1 тарау Түрік қағанаты


Конспект Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген



бет37/57
Дата07.02.2022
өлшемі140,41 Kb.
#92947
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Конспект
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделгенХандық биліктің ең жоғарғы өкілдері – хан, сұлтандар, оғландар. Хан кеңесінің құрамы хан тұқымдарынан, ұлысбектерден, әмірлер мен бек, билерден тұрған. Ханның кеңесшісі уәзірлер болған. Құрылтай – хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары “әмір” деп аталған. Ал Ноғай Ордасында оларды “мырза” деп атаған. Қарапайым халық “қараша” деп аталады. Әділ үкім шығаратын “би” қызметі болған. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер “інжу” деп аталған. Иқта, сойырғал деп аталатын сый-жерлер әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет еткендерге берілген. Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық тағар деп аталған. Жан басына және мал басына құшыр салығы салынды. Жер көлеміне байланысты қалан салығы салынған. Мал салығы зекет деп аталған. Отырықшы егінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынған. Мұрагердің “тел бауырын” көкілташ деп атаған. Ал мұрагердің тәрбиешісі атабектер болған. Жастайынан сайланған хандарға ақыл беретін кеңесшінің лауазымы “наиб” болған. Ханның аңшылық ісін басқаратындар миршикар деп аталған. Жасауылдар жиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді қадағалап отырған. Cарай қызметінің басшылары ішік аға басы делінсе, хан кеңесшілері инақтар деп аталған. Ал даруғалардың міндеттеріне салық жинау, тәртіпті қадағалау кірген. Хандық өкіметтердің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі билеушілер мүддесін қорғауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет