ІІ нұсқа.В деңгейі
356. Ашық күні биіктігі 1,8 м шыршаның жерге түскен көлеңкесі 90 см, ал қайыңдікі Н қандай?
357.Ашық күні тік қойылған бір метрлік сызғыштың көлеңкесі 50 см, ал ағаштікі -6м. Ағаштың биіктігі неге тең?
358. Кескіннен ойыс айнаға дейінгі қашықтық 0,5м, ал айнадан кескінге дейінгі қашықтық 1,5м болса, айнаның қисықтық радиусы неге тең?
359. Фокус аралығы 205 см жинағыш линзамен нәрсенің арақашықтығы 45 см болса,сызықтық үлкейтілуі неге тең?
360. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыштың ¾ бөлігі 700С-қа тең. Сәуленің шағылу бұрышы неге тең?
361. Кескіннен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 45 см, ал линзадан берілгеннәрсеге дейінгі қашықтық 15 см болса, линзаның фокус аралығы мен оптикалық күші неге тең?
ІІІ нұсқа.С деңгейі
362. Фокус аралығы 10см ойыс айнаның алдында 14 см қашықтықта шам орналасқан. Айнадан экранның қашықтығы 6 см болса, шам жалынының биіктігі қандай болар еді?
363. Қисықтық радиусы 10 см дөңес айнаның алдында 30 см қашықтықта дене орналасқан. Дене мен оның кескінінің өлшемін салыстырыңдар.
364. Ойыс айнаның жәрдемімен экранда дененің 2,5 есе кішірейтілген кескіні алынған. Экраннан денеге дейінгі қашықтық 85 см. Айнаның қисықтық радиусы қандай?
365. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 95 см. Экранда нәрсенің айқын бейнесін алу үшін фокус аралығы 25 см жинағыш линзаны олардың қай аралық тұсына қою керек?
366. Жинағыш линзаның оптикалық күші 4 дптр, алынған кескіннің биіктігі нәрсенің биіктігінен 1,5 есе үлкен болса, нәрсе линзадан қандай қашықтықта орналасқан.
367. Фокус аралығы 6 см фотоаппаратпен биіктігі 9 м ағашты суретке түсіргенде , оның пленкаадағы биіктігі 36 мм болса, ағаш фотоаппараттан қандай қашықтықта тұрған?
9 класс
Механика
І тарау. Кинематика негіздері
1. Ілгерілемі қозғалыс. Материалық нүкте.
Санақ басы. Жол және орын ауыстыру.
А нұсқасы
1. Мыналарды есептегенде Жерді материялық нүкте деп алуға бола ма? А)Жерден күнге дейінгі арақашықтықты б) бір ай ішінде жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жолын; в)Жер экваторының ұзындығын; г) Жердің өз осін айнала тәуліктік қозғалысы кезіндегі экватор нүктесінің қозғалыс жылдамдығын; д)Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жылдамдығын;
2. Бірнеше секунд ішінде жүрген жолды есептеу үшін, ұзындығы шамамен 1 км теміржол составын материялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?
3. Біз таксиге не үшін жол ақы төлейміз: жолы үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? Ұшаққа ше?
4. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп , одан ыршып 1м биіктікке көтерілгенде , оны ұстап алды. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңдар
Б нұсқасы
5. 5-суретте бес материялық нүктенің орын ауыстырулары көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координаттар осіндегі проекцияларын табыңдар?
6. 6-суретте материялық нүктенің А-дан В-ге дейінгі қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаттарын, орын ауыстырудың координаттар осіндегі проекцияларын, орын ауыстыру модулін табыңдар.
7. 7-суретте материялық нүктенің А-дан Д-*ге дейінгі қозғалысының АВСД траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаталарын, жүрілген жолды, орын ауыстыруды, координаттар осі бойымен орын ауыстыру проекцияларын табыңдар.
8. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып,900 бұрыш жасап бұрылып, тағы 30 км ұшты. Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңдар.
С нұсқасы
9. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2 км, содан соң солтүстік бағытта тағы 1км жүзді. Катердің орын ауыстыруы мен бағытын геометриялық салу арқылы табыңдар.
10. Туристер алғашында солтүстік - батысқа қарай 400м, содан соң шығысқа қарай 500 м жүріп, солтүстікке қарай тағы 300м жүрді. Геометриялық салу тәсілі арқала олардың орын ауыстыруының ммодулін және бағытын табу керек.
2. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс
А нұсқасы
11. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1.5t.Осыны түсіндіретін сурет салып (х осін оңға бағыттап), бақылау басталар мезеттегі автомобиль мен адамның орындарын анықтаңдар.Олар қандай жылдамдықпен және қай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездесті?
12. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t, x2=150-10t ,х 2=150-10t ңдеулерімен берілген. X(t) тәуелділігінің графиктерін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
13. Екі дененің қлзғалыс теңдеулері былай берілген : х1=x01+υ2x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=24м, υ1х4,2м/с. x02=87 м, υ2x=2,7м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.
14.Екі дененің қозғалыс теңдеулері былай берілген: х1=x01+υ1x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=63м, υ1х = -6,2м/с; x02= -12м, υ2x=4,1м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.
С нұсқасы
15. 8-суретте түзу сызықты жолмен автобус, жеңіл автоиобиль, мотоциклші бір қалыпты жүріп келеді.Автобус оңға қарай 20 м/с, жеңіл автомобиль солға қарай 15 м/с, мотоциклші солға қарай 10 м/с жылдамдықпен жүреді. Бұл экипаждардың бастапқы координаталары сәйкесінше мыналарға тең: 500,200 және 300м.Сол денелердің қозғалыс теңдеулерін жазыңдар. Мыналарды табу керек: а)5 с өткендегі автобустың координатын; б)жеңіл автомобильдің 10 с өткендегі координаты мен жүрген жолы; в)қанша уақыттан кейін мотоциклшінің координаты-600м-ге тең болатынын; г)автобустың ағаштың тұсынан өткен кезін; д)бақылау басталардан 20 с бұрын жеңіл автомобильдің қайда болатынын.
С нұсқасы
16. Берілген графиктер бойынша (9-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдықтары проекцияларын табыңдар.Дене қозғалысының х(t) теңдеулерін жазыңдар. Теңдеулер мен графиктер бойынша денелердің 5 с өткеннен кейінгі координаталарын, қозғалыс жылдамдықтарын, 11 және 111 денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
17.10-суретте екі дененің қозғалыс графиктері көрсетілген.Қозғалыстардың x=x(t) теңдеулерін жазыңдар. Графиктердің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелері нені білдіреді?
18. Түзу тас жолмен бір бағытта екі мотоциклші қозғалып келеді. Бірінші мотоциклшінің жылдамдығы 10 м/с. Екінші мотоциклші бірінші 20/с жылдамдықпен қуып жетаекші. Бастапқы уақыт мезетіндегі мотоциклдердің ара қашықтығы 200 м-ге тең. Координаталар басы ретіндегі екінші мотоциклшінің бастапқы уақыт мезетіндегі тұрған орнын, ал х осінің оң бағыты ретінде мотоциклшілірдің қозғалыс теңдеулерін жермен байланысты санақ жүйесінде жазыңдар. Бір сызбада екі мотоциклшінің қозғалыс графиктерін салыңдар.(ұсынылатын масштаб: 100м-1см; 5с-1см деп алу керек). Екеуінің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
3. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
А нұсқасы
19. Метроның қозғалыстағы эскалаторында тұрған адам жермен байланысқан санақ жүйесінде тыныштық күйде бола ала ма ?
20.Дауылдың жылдамдығы 30 м/с, ал «Жигули» автомобилінің жылдамдығы 150 км/сағ-қа дейін жетеді. Ауаға қарағанда тыныштық күйде қалатындай жағдайда автомобиль қозо ала ма?
21. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесінде, желдің жылдамдығы қандай, егер: а)жел қарсы соғып тұрса; б) жел қуалай соғып тұрса;
22. Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездің өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?
Б нұсқасы
23. Метро эскалаторы 0,75 м/с жылдамдықпен қозғалып барады. Егер жолаушы эскалатормен байланысқан санақ жүйесінде эскалатордың қозғалыс бағытымен бағыттас 0,25 м/с жылдамдықпен келе жатса, онда ол жерге қатысты қанша уақытта 20 м оын ауыстырады?
24. Қайық 240 м ара қашықтыққа барып қайту үшін әкелі өзен арқылы, кейін көл арқылы қатынау керек. Су ағысының жылдамдығы 1 м/с. Қайықтың суға қарағандағы жылдамдығы 5 м/с. Өзенмен жүргендегі уақыт көлмен жүзгендегі уақыттан қанша есе артық болады?
25. Вертолет солтүстікке қарай 20 м/с жылдамдықпен ұшып барады. Егер жел 10 м/с жылдамдықпен батыстан соқса, вертолет қандай жылдамдықпен және меридианмен қандай бұрыш жасап ұшар еді?
26. Катер өзенмен жүзе отырып, сумен байланысқан санақ жүйесінде 4 м/с жылдамдықпен ағысқа перпендикуляр қозғалады. Егер өзеннің ені 800м, ал ағыс жылдамдығы 1 м/с болса, катерді ағыс неше метрге ығыстырып тастайды.
С нұсқасы
27. Суға байланысты санақ жүйесінде қайықтың жылдамдығы 6 м/с және өзеннен ең төте жолмен өтуі керек.1. Егер де өзен ағысының жылдамдығы 2м/с болса, қайықтың курсы (курсы дегеніміз қайық корпусының тұмсығынан арт жағына дейінгі сызықпен, су жағасына тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышпен анықталады.)қандай болуы керек?2. Қайықтың жерге қатысты υ жылдамдығы қанша? 3. Егер өзеннің ені 220 м болса, өзеннің арғы бетіне өту қанша уақыт алады?
28. Вертолет тынық ауада дәл солтүстікке қарай 90 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Егер солтүстік – батыстан меридианға 450 бұрыш жасай жел соқса, Вертолеттің жылдамдығы мен курсы (курсы дегеніміз Вертолет корпусының тұмсығынан арт жағына дейінгі сызықпен, ауаға тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышпен анықталады) қандай болғанын табыңдар. Желдің жылдамдығы 10 м/с.
4. Бір қалыпсыз түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық
А нұсқасы
29. Поезд орнынан қозғалған соң 10 с өткенде 0,6 м/с жылдамдық алады. Қозғалыс басталған соң қанша уақыт өткенде поездың жылдамдығы 3м/с –қа тең болады?
30.Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 м/с-қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
31. Автомобиль 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20 м/с-қа дейін арттырады?
32. Ұста балғасымен дайындаманы соғып қалғанда, балға тежелген кеездегі үдеу модулі бойынша 200 м/с2-қа тең болады. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған еді?
Б нұсқасы
33. Автомобильдің жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі υх=0.8t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін салыңдар және автомобильдің бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын табыңдар.
34. Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ-қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін салыңдар.
35. 15-суреттегі жылдамдық графигін пайдаланып бастапқы жылдамдықты, төртінші секундтың бас кезіндегі және алтыншы секундтың аяқ кезіндегі жылдамдықты табыңдар. Үдеуді есептеп шығарыңдар және υх =υx(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар.
С нұсқасы
36. 16-суретте берілген графиктер бойынша υх =υx(t) тәуелділігінің графигін жазыңдар.
37. 17-суретте материялық нүктенің бастапқы уақыт мезетіндегі жылдамдық векторы мен үдеуінің векторы көрсетілген. Егер υ0=30 м/с, a=10 м/с2 болса, υх =υx(t) теңдеуін жазып, алғашқы 6 с қозғалысқа арнап теңдеудің графигін сызыңдар. 2,3,4 секундтан кейінгі жылдамдықты анықтаңдар.
38. Автомобиль жолдың бірінші жартысын υ1=10 м/с, ал екінші жартысын υ2=15 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жол бойына қатысты орташа жылдамдықты табыңдар. Осы орташа жылдамдықтың υ1 мен υ2 мәндерінің арифметикалық орта мәнінен аз екенін дәлелдеңдр.
5. Бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру
А нұсқасы
39. Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді.
40. Аялдамадан қозғала бастаған поездің бірінші вагоны поезд жүргенге дейін сол вагонның бас жағында тұрған бақылаушының жағынан 3 с ішінде өте шықты. 9 вагоннан құралған поезд сол бақылаушының жанынан қанша уақытта өте шығады? Вагондардың аралықтарын ескермеңдер.
41. Үдеуі 0,96 м/с2 автомобильдің 8,7с уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын және жүрген жолы S-ті анықтаңдар. Бұл дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.
42. К.Э. Циолковский «Жерден тысқары» деген кітабында ракетаның ұшуын қарастырып, 10 секундтан кейін ракета бақылаушыдан 5 км қашықтықта болады деп жазған. Ракета қандай үдеумен қозғалады және қандай жылдамдыққа ие болады?
43. Калашников автоматы ұңғысында оқ 616 км/с2 үдеумен қозғалады. Егер ұңғының ұзындығы 41,5 см болса, одан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы қандай?
44. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль , авариялық тежеу кезінде, 5 с ішінде тоқтады. Тежелу жолын анықтаңдар.
45. Таудан сырғанап келе жатқан шаңғышы t уақыт ішінде S жол жүріп қозғалысын аяқтайды. А үдеумен бастапқы υ0 жылдамдықты анықтаңдар.
46. Троллейбус 10 с уақыт ішінде 120 м жол жүрді. Бастапқы жылдамдығы 10м/с –қа тең болса, жүрген жолдың аяғында ол қандай жылдамдыққа ие болды және қандай үдеумен қозғалды?
Б нұсқасы
47. Аялдамадан бір мезгілде трамбай мен троллейбус жүріп кетті. Троллейбустың үдеуі трамбайдың үдеуінен екі есе артық. Трамбай мен троллейбустың бірдей уақыт ішінде жүрген жолдарын, сондай-ақ олардың алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.
48. Кішкене шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы бір секунд ішінде 10 см жол жүрді. Ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
49. Оқтың мылтық ұңғысының орта тұсындағы жылдамдығы одан ұшып шығар кезіндегі жылдамдығынан неше есе кем болады?
50. υ1=15 км/сағ жылдамдықпен жүрген автомобильдің тежелу жолы S1=1.5 м. Жылдамдығы υ2=90 км/сағ болғанда автомобильдің тежелу жолы S2 қандай болады?Екі жағдайда да үдеуі бірдей.
51. Мотоциклші мен велосипедші бір мезгілде тыныштық қалыптан қозғала бастайды. Мотоциклшінің үдеуі велосипедшінің үдеуінен 3 есе артық. Мотоциклші: а)бірдей уақыт ішінде; б)бірдей жол жүргенде жылдамдығын велосипедшіден неше есе арттырады?
52. Материялық нүктенің жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υ1=6t теңдеуімен берілген. Қозғалыстағы нүкте бастапқы мезетте (t=0) координаттар барысында (х=0) болса, x=x(t) тәуелділігін жазыңдар.Материялық нүктенің 10 с ішінде жүрген жолын есептеп шығарыңдар.
53. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мынадай: x=-0.2t2. Бұл қандай қозғалыс? Нүктенің 5 с өткендегі координатын және оның осы уақыт ішінде жүрген жолын табыңдар.
54. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басталған жеріндегі және бітісіндегі жылдамдығы қандай?
55. ТУ-154 ұшағының жерден көтерілу үшін екпін алу жолы 1215 м-ге тең, ал көтерілу мезетіндегі жылдамдығы 270 км/сағ. Ұшақтың қону кезіндегі жолының ұзындығы 710 м, ал қону мезетіндегі жылдамдығы 230 км/сағ. Үдеулерін (модулі бойынша) және екпін алу мен қону уақыттарын салыстырыңдар.
56. Еңіске қарай жүріп бара жатқан поезд 20с ішінде 20м жол жүрді де, жылдамдығын 19 м/с –қа дейін арттырды. Поезд қандай үдеумен қозғалған және еңіс басталған жылдамдығы қандай еді
57. Материялық нүктелердің қозғалыстары мынандай теңдеулермен берілген : а)x1 =10t+0.4t2, б)x2=2t-t2, в)x3=-4t+2t2 г) x4=-t-6t2 .Әр жағдай үшін υx = υx(t) тәуелділігін жазыңдар, осы тәуелділіктердің графиктерін салыңдар: әр жағдайдағы қозғалыстың түрін анықтаңдар.
58. 16-суреттегі жылдамдықтарының графиктері берілген қозғалыстар үшін х=x(t) теңдеуін жазыңдар. Бастапқы мезетте (t=0) дене координаттар басынды (х=0) дене координаттар басында (х=0) деп есептеңдер.
59. Ұзындығы 20 м-ге тең таудан шанамен сырғанап түскен бала горизонтал бағытта 40 м жол жүріп барып тоқтады. Қозғалысқа кеткен барлық уақыт 15 с болса, мыналарды анықтау керек:1)t1 түсу уақытын; 2) t2 тежелу уақытын; 3) таудан түскендегі υ жылдамдықты; 4)түсіп келе жатқандағы а1 үдеуді; 5)а2 тежелу үдеуін.
60. Екі автомобильдің тас жолмен қозғалысы х1=2t+0.2t2 және х2=80-4t теңдеулерімен берілген. Қозғалыстың сипатын суреттеңдер; 5 секундтан кейінгі екеуінің ара қашықтығын; екінші автомобиль санақ басында болған мезеттегі бірінші автомобильдің координатын анықтаңдар.
61. Арақашықтығы 6,9 м екі нүктеден бір мезгілде бір бағытпен екі дене қозғала бастады. Біріншісі 0,2м/с2 үдеумен тыныштық күйден бір қалырты үдемелі қозғалады. Екіншісі біріншінің соңынан 2м/с бастапқы жылдамдықпен және 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. t=0 болған кездегі координаталары х1=6,9м, х2=0 мәндер қабылдайтын санақ жүйесіндегі уақытқа x=x(t) тәуелділігінің теңдеулерін жазыңдар. Денелердің кездесетін орнын және уақытын табыңдар.
62. Екі мотоциклшінің қозғалысы х1=15+0.2t2 және х2=4t теңдеулері арқылы берілген. Әр мотоциклшінің қозғалысының түрін анықтаңдар. Кездесу орны мен уақытын табыңдар.
6. Дененің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысы
А нұсқасы
63. Айдың жерді айналғандағы айналу жиілігін табыңдар. (Рымкевичтегі 14-кестені қараңдар).
64. Жел двигателі дөңгелегінің айналу жиілігі 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі 1500 айн/мин, сепаратор барабанының айналу жиілігі 8400 айн/мин, тегістеу станогінікі 96000 айн/мин. Олардың периодын есептеңдер.
65. Ұшақтың ауа винтінің айналу жиілігі 1500 айн/мин ,180 км/сағ жылдамдықпен ұшқанда 90 км жол бойында винт қанша айналым жасайды?
66. Трактордың алдыңғы доңғалақтарының диаметрі кейінгілерімен салыстырғанда 2 есе км. Трактор қозғалғандағы доңғалақтарының айналу жиіліктерін салыстырыңдар.
67. Радиусы 800 м бұрылыс жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездің центрге тарту үдеуі қандай?
68. Центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін, автомобиль радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі тиіс?
Б нұсқасы
69. «Союз -4» пен «Союз-5» ғарыш кемелерін 1969 жылдың 16-ақпанындағы түйістіру нәтижесінде пайда болған дүние жүзіндегі бірнші орбиталық ғарыш сттанциясының айналу периоды 88,85 мин және Жер бетінен орташа биіктігі 230 км еді (орбитаны дөңгелек деп есептейіз). Станция қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.
70. Жердің жасанды серігінің дөңгелек орбитасы радиусын 4 есе арттырғанда, оның айналу периоды 8 есе артады. Жасанды серіктің орбита бойымен қозғалыс жылдамдығы неше есе өзгереді?
71. Сағаттың минуттық тілі секундтық тілінен 3 есе ұзын. Сағат тілдері ұштарының жылдамдықтарының қатынасын табыңдар.
72. Күннің өз осінен айналғандағы экваторы нүктелерінің жылдамдығы 2 км/с. Күннің айналу осінен айналу периодын және экватор нүктелерінің центге тартқыш үдеуін табыңдар.
73. Краснояр ГЭС-і турбинасы жұмыстық дөңгелегінің диаметрі 7,5 м және ол 93,8 айн/мин жиілікпен айналады.Турбина қалақшаларының ұштарының центрге тартқыш үдеуі қандай?
74. Жылдамдығы 72 км/сағ ,ал доңғалақтарының айналу жиілігі 8 с-1 автомобильдің жерге тиіп тұрған доңғалақ нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
С нұсқасы
75. Магнитафонның магнит таспасының қозғалыс жылдамдығы 9,5 см/с. Егер катушканың ең кіші радиусы 2,5 см, ал ең үлкен радиусы 7 см болса, оң жақтағы қабылдағыш катушканың тыңдаудың басындағы және аяғындағы жиілігі мен периодын анықтаңдар.
76. Ұшақтың ұшып шыққан мекенімен салыстырғанда оның кліп қонатын мекеніне ертерек келу үшін (жергілікті уақыт бойынша), үшақ алпысыншы параллель бойынша қандай жылдамдықпен және қай бағытта ұшып шығу керек?Қазіргі жолаушы таситын ұшақтар үшін бұл мүмкін бе?
77. Дөңгелек араның диаметрі 600 м-ге тең. Электр двигателі білігіне өткізілген, диаметрі 300мм шкив ара осіне кигізілген. Егер двигатель білігі 1200 айн/мин жасайтын болса, ара тістерінің жылдамдығы қандай болмақ?
78. «Нива» комбайнының барабанының диаметрі 600 мм. Барабанның айналу периоды 0,046 с-қа тең. Барабан шеңберінде жатқан нүктелердің жылдамдығын және олардың центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
79. Бу турбинасына қарағанда радиусы 8 есе артық, ал айналу жиілігі 40 есе кем. Турбина қалақтарының сызықтық жылдамдықтары мен үдеулерін салыстырңдар.
2 тарау. Динамика негіздері
7. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері.
Дененің массасы.Күш. Тең әсерлі күш.
А нұсқасы
80. Мына жағдайларда қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер. a) сүңгуір қайық судың қалың қабатында тыныштық қалыпта тұрғанда; б) сүңгуір қайық су түбінде қатты жерде тұрғанда.
81.Парашетші бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіңдіріңдер.
82. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірулі тұрғанда бірқалыпты қозғалыс жасай ала ма?Рым 115.
83. Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады, егер лифт: а) еркін түссе; б) жоғары қарай бір қалыпты қозғалса; в) жоғары қарай үдемелі қозғалса; г) жоғары қарай баяу қозғалса; д) төмен қарай бір қалыпты қозғалса.
84. Санақ жүйесі автомобильмен байланысқан. Егер автомобиль: а) бір қалыпты және түзу горизонталь тас жолмен қозғалса; б) горизонталь тас жолмен үдемелі қозғалса; в) тік бұрыш жасай орналасқан көшеге бұрыла отырып, бір қалыпты қозғалса; г) тауға қарай бір қалыпты шықса; д) таудан төмен бір қалыпты қозғалса; е) таудан төмен инерциялық қозғалса;
85. Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктеріне әсер етуші күштердің қатысы қандай болған кезде көпіршіктердің қозғалысы бір қалыпты болады?
86. Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысқан соң тоқтады. Егер бір дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы қандай еді?
Б нұсқасы
87. Массасы 100 т маневрлік тепловоз тыныштық күйде тұрған вагонды итеріп жіберді. Өзара әсерлескен кезде вагонның үдеуі модулі бойынша тепловоздың үдеуінен 5 есе артық болды. Вагонның массасы қандай?Рым,121.
88. Екі болат шардың біреуінің радиусы екіншісінің радисынан 2 есе үлкен болса, бұл шарлардың соқтығысқан кездегі үдеулерін салыстырыңдар. Есептің жауабы шарлардың бастапқы жылдамдықтарына тәуелді бола ма? Рым,122.
89. Егер радиустары бірдей екі шардың біреуі болаттан, ал екіншісі қорғасыннан жасалса, олардың өзара әсерлескен кездегі үдеулерінің модульдерінің қатынасын салыстырыңдар.
90. Массасы 60 т вагон қозғалмаай тұрған платформаға 0,3 м/с жылдамдықпен жақындап келіп, оған буферлерімен созылады, сонда платформа 0,4 м/с жылдамдық алады. Егер соқтығысқан соң вагонның жылдамдығы 0,2 м/с-қа дейін азайған болса, платформаның массасы қандай еді?
91. Адам лифтіде тұр. Оған мына жағдайларда әсер ететін күштерді көрсетіңдер және салыстырыңдар. А) лифт қозғалмай тұрғандағы; б) лифт жоғары қозғала бастағандағы; в) лифт бір қалыпты қозғалғандағы; г) лифт қозғалысын тоқтағанша баяулатқан кездегі;
92. Мына жағдайларда автомобильге әсер ететін күштерді көрсетіңдер және салыстырыңдар: а) автомобиль жолдың горизонталь бөлігінде қозғалмай тұрғандағы; б) автомобиль тұрған орнынан қозғалғандағы; в) автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бір қалыпты және түзу сызықты қозғалғандағы; г) бір қалыпты қозғала отырып, дөңес көпірдің ортасынан өткендегі; д) бір қалыпт қозғала отырып, автомобиль бұрылғандағы.
С нұсқасы
93. Бір нүктеге түсірілген 10 және 14 Н екі күштің тең әсерлі күші 2,4,10,24,30 н-ға тең болуы мүмкін бе?
94. Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің тең әсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе?
95. Бірінші және екінші күштердің , екінші және үшінші күштердің арасындағы бұрыш 600-қа тең болғандағы, әрқайсысы 200 Н үш күштің тең ісерлі күшін табыңдар.
96. Массасы 90 кг прашютшіге секірудің бастапқы кезінде ауаның кедергі күші әсер етеді, оның Х және У коордигата остеріне проекциялары 300 және 500 Н-ға тең (У осі жоғары бағытталған). Барлық күштің тең әсерлі күшін табыңдар. Рым,136.
97. Реактивті ұшаққа вертикаль бағытта 550 кН ауырлық күші және 555кН көтеру күші, ал горизонталь бағытта 162 кН ауаның кедергі күші әсер етеді. Тең әсерлі күшті (модулі және бағыты бойынша ) табыңдар.
8. Ньютонның екінші заңы.
Ньютонның үшінші заңы.
А нұсқасы
98. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу бере алады?
99. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алды. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер ескенде ол қандац үдеу алады?
100. Қандай күштің әсерінен массасы 200 кг дене 0,4 м/с2 үдеу алады?
101. 2 Н күштің әсерінен массасы 8 кг-ға тең дене қандай үдеу алып қозғалады?
102. Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигательдің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеу алып қозғалады?
Б нұсқасы
103. Ілмегіндегі тарту күші 15кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
104. Массасы 4 т жүк таситын бос автомобиль қозғалысын 0,3м/с2 үдеумен бастады. Егер автомобильдің тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғалатын болса, онда оған тиелген жүктің массасы қандай болғаны?
105. Жеңіл автомобиль массасы 2т, ал жүк автомобильдікі -8т. Жүк автомобилінің тарту күші Жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.
106. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.
107. Келе жатқан автомобильдің маңдай әйнегіне маса келіп соғылды. Мааға әсер ететін күшті және автомобильге әсер ететін күштерді салыстырңдар.
С нұсқасы
108. БМ-13 соғыс реактивті қондырғысының (Катюшаның) бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5м, әрбір снаоядының массасы 42,5 кг және реактивті күші 19,6 кН болған. Бағыттаушы балкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.
109. Трактор бос тіркемеге а1=0.4 м/с2 үдеу, ал жүгі барына а2=0.1 м/с2 үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күшін барлық жағдайда бірдей деп есептеңдер.
110. Тыныштық күйде тұрған арбаша белгілі бір күштің әсерінен қозғалып, 40 см жол жүрді. Арбашаға 200г жүк салынған кейін, сол күштің әсерінен және дәл сондай уақыт ішінде ол тыныштық күйден шығып, 20 см жол жүрді. Арбашаның массасы қандай?
111. 13-суретте массасы 2 кг дене жылдамдығы проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі берілген. Қозғалыстың әрбір кезеңіне сәйкес денеге әсер ететін Ғх күш проекциясын табыңдар.
112. 26-суретте таразының бір табағында су құйылған ыдыс, екіншісінде штатив тұр. Штативке массасы 54 г алюминий дене ілінген: осы жағдайда таразы тепе-теңдік қалыпта тұр. Егер жібін ұзартып , жүкті суға батырып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Қайта теңгеру үшін, таразының оң табағына қанша жүк салу крек?
Достарыңызбен бөлісу: |