1 тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа



бет4/8
Дата16.10.2019
өлшемі128,29 Kb.
#49983
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


С деңгейі

74. Массасы 300 г қалайыны балқытты. Егер олардың бастапқы температурасы 32º С болса, қалайыны қыздырып және балқыту үшін қанша жылу мөлшері кетті?

75. -5ºС температурада алынған массасы 100 г мұзды балқытып және алынған суды 20ºС температураға дейін көтеру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

76. Сыйымдылығы 1,2 л кофейникті температурасы 15ºС сумен толтырып, плитаның үстіне қояды. Плитадан алғаннан кейін булану нәтижесінде кофейниктегі судың көлемі 50 см3 азайса, суды қыздыруға және қайнатуға қанша жылу мөлшері жұмсалған?

77.Бастапқы температурасы 10ºС , көлемі 0,5 л су чайникте қайнап буланған. Қандай жылу мөлшері жұмсалған?

78. 0ºС температурадағы мұзды еріту үшін, массасы тура осындай мұздың температурасын 1ºС-қа өзгертуге қарағанда қанша есе артық энергия қажет болады?

79. температурадағы массасы су буы конденсацияланғанда және пайда болған су 20 С-қа дейін суынғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

80. Температурасы 14 С судан көлемі 5 л дистильденген су алу үшін қанша жылу мөлшері керек болар еді?

81. температурасы 0 С массасы 100 г мұзы бар калориметрге, 100 С температурадағы бу жіберілді.Егер мұздың бәрі еритін болса, калориметрде қанша су болады.

82. 0 С температурада алынған қорғасынды 1 кг нефт жағып, соның жылуы арқылы балқытты.Егер қыздырғыштың ПӘК-і 80% болса, онда қанша қорғасынды балқытуға болады?

83. -10 С температурада алынған, массасы 200 кг қардан 20 С температурадағы су алу үшін, ПӘК-і 40% қазанға қанша ағаш жағу керек болады?
Жылу машиналарының ПӘК-і.

А деңгейі

84. 18,9 МДж жұмысты орындау үшін 2 кг дизель отынын жағатын трактордың ПӘК-ін анықтаңдар.

85. Машинаның қозғалтқышында 0,23 ГДж пайдалы жұмыс өндіру үшін 20 кг бензин жұмсалды.Осы қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.

86. Тракторға 1,89·107 Дж жұмысты орындау үшін, меншікті жану жылуы 4,2·106 Дж/кг болатын 1,5 кг жанармай керек болды.Трактор қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.


В деңгейі

87. Ең бірінші шынжыр табанды тракторды 1888 жылы конструктор А.Ф.Блинов жасады.Оның екі бу қозғалтқышы болды.Ол бір сағатта меншікті жану жылуы 30·106 Дж/кг болатын отынның 5 кг-ын жұмсады.Егер қозғалтқышының қуаты 1,5 кВт болатын болса, оның ПӘК-ін есептеңдер.

88. Бу трубиналарының жұмысын жетілдіру үшін біреуінде отын жанғанда бөлінетін энергияның 1/5 бөлігін, екіншісінде энергияның 1/4 бөлігін пайдаланады.Қайсы трубинаның ПӘК-і көп болады?

89. Іштен жану қозғалтқышының пайдалы жұмысы 2,3·104 кДж болды.Осы кезде 2 кг бензин жұмсады.Бұл қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар.


С деңгейі

90. ПӘК-і 25% автомобиль 3 сағат жол жүргенде 24 кг бензин жұмсады.Осы жүрісте автомобиль қандай орташа қуат өндірілді?

91. Қуаты 36 кВт іштен жану қозғалтқышы 1 сағат уақытта 14 кг бензин жұмсайды.Қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар.

92. Қозғалтқышының ПӘК-і 25% автокөлік 3 сағат жүргенде 35 л бензин пайдаланды.Осы кездегі автокөлік қозғалтқышының орташа қуатын табыңдар.

93. Қуаты 36 кВт іштен жанатын қозғалтқыш 1 сағат ішінде 20 л бензин жақты.Қозғалтқыш ПӘК-ін табыңдар.
Термодинамикалық жұмыс.

А деңгейі.

94. Тұрақты 2 МПа қысымдағы газ 2 л-ден 12 л-ге дейін ұлғая отырып, қанша жұмыс жасайды?

95. Тұрақты 300 Па қысымда көлемі 1 л-ден 3 л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын табыңдар.

96. Тұрақты 304 кПа қысымда көлемі 3 л-ден 10 л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын табыңдар.

97. Газ изобаралық ұлғайғанда 600 Дж жұмыс жасалды.Егер газдың қысымы 4·105 Па болса, онда газдың көлемі қаншаға өзгерген?
В деңгейі

98. Газдың көлемі 0,3 м3 –тен 600 л-ге дейін ұлғайғанда, 400 Дж жұмыс жасалған.Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?

99. Газ ұлғайғанда 400 Дж жұмыс жасалған.Процесс барысында тұрақты қысым 4·105 Па –ға тең және өзгермеген болса, газдың көлемі қанша шамаға өзгерген?

100. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа –ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған.Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

101. Белгілі бір көлемдегі газ 1,2·105 Па қысымның әсерінен изобаралы ұлғайып, 1,8 кДж жұмыс жасады. Егер газ ұлғайғаннан кейінгі көлемі 45 л болса, оның бастапқы көлемі қандай еді?

Термодинамиканың бірінші заңы.

А деңгейі

102. Газға қандай жылу мөлшерін бергенде оның ішкі энергиясы 45 кДж-ға артып және сонымен бірге ол 65 кДж жұмыс жасайды?

103. Газға 20 кДж жылу мөлшерін бергенде, ол 30 кДж жұмыс жасады да, сонымен бірге оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?

104. Газ 135 кДж жылу мөлшерін алып, 100 кДж жұмыс жасады.Сонда оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді.

105. Газбен 75 кДж жұмыс жасалды.Осы кезде оның ішкі энергиясы 25 кДж-ға артты.Газ қандай мөлшердегі жылу мөлшерін алды немесе берді?

Ауаның ылғалдылығы

В деңгейі

106. Егер 20 м3 көлемде 100 г су болатын болса, онда ауаның абсолюттік ылғалдылығы неге тең болады?

107. Теңіз жағасында ауаның температурасы 25ºС, осы кездегі салыстырмалы ылғалдылық

95%.Қандай температурада тұманның пайда болғанын байқауға болады?

108.Су буының қысымы 14ºС-де 1 кПа-ға тең.Бұл қаныққан бу бола ма?

109. 25ºС –дегі қанықтыратын су буының тығыздығы 23 г/м3-ке тең. Бұл қаныққан бу ма? Әлде қанықпаған бу ма?

110. Сыйымдылығы 5л жабық ыдыстың ішінде массасы 50 мг су буы бар . Бұл қандай температурада қаныққан болады.

111. Егер ауаның температурасы 18º С, ал оның шық нүктесі 10º С болса, онда оның салыстырмалы ылғалдылығы қандай болады?

112. 0º С –де эфирдің қаныққан буының қысымы 24,7 кПа-ға тең, ал 40 С –де 123 кПа-ға тең. Осы температурадағы бу тығыздығының мәндерін салыстырыңдар.
С деңгейі

113. Ауаның 1 м3 көлемінде қалыпты жағдайда 2,41 г су болады. Бұл мөлшер, осы 1 м3 көлемдегі су буының қаныққан жағдайымен салыстырғанда оның қандай бөлігін және қанша процентін ұстайды.

114. Кеште ауаның температурасы 2ºС кезіндегі салыстырмалы ылғалдық 60%.Егер ауаның температурасы түнде-3ºС-ке дейін, -4ºС-ке дейін, -5ºС-ке дейін төмендесе онда қырау түсе ме?

115. Цилиндр ыдыста ауданы 10 смпоршень астында температурасы 20ºС су бар.Поршень су бетіне тиіп тұр. Поршень 15 см орын ауыстырғанда судың қандай массасы буға айналады.

116. Сыйымдылығы 2 л жабық ыдыста температурасы 20ºС қаныққан су буы бар.Температура 5ºС-қа дейін төмендесе ыдыста қанша су бөлініп шығады?

117. 16ºС температурада 4 м3 ауада 40 г су буы бар.Салыстырмалы ылғалдықты табыңдар.

118. Бөлменің температурасы 11ºС, салыстырмалы ылғалдық 60% болса, көлемі 100 м3 бөлмеде қанша ылғал болғаны?
ІІ-тарау. Электр құбылыстары.Электр тогы.Электр зарядтары.Кулон заңы.

І нұсқа. А деңгейі

119. Электроскоптың өзекшесіне қуыс металл шар орнатылған. Бұл шарға шұғамен оралған эбонит таяқшасы бекітілген.Таяқшаны (өзекшені) суырып алғанда шар ішінде шұға қалып қойған. Неліктен осыдан кейін электроскоптың тілшелері ажыраған?

120. Оттегі атомының ядросын 8 электрон айналады. Оттегі атомының ядросында неше протон бар?

121. Электроскопты разрядтайтын металл өткізгіште пайда болатын ток пен гальвани элементтерінің полюстерін қосатын өткізгіште аққан токтың айырмашылығы неде?

122. Фарды жарықтандыру үшін велосипедке қондырылған ток көзінен электр шамына тек бір ғана өткізгіш сым жүргізілген.Екінші өткізгіш сым қайда?

123. Өлшемдері бірдей өткізгіш екі шардың зарядтары 5 мкКл және -3 мкКл. Шарларды түйістіріп, одан соң оларды үлкен қашықтыққа ажыратқаннан кейінгі зарядтары қандай болады?

124.Екі бірдей нүктелік заряд вакуумде 0,1 Н күшпен әрекеттеседі.Арақашықтары 6 м болса, зарядтардың шамалары қандай?

І нұсқа. Вдеңгейі

125. Жіңішке жібек жіпке бірі зарядталмаған, екіншісі зарядталған бірдей екі шар ілінген.Шарлардың қайсысы зарядталғанын құралсыз қалай анықтауға болады?

126. Атмосферасы жоқ ауасыз кеңістікте, мысалы Айда, жақын орналасқан зарядтар өзара бір-біріне әсер ете ала ма?

127. Сутегі атомы мен сутегінің оң ионының қайсысының массасы үлкен?


128. Электрофор машинасының разрядтағыш шарларының арасында пайда болытын ұшқын электр тогы болып табыла ма?

128А. 2·10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді?

129. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын екі есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше?
І нұсқа.С деңгейі

130. Бір-бірінен 40 см қашықтықта бірдей екі шар орналасқан.Олардың біреуіндегі заряд 9·10-9 Кл, ал екіншісіндегі -2·10-9 Кл.Шарларды бір-біріне тиістіріп қайтадан сол қашықтықта орналастырады. Тиістіргенге дейінгі және тиістіргеннен кейінгі олардың әсер күшін табу керек?

131. Судың бірдей екі тамшысының біреуінде артық электрон бар. Тамшылардың өзара тебілу күші олардың бір-біріне тебілу күшіне тең. Тамшылардың радиустары қандай?

132. Вакуумда өзара 30 см қашықтықтағыдай күшпен әрекеттесетін екі бірдей электр зарядының диэлектрлік өтімділігі ε болатын май ішіндегі арақашықтығын табыңдар.

133. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше?

134. Зарядтары бірдей 4·10-8 Кл екі заряд, қалыңдығы 1 см слюда қабатымен бөлінген.Олар бірімен-бірі 1,8·10-2 Н күшпен әсерлеседі.Слюданың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

135. Ауада жібек жіпке ілінген масссы 2 г қозғалмайтын шариктің заряды 3·10-8 Кл. Оның астына 10 см қашықтықта екінші бір аттас заряд 2,4·10-7 Кл қойылған. Жібек жіп қандай күшпен керіледі?
Электр зарядтары.Кулон заңы.

ІІ нұсқа. А деңгейі.

136. Электроскоп өзекшесіне, үстіне сауыттан жіңішке шүмек арқылы құм төгіліп тұратындай етіп, қуыс металл шар орнатылған.Бұл жағдайда неліктен электроскоптың жапырақшалары бір-бірінен ажырайды?

137. Егер электр машинасының разрядтағыш шарларын изоляторға бекітілген жалпақ металл тіліктеріне қоссақ, машина жұмыс істеп тұрғанда астыңғы тілікке себілген бидай жармасы қозғалысқа келе ме? Металл тіліктердің арасында электр тогы бар деп айта аламыз ба?

138. Зарядтары q және q/2 бірдей екі шар түйістіріліп, одан кейін ажыратылған. Шарлардың әрқайсысының зарядтары қандай болады?

139. Шамалары бірдей 10·10-9 Кл екі заряд қандай қашықтықта 9·10-3 Н күшпен әсерлеседі?

140. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?



ІІ нұсқа. В деңгейі

141. Зарядталған электроскоптың шарына саусағымызды жақындатсақ (шарға тигізбей-ақ), оның жапырақшалары неліктен бі р-біріне тартылады?

142. Теріс зарядталған май тамшысы А пластинаға қарай баяу қозғалып келеді. а) Тамшының қозғалысын тоқтату үшін не істеу керек? ә) Тамшыны жоғары қарай қозғалуға мәжбүр ету үшін не істеу керек?

143. Сутегі немесе басқа зарядтардың атомы электрон зарядының 0,5-ке тең зарядын жоғалта ала ма? Электрон заряды қаншаға тең?

144. Жер мен бұлттың арасында пайда болған найзағай электр тогына жата ма? Бұлттар арасындағы найзағай ше?

145. Екі бірдей нүктелік зарядтар вакуумда 0,1 Н күшпен әсерлеседі.Зарядтардың арақашықтығы 6 м. Осы зарядтардың шамасын табыңдар.

146. Керосинде тұрған 1,3·10-9 Кл заряд, өзінен 0,005 м қашықтықта тұрған екінші зарядпен 2·10-4 Н күшпен әсерлеседі.Сондағы екінші зарядтың шамасын табыңдар.Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2.
ІІ нұсқа. В деңгейі

147. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек?

148. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі.Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар.

149. Ауада тұрған екі заряд 0,05 м қашықтықта бір-біріне 1,2·10-4 Н күшпен әсерлеседі, сол екі заряд қайсыбір ток өткізбейтін сұйықтың ішінде 0,12 м қашықтықта тұрып 1,5·10-5 Н күшпен әсерлеседі.Сол сұйықтың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

150. Екі бірдей нүктелік заряд вакуумда тұрып, 0,1 м қашықтықта қандай күшпен әсерлессе, скипидарда 0,07 м қашықтықта сондай күшпен әсерлеседі.Скипидардың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

151. Екі нүктелік заряд q1 және q2 бір-бірінен r арақашықта тұр.Егер олардың арақашықтығы

∆r=50 см –ге азаятын болса, онда өзара әсер күші екі есе көбейеді. R қашықтықты табыңдар.

152. Заряды 1,8·10-8 Кл өткізгіш шарик, сондай екі шарикпен жанасты.О шариктердің біреуінің

заряды -0,3·10-8 Кл, ал екіншісі зарядталмаған.Шариктер арасында зарядтар қалай бөлінеді? Олардың біреуінен 5 см қашықтықтағы екіншісінің вакуумдағы өзара әсер кү ші неге тең болады?
Электр зарядтары. Кулон заңы.

ІІІ нұсқа. А деңгейі

153. Электроскопқа орнатылған қуыс металл шарға су тамып тұр. А өткізгіші арқылы бюреткадағы су қандай таңбалы зарядпен зарядталғанын қалай анықтауға болады? (Тәжірибеге дейін электроскоп зарядталмаған).

154. Жіпке ілінген гильза алдымен зарядталмаған металл таяқшамен жанасқан.Таяқшаға зарядталған шарды жақындатқанда гильза өзінің бастапқы қалпынан ауытқыған. Неліктен?

155. Қолда бары: зарядталған электроскоп пен металл таяқша.Таяқшада электр тогы болу үшін не істеу керек?

156. Зарядтары q және 4q аттас зарядталған бірдей екі шар бір-біріне тиістіріліп қойылып, одан соң олар қайта ажыратылып қойылған.Олардың әрқайсысының заряды қала өзгереді?

157. Бірдей екі металл шар зарядтары q1=-6·10-8 Кл және q2=15·10-8 Кл, бір-бірінен 10 см қашықтықта тұр.Шарлар арсындағы өзара әрекеттесу күші қандай?


ІІІ нұсқа. В деңгейі

158. Оң зарядталған электроскоп шарына, заряды сондай және қарама-қарсы таңбалы металл өзекше жақындатса (шарға тигізбей) жапырақшалардың өзгерісі қандай болады?

159. Егер электр машинасының зарядталған шарларының біріне жіпке ілінген мақтаны жақындатса, онда мақта екі шардың арасында тербеле бастайды.Неліктен тербелетінін түсіндіріңдер. (Мақта жіпке ілінбесе де тербеледі)

160. Литий атомының құрамында 3 протон бар екені белгілі.Литий атомында жалпы қанша бөлшек бар? Оларды атаңдар.

161. Сутегінің оң және теріс иондары қосылыс кезінде сутегі атомын түзеді.Осы иондардың өзара әсерлесуі кезінде ток пайда бола ма?

162. Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әсерлеседі.Әр зарядтың шамасы қандай?

163. Зарядтары 3,3·10-8 Кл екі заряд, слюда қабатымен бөлінген.Олар 5·10-2 Н күшпен әсерлеседі. Слюда қабатының қалыңдығын табыңдар. Слюданың диэлектрик өтімділігі 8.

ІІІ нұсқа. С деңгейі

164. 1·10-8 Кл және 2·10-8 Кл нүктелік зарядтар вакуумда бір-бірінен 1 м қашықтықта бекітілген.Зарядтарды қосатын түзудің бойында, олардың әрқайсысынан бірдей қашықтықта-3·10-9 Кл заряды бар кішкене дене орналастырылған.Сол денеге әсер ететін күштің модулі мен бағыты қандай болады?

165. q және 4q зарядпен аттас зарядталған бірдей екі металл шар бір-бірінен r қашықтыққа тұр.Шарлар бір-біріне тиістіріліп қойылды.Өзара әсер күші бұрынғыдай болып қала беруі үшін, оларды қандай х қашықтыққа ажыратып қою керек?

166. Зарядтары бірдей 5·106 Кл екі нүктелік зарядты керосинде тұрғандағы әсер күші 0,5 Н болу үшін ол зарядтарды бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2-ге.

167. Бірдей теріс заряды бар екі дене ауада бірін-бірі 0,9 Н күшпен тебеді.Егер олардың арақашықтығы 8 см болса, әрбір денедегі артық электрондардың санын табыңдар.

168. Зарядталған шариктер 2 м арақашықтықта тұрып, 1 Н күшпен бір-біріне тебіледі. Шариктердегі жалпы заряд 5·10-5 Кл.Бұл заряд шариктер арасында қалай бөлінген?

169. Зарядтары 90 нКл және 10 нКл екі заряд бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан.Егер өзара әсер күштері тең және күш бағыттары қарама-қарсы болу үшін үшінші зарядты қай жерге орналастыру керек?
Электр өрісінің кернеулігі

І нұсқа. А деңгейі

170. Өрістің бір нүктесінде тұрған 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді.Осы нүктедегі өріс кернеулігін табыңдар.

171. Электр өрісінде тұрған 5 нКл зарядтың өріс кернеулігі 2 кН/Кл. Электр өрісі зарядқа қандай күшпен әсер етеді?

172. Электр өрісінің бір нүктесінде тұрған 1,5 нКл зарядқа 3 мкН күш әсер етеді.Өрістің осы нүктесіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

173. Кернеулігі 2·102 Н/Кл электр өрісіне 10-7 Кл әкелді.Осы зарядқа қандай күш әсер етеді?
І нұсқа. В деңгейі

174. Өрістің бір нүктесінде тұрған 10-7 Кл зарядқа 4·10-3 Н күш әсер етеді.Осы нүктедегі электр өрісі кернеулігін табыңдар және егер осы нүкте өрістен 0,3 м қашықтықта болса, сол өрісті тудырып тұрған зарядты анықтаңдар.

175. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілген.Осы шардың бетіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

176. Керосиннің ішінде 10-10 Кл нүктелік заряд тудырған өрістен белгілі бір қашықтықта тұрған нүктенің электр өрісінің кернулігі 5 Н/Кл.Өрістің осы нүктесімен зарядтың арақашықтығын табыңдар.Өрістің осы нүктесіне қойылған 3·10-6 Кл зарядқа, өріс таапынан әсер ететін күшті табыңдар.

177. Біртекті электр өрісінде электрон 3,2·1013 м/с2 үдеумен қозғалады.Егер электронның массасы 9,1·10-31 кг болса, өріс кернеулігін табыңдар.
І нұсқа. С деңгейі

178. Керосин ішінде орналасқан екі зарядтың 6·10-7 Кл және -2·10-7 Кл олардың арақашықтығы 0,4 м.Зарядтың центрлерін қосатын түзудің ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.

179. 6·10-9 Кл және 2·10-8 Кл екі зарядтың өрісінде, осы зарядтарды қосатын түзудің бойында, бірінші зарядтан 0,03 м қашықтықта орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.Зарядтардың арақашықтығы 0,05 м, олар орналасқан ортаның диэлектрик өтімділігі 2.

180. Екі заряд берілген, олардың екіншісі біріншісінен модулі бойынша 4 есе артық, олар бірінен-бірі а қашықтықта орналасқан.Егер зарядтар аттас заряд болса, кеңістіктің қандай нүктесінде зарядтарды қосатын түзудің бойында өріс кернеулігі нөлге тең болады?

181. Екі аттас 0,27 мкКл және 0,17 мкКл зарядтар бірінен-бірі 20 см қашықтықта тұр.Зарядтар арасындағы түзудің қай нүктесінде өріс кернеулігі нөлге тең болады?
Электр өрісінің кернеулігі

ІІнұсқа А деңгейі

182. Электр өрісінің қайсыбір нүктесін негізделген 0,33*10-7Кл зарядқа 1*10-5 Н күш әсер етеді.Өрістің осы нүктедегі кернеулігін табыңдар.

183. Электр өрісінің кернеулігі 2*103Н/Кл –ге теңнүктеде орналасқан 12нКл зарядқа қандай күш әсер етеді.

184. Өрістің қандай да бір нүктесінде 2нКл зарядқа 0,4мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.

185. 3*10-8Кл заряд кернеулігі 6*104Н/Кл-ға тең өріс нүктесіне орналастырылған. Зарядқа әсер ететін күш қандай?

ІІІ-нұсқа В деңгейі

186. Өрістің 5*10-9 Кл зарядқа 3*10-4Н күш әсер ететіндей нүктесіндегі кернеулігін табыңдар. Егер қарастырып отырған нүкте зарядтан 100 мм қашықтықта болса, өрісті тудыратын зарядтың шамасы қандай болады. Орта-ауа.

187. Зарядтан 9 және 18см қашықтықтағы нүктелерде орналасқан 36 нКл заряд өрісінің кернеулігін табыңдар.

188. Жер бетіндегі өріс кернеулігі 130Н/Кл. Өрісті жердің заряды тудырады деп, срл зарядтың шамасын есептеп шығарыңдар.

189. Кернеулігі 1*104 Н/Кл өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады.
ІІІ- нұсқа. С деңгейі

190. Әрқайсысы 0,1 мКл зарядтар бір –бірімен 6 см қашықтықта орналастырылған. Зарядтардың әрқайсысынан 5 см қашықтықтағы нүктенің өріс кернеулігін табу крек?

а)екі оңзаряд үшін б)бір заряд оң, екіншісі теріс жағдайлар үшін шығару керек

191. Модулі жағынан біреуі екіншісінен 4 есе артық екі заряд бір-бірінен а қашақтақта орналастырылған. Егер зарядтар әр аттас болса, онда өрістің қай нүктесінде кернеулік нөлге тең болады.

192. Екі нүктелік зарядтар 3,35 және -6,6 нКл бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан. Оң зарядтан 3 см және теріс зарядтан 4 см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтау керек.

193.Кернеулігі 1,3*105 Н/Кл вертикаль төмен бағытталған біртекті электр өрісінде массасы 2*10-9 г сұйық тамшысы тепе-теңдік жағдайда тұрып қалды. Тамшының зарядын және ондағы басы артық электрондардың санын табыңдар.


Электр өрісінің жұмысы,

потенциал, потенциал айырымы

1- нұсқа. А деңгейі

194. 20нКл заряд потенциалы 700В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді. Потенциалы 100В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғанда ше?

195. 1*10-6Кл заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшірілген. Егер зарядты көшіргенде істелінген жұмыс 6*10-6 Дж-ға тең болса, бұл нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы қандай болады.

196. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарады.Заряд неге тең?

197. Біртекті өріс кернеулігінің бірсызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 2кВ-қа тең. Осы нүктелердің арақашықтығы 10см. Өрістің кернеулігі қандай?

198. Бір күш сызығының бойында бірінен –бірі 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымы 120В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, өріс кернеулігін табыңдар.



Электр өрісінің жұмысы , потенциал, потенциал айырмасы

ІІнұсқа. А деңгейі

199. 2нКл зарядтың электр өрісінің бір нүктесіндегі потенциалдық энергиясы 6мкДж. Осы нүктедегі потенциал неге тең болады?

200. Өрістің бір нүктесінде 200В потенциалға дейін зарядталған дененің потенциалдық энергиясы -0,5 мкДж . Оның заряды қандай?

201. 5 нКл зарядты өрістің потенциалы 300 В нүктесінен потенциалы 100В нүктесіне көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды?

202. Ауада ьұрған бір-бірінен изоляциаланған екі өткізгіштің электрлік потенциалдары 110В және -110В. 5*10-4Кл зарядты осы екі өткізгіштің біреуінен екіншісіне көшіргенде электр өрісі қандай жұмыс істейді.

203. Цинк атомының ядросының заряды 4,8*10-18Кл. 10 нм қашықтықта цинк атом ядросы жасаған электр өрісінің потенциалын табыңдар.

204. 2 нКл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесәіне көшіргенде электр өрісі 15 мкДж жұмыс жасайды. Бұл нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы қандай?
ІІ нұсқа. В деңгейі

205. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарының бағытымен -25нКл зарядты 2см –ге жылжытқан. Өрістің жұмысын, заряд пен өрістің өзара әсерінің потенциалдық энергиясының өзгерісін, орын ауыстырудың бастапқы және соңғы нүктьелерінің арасындағы кернеуді табыңдар.

206.Тыныш тұрған электронды үдету үшін 1000В потенциалдар айырмасын бергенде электрон қандай жылдамдық алады. Электронның массасы 9,1*10-31кг.

207. Бірдей екі заряд берілген (q =q =q=+2Кл).Олар бірінен – бірі r 1=50 м қашықтықта орналасқан. Оларды r2=25см қашықтыққа дейін жақындату үшін, қандай жұмыс атқару керек.

208. Радиусы 10 см шар берілген. Сол шардың бетінен ι = 5см қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы φ1=10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.

209. Электронның жылдамдығы 10-нан 30Мм/с –ке арту үшін, ол қандай потенциалдар айырмасын жүріп өтуі керек ?

210. Электр өрісінде қозғала отырып, электрон бір нүктеден одан потенциалы 1 В жоғары екінші нүктеге ауысты. Электронның кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Потенциалдық энергиясы ше?
ІІ нұсқа. С деңгейі

211. Радий атомының ядросынан массасы 6,67*10-27кг,а-бөлшегі 2*107м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Бөлшектің энергиясын және бөлшекке осындай энергия беретін потенциалдар айырмасын табыңдар.

212. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден 300 В нүктеге орын ауыстырған. Электронның кинетикалық энергиясын, өріспен өзара әсерлескендегі потенциалдық энергия өзгерісін және алған жылдамдығын табыңдар.

213. Бірдей потенциалдар айырмасын жүріп өткен а бөлшек пен протонның кинетикалық энергиялары мен алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.Протонның массасына қарағанда а бөлшектің массасы 4 есе , ал заряды 2 есе артық.

214. Электрон электр өрісінде қозғала отырып, өзінің жылдамдығын υ1 =1*107м/с-тан υ2=3*107м/с-қа дейін арттырады. Электронның орын ауыстыруының бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырмасын табу керек.Электрон зарядының өзінің массасына қатынасы мынаған тең: е/m=1.76*1011Rk/ru7

215. Өріс 17*10-9 Кл зарядтан жасалған. Ал соған аттас 4*10-9Кл зарядты алып, алдыңғы зарядтан 0,5 м қашықтықтағы нүктеден, екінші бір 0,05 м нүктеге көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды.


Өткізгіштің электр сыйымдылығы.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет