1-тарау. Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдарлар қабылдаған: Султангалиева Л. С. Дайындаған: Әбдікәрімова Жанна Әминов Шыңғысхан Тобы: мпко-302



бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі5,8 Mb.
#84688
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1-тарау МПКО302

2 -теорема. Қиылысқан екi түзу арқылы жазықтық жүргiзуге болады және ол тек біреу ғана болады.
Теореманың тұжырымдалуын оқушылар оқулықтан дәптерлеріне жазады.
Дәлелдеуін ауызша айтып, жазбасын үйде орындайды.
Мұғалім бұл теореманы құрамында да екі тұжырымның бар екендігіне оқушылардың назарын аударады: жазықтықтың бар болатыны мен ол жазықтықтың жалғыздығы. Теореманы дәлелдеу аксиомаға емес, 1-салдарға сүйініледі.
Есептер шығартуға көшуден алдын өткенді пысықтауға арналған дайын сызба бойынша оқушылар жұмыс істеп, ауызша сұрақтарға жауап береді (оқушылармен жаппай жұмыс).
1-есеп. ABCDA1B1C1D1 кубы берілген (23-сурет).

23-сурет
Табу керек:
1) жазықтығында жататын бірнеше нүктелерді табыңдар;
2) α жазықтығында жатпайтын бірнеше нүктелерді табыңдар;
3) α жазықтығында жататын бірнеше түзулерді табыңдар;
4) α жазықтығында жатпайтын бірнеше түзулерді табыңдар;
5) ВС түзуін қиятын бірнеше түзулерді табыңдар;
6) ВС түзуімен қиылыспайтын бірнеше түзуді табыңдар.
2-есеп. Дұрыс тұжырымдар шығатындай етіп, бос орындарды толтырыңдар:
1) Егер А Є α,А Є а, а ¢ α болса, онда А... α (қиылысады);
2) Егер А Є α,В¢ α болса, онда АВ... α (жатпайды);
3) Егер А Є α, В Є α, А Є с, В Є с болса, онда с... α (жатады);
4) Егер М Є α, М Є , болса, онда М...а (жатады).
Сұрақтар

  1. Стереометрияның негізгі объектісі не?

  2. Стереометрияның жүйелі курсы қалай құрылады?

  3. Стереометрияның негізгі мақсаттарының бірі қандай?

  4. Аксиома дегеніміз не?

  5. Аксиомаға қойылатын талаптар?

  6. Стереометрияға тән аксиомалар қандай?

  7. Стереометриядағы салулар екі түрлі болатындығын толықтай айтыңыз.

  8. Кеңістіктегі салу ережелерін айтыңыз.

  9. Әрбiр аксиоманы схема бойынша енгiзуді ұсыныңыз.

  10. Салдар-теоремалардың қорытылуында бөлiктерді айқындауды көрсетіңіз.

  11. Оқушылар оқу материалын толық меңгергеннен кейiнгі деңгейлi тапсырмаларды атап өтіңіз.

  12. Мұғалім оқушыларға планиметрия аксиомаларын ашатындай қандай сұрақтар қоя алады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет