу мөлшерін есептеңдер.

45.Мөлшері 250 см3 қайнаған су 14º С-қа дейін суытқанша қанша жылу мөлшерін береді?

46.Массасы 4 кг кірпішті 63 С-қа қыздырғандағы энергияға тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

47.Қуаты 75 Вт қозғалтқыштың винтінің қалағы 5 минут бойы ішінде 5л суы бар колориметрдің ішінде айналады.Осы кезде су үйкелістің әсерінен қызады.


С деңгейі

48.Шелекке температурасы 9º С, массасы 5 л су құйылды. Шелектегі судың температурасы 30ºС болу үшін оған қанша қайнаған су құю керек?

49.100º С температураға дейін жонылған мыс бұйымды суыту үшін, температурасы 15º С массасы 420 г суға батырған. Жылу алмасу кезінде судың температурасы 18º С-қа жетті. Мыс бұйымның массасын табыңдар.

50.Масссасы 300г болат бұйымды жоғары температураға дейін қыздырып,оны суғару үшін температурасы 10º С массасы 3 кг машина майына батырған. Оларда жылулық тепе-теңдік орныққаннан кейінгі температура 30º С болса, болат бұйымның бастапқы температурасын табыңдар.

51.Бала сыйымдылығы 200 см3 стаканның төрттен үш бөлігіне қайнаған су ,қалған бөлігіне суық су құйды.Егер суық судың температурасы 20º С болса, онда суда қандай ортақ температура қалыптасады.

52. Массасы 200 г мыс жез калориметрге құйылған 150 г судың температурасы 12º С .Осы суға 100º С температураға дейін қыздырылған массасы 0,5 кг темір кірді ( гир) әкеп салды.Калориметрде орныққан температураны табыңдар.

53. Массасы 200 г суды 10º С – тан 60º С –қа дейін қыздырғанда қанша жылу жұмсалатын болса, сондай жылу арқылы массасы 500 г мысты қанша градусқа қыздыруға болады?

54.Массасы 1 кг мыс кесегі 500 м биіктіктен құлап түседі. Егер оның механикалық энергиясының барлығы жылу энергиясына айналатын болса, онда мыс кесегі қанша градус температураға дейін қызады?

55: Массасы 140 г алюминий калориметрге оған 15 С температурадағы 250 г су құйды. Одан кейін суы бар калориметрге массасы 100 г ,100 С температураға дейін қыздырылған қорғасын кесегін салды. Онда 16 С ортақ температура қалыптасты. Жылу балансының теңдеуін жазыңдар және қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

56.Масссасы 800 г алюминий шәйнекте, массасы 1,8 кг температурасы 20º С су бар. Шәйнекке қайнаған суда қыздырылған массасы 1;2 кг металл кесегін салды. Сонда шәйнектегі судың температурасы 25º С-қа көбейетін болса, онда металл кесегі қандай заттан жасалғанын табыңдар.


Балқу жылуы, булану жылуы.
А деңгейі

57. Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады?

58. Балқу температурасындағы 100 г темірді сұйыққа айналдыруға керекті энергияны анықтаңдар.

59. Балқу температурасындағы массасы 5 кг қалайының , немесе 1,5 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.

60. Балқу температурасындағы 11 кг қорғасынның немесе 2 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.

61. Температурасы 100º С, массасы 10 г су буы конденсацияланғанда, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді ?

62. Қайнау температураларындағы: а) массасы 500 г спиртті; б) массасы 10 г суды буландыру үшін қанша жылу жұмсалады?

63. Температурасы 57º С, массасы 200 г сынапты буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?

64. Қайнау температурасындағы аммиакты буландыруға 364 кДж энергия жұмсалған. Буланған аммиактың массасын табыңдар.
В деңгейі

65. 32º С температурада алынған массасы 100 г қалайыны балқыту үшін қандай жылу мөлшері керек болады?

66. 10º С температурада алынған 2 л су қатқанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?

67. 20º С температурада алынған массасы 24,5 кг алюминийді балқыту үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

68. 20º С температурада алынған көлемі 15 л суды 0º С температурадағы мұзға айналдырғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?

69. Температурасы -20º С мұздан температурасы 20º С , массасы 5 кг су алу үшін қанша энергия керектігін есептеңдер.

70.Қалыпты қысымдағы температурасы 100º С, ал массасы 8 кг су буы конденсацияланғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерімен қанша мұзды ерітуге болады?

71.27º С температурадағы массасы 0,5 кг қорғасын кесегін балқыту кезінде қанша энергия алады?

72.Температурасы 100º С су буы конденсацияланып,пайда болған су 0º С-қа дейін суынады.Су буының массасы 1 кг болса, қандай жылу мөлшері бөлінеді?

73. Темірден жасалған бұйым 800º С –тан 0º С температураға дейін суып, 0º С темперратурадағы 3кг мұзды толық ерітті. Темір бұйымнан бөлінген энергияның бәрітек мұзды ерітуге ғана жұмсалатын болса, темір бұйымның массасы қандай еді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет