Конспектсұрақтар Мал шаруашылығы мен отырықшылық өмір қайта жандана бастаған кезең:
14-15 ғасырлардағы шаруашылықтың негізгі түрлері:
14-15 ғасырлардағы көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың көшу бағытының ұзақтығы:
Төменарық, Бозғыларық каналдары қазылған жер:
14-15 ғасырлардағы вақф-грамотасы бойынша берілді:
14-15 ғасырлардағы суармалы егіншіліктің орталығы:
Іле алқабында қалалық мәдениет мүлдем жойылды:
1269 жылғы Талас жағасындағы құрылтайда қарастырылған мәселе:
14-15 ғасырлардағы қалаларда тіршіліктің жандана бастауы туралы жазды:
Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбарак тұсында:
14 ғасырдағы Күлтөбе, Раң қалаларының орнынан табылды:
Кірпіш күйдіретін шеберханалары болған қалалар:
14-15 ғасырларда Отырар мен Түркістанның жергілікті шеберлері жасаған бұйымдар:
14-15 ғасырлардағы күмістен жасалған орама білезіктер кең тараған аймақ:
Әйнек жасау кәсібі белгілі болған кезең:
6 тарау Қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Конспект Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О.Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андрондықтарға ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастады. Монғолдар түркіленіп, Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, монғолдық сипаттан ажырады. Монғолдарға дейін жергілікті ру-тайпалардағы пайда бола бастаған монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.
13 ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150-200 жылға кешеуілдеді.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. 15 ғасырдың 1-жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы, тілі, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша 92 тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуынша, өзбектерге шайбанилер, қазақтар, маңғыттар жатады. Бұл деректен байқалатыны Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.