1. «Тарих» сөзін алғаш рет өз еңбектерінде қолданған ғалым:
A) Страбон
B) Геродот
C) Платон
D) Ксеркс
E) Ксенофонт
2. Қазақстан аумағында тас дәуірін зерттеген археолог ғалымдар:
A) Б.Көмеков, Т.Сенигова, К.Байпақов
B) Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, В.Зайберт
C) С.Черников, К.Ақышев
D) Х.Алпысбаев, А.Медоев, А.Оразбаев
E) Б.Көмеков, Ә.Марғұлан
3. Қазақстан аумағында мыс және қола дәуірін зерттеген археолог ғалымдар:
A) Б.Көмеков, Т.Сенигова, К.Байпақов
B) Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, В.Зайберт
C) С.Черников, К.Ақышев
D) Х.Алпысбаев, А.Медоев, А.Оразбаев
E) Б.Көмеков, Ә.Марғұлан
4. Қазақстан аумағында темір дәуірін зерттеген археолог ғалымдар:
A) Б.Көмеков, Т.Сенигова, К.Байпақов
B) Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, В.Зайберт
C) С.Черников, К.Ақышев
D) Х.Алпысбаев, А.Медоев, А.Оразбаев
E) Б.Көмеков, Ә.Марғұлан
5. Қазақстан аумағында орта ғасыр дәуірін зерттеген археолог ғалымдар:
A) Б.Көмеков, Т.Сенигова, К.Байпақов
B) Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев, В.Зайберт
C) С.Черников, К.Ақышев
D) Х.Алпысбаев, А.Медоев, А.Оразбаев
E) Б.Көмеков, Ә.Марғұлан
6. Қазақстанмен шегаралас Тұрфан алқабы мен Тарым өзенін қамтып жатқан аумақ:
A) Орал маңы
B) Орта Азия
C) Таяу Шығыс
D) Шыңжаң
E) Оңтүстік Орал
7. Ежелгі дәуір мен орта ғасырда Азия халықтарының Еуропаға, ал Еуропа халықтарының Азияға өткен аумағы:
A) Оңтүстік Орал
B) Шыңжаң
C) Орта Азия
D) Таяу Шығыс
E) Орал маңы
8. Ә.Х. Марғұлан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі қызметін атқарды:
A) 1946-1974 жж.
B) 1958 ж.
C) 1945 ж.
D) 1934 ж.
E) 1921-1928 жж.
9. Шығыс Африка аймағынан алғашқы адамдардың 3 млн жыл бұрынғы тасқа айналған сүйектерін тапқан ағылшын антрополгтері:
A) А.Дюбуа
B) А.Тугаринов
C) В.Алексеев
D) М.Герасимов
E) Р.Дарт пен Л.Люис
10. Австралопитек түріне жататын ең алғашқы адамдар:
A) Питекантроп
B) Синантроп
C) Епті адам
D) Неандерталь
E) Кроманьон
11. Адамзат антропогенезінің арғы тегіне жатқызылады:
A) Австралопитек
B) Питекантроп
C) Синантроп
D) Неандерталь
E) Кроманьон
12. Саналы адамның арғы тегі болмай шықты:
A) Питекантроп
B) Австралопитек
C) Синантроп
D) Неандерталь
E) Кроманьон
13. Саналы адам қалыптасты:
A) Бұдан 40-35 мың жыл бұрын
B) Бұдан 1 млн жыл бұрын
C) Бұдан 500-200 мың жыл бұрын
D) Бұдан 200-35 мың жыл бұрын
E) Бұдан 3 млн жыл бұрын
14. Ежелгі тас дәуірі бөлінеді:
A) 2 кезеңге
B) 4 кезеңге
C) 3 кезеңге
D) 5 кезеңге
E) 6 кезеңге
15. Ерте палеолиттің хронологиясы:
A) Б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 140 мың жыл
B) Б.з.б. 140-40 мың жыл
C) Б.з.б. 40-12 мың жыл
D) Б.з.б. 2-1 мың жыл
E) Б.з.б. 12-5 мыңжыл
16. Орта палеолит немесе мустье дәуірінің хронологиясы:
A) Б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 140 мың жыл
B) Б.з.б. 140-40 мың жыл
C) Б.з.б. 40-12 мың жыл
D) Б.з.б. 2-1 мың жыл
E) Б.з.б. 12-5 мың жыл
17. Кейінгі палеолиттің хронологиясы:
A) Б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 140 мың жыл
B) Б.з.б. 140-40 мың жыл
C) Б.з.б. 40-12 мың жыл
D) Б.з.б. 2-1 мың жыл
E) Б.з.б. 12-5 мың жыл
18. Бұдан 250 мың жыл бұрын басталған оқиға:
A) Мұз басу
B) Егін егу
C) Тастан құрал жасау
D) Металл игеру
E) Мал бағу
19. Мұз басу орын алғаннан кейін суық ауа райына бейімделген ежелгі адамдар:
A) Питекантроп пен синантроп
B) Епті адамдар
C) Неандертальдық пен синантроп
D) Саналы адамдар
E) Крмоньон мен неандерталь
20. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар пайда болды:
A) Бұдан 3 млн жыл бұрын
B) Бұдан 2,6 млн жыл бұрын
C) Бұдан 1 млн жыл бұрын
D) Бұдан 40-35 мың жыл бұрын
E) Бұдан 500-200 мың жыл бұрын
21. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдары табылды:
A) Алтай мен Орал маңынан
B) Алакөл мен Ертістен
C) Орталық және Шығыс Қазақстаннан
D) Қаратау мен Үстірттен
E) Батыс және Солтүстік Қазақстаннан
22. Бір жағында жүзі бар, балтаның алғашқы түрі:
A) Чоппинг
B) Чоппер
C) Бифас
D) Унифас
E) Гарпун
23. Ағаш шауып, аң етін кесіп, тері өңдеуде пайдаланды:
A) Чоппинг
B) Чоппер
C) Бифас
D) Унифас
E) Гарпун
24. Тас құралдары бұдан 1 млн жыл бұрын жасалған Үстірттегі тұрақ:
A) Бөріқазған
B) Шақпақата
C) Тәңірқазған
D) Ш.Уәлиханов
E) Шабақты
25. Тайпалық одақ қалыптасты:
A) Мезолитте
B) Неолитте
C) Палеолитте
D) Энеолитте
E) Мустье дәуірінде
26. Алғашқы адамдардың дайын өнімді тұтыну кәсібі:
A) Терімшілік
B) Егіншілік
C) Аңшылық
D) Балық аулау
E) Мал шаруашылығы
27. Адамның қазіргі заманғы келбеті толықтай қалыптасты:
A) Неолитте
B) Палеолитте
C) Энеолитте
D) Мезолитте
E) Кейінгі палеолитте
28. Кейінгі мезолит дәуірінде адамдар жасаған 1-2 сантиметрлік ұсақ тас құрал:
A) Дротик
B) Макролит
C) Болос
D) Грапун
E) Микролит
29. Мезолит дәуірінің хронологиясы:
A) Б.з.б. 5-3 мыңжылдық
B) Б.з.б. 140-40 мың жыл
C) Б.з.б. 40-12 мың жыл
D) Б.з.б. 2-1 мың жыл
E) Б.з.б. 12-5 мың жыл
30. Неолит дәуірінің хронологиясы:
A) Б.з.б. 5-3 мыңжылдық
B) Б.з.б. 140-40 мың жыл
C) Б.з.б. 40-12 мың жыл
D) Б.з.б. 2-1 мың жыл
E) Б.з.б. 12-5 мың жыл
31. Неолит дәуірінің мәдениеттері:
A) Андронов, Беғазы-Дәндібай, Қима
B) Ботай, Шебір, Алакөл
C) Берел, Басшатыр, Есік
D) Жебелі, Келтеминар, Атбасар
E) Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар
32. Үстіртте орналасқан неолиттік мәдениет:
A) Алакөл
B) Жебелі
C) Атбасар
D) Келтеминар
E) Беғазы-Дәндібай
33. Келтеминар мәдениетінің қоныстары жақсы зерттелген аймақ:
A) Үстірт
B) Солтүстік Қазақстан
C) Арал маңы
D) Батыс Қазақстан
E) Жетісу
34. «Қыш құмыралар заманы» аталған дәуір:
A) Мезолит
B) Неолит
C) Кейінгі палеолит
D) Энеолит
E) Палеолит
35. Келтеминар мәдениетіне жататын Батыс Қазақстандағы тұрақтар:
A) Бөріқазған, Шабақты
B) Бауыржан-аяқ, Солянка
C) Шақпақата, Тәңірқазған
D) Жебелі, Дам-Дам-Чашма
E) Зеленая Балка, Қарағанды
36. Энеолит дәуіріне тән сипаттама:
A) Қыш құмыралар заманы
B) Қос дөңгелекті арбаны ойлап табу
C) Өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы
D) Садақ пен жебенің пайда болуы
E) Микролит жасауды үйрену
37. Қазақстан аумағында мыс пен қола құралдары кең таралып, тас құралдарды толық ығыстырып шығарды:
A) Б.з.б. 1 мыңжылдықта
B) Б.з.б. 2 мыңжылдықта
C) Б.з.б. 3 мыңжылдықта
D) Б.з.б. VIII ғасырда
E) Б.з.б. VI ғасырда
38. Жылқыны әлемде ең алғаш қолға үйреткен тайпалар.
A) Ботайлықтар
B) Сақтар
C) Қаңлылар
D) Үйсіндер
E) Сарматтар
39. Солтүстік Қазақстанда орналасқан 160-қа жуық тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ:
A) Шебір
B) Самар
C) Шұңқыр
D) Ботай
E) Берел
40. Адамды киіммен жерлеген энеолиттік мәдениет:
A) Қауыншы
B) Көне шұңқыр
C) Самарлық
D) Ботай
E) Жетіасар
41. Арий тайпалары Қазақстан аумағына толықтай орнықты:
A) Орта тас дәуірінде
B) Жаңа тас дәуірінде
C) Мыс-тас дәуірінде
D) Қола дәуірінде
E) Тас дәуірінде
42. Қола дәуіріндегі андрондық тайпалар қоныстанбаған Қазақстан аймағы:
A) Батысы
B) Шығысы
C) Оңтүстігі
D) Солтүстігі
E) Орталығы
43. Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған академик:
A) М.М. Герасимов
B) А.Я. Тугаринов
C) В.П. Алексеев
D) Ә.Х. Марғұлан
E) Қ.И. Сәтпаев
44. Батыс Қазақстан аумағында орналасқан қола дәуірі мәдениеті:
A) Беғазы-Дәндібай
B) Ботай
C) Самарлық
D) Андронов
E) Қима
45. Қола дәуіріндегі Алексеев қонысынан сүйектері табылған жануар:
A) Түйе
B) Сиыр
C) Жылқы
D) Қой
E) Бота
46. Қола дәуірінде алтын өндірген кен орны:
A) Атасу
B) Жезқазған
C) Зырянов
D) Степняк
E) Ақшатау
47. Қола дәуірінде 48 мың тонна мыс өндірілген кен орны:
A) Жезқазған
B) Степняк
C) Ақшатау
D) Имантау
E) Зырянов
48. Малды қолға үйрету басталды:
A) Б.з.б. 10 мыңжылдықта
B) Б.з.б. 1 мыңжылдықта
C) Б.з.б. 6 мыңжылдықта
D) Б.з.б. 2 мыңжылдықта
E) Б.з.б. 3 мыңжылдықта
49. Үндіирандық сақтардың арғы тегі андрондықтар екендігін дәлелдеп берген антрополог:
A) М.М. Герасимов
B) В.П. Алексеев
C) О. Ысмағұлов
D) Ә.Х. Марғұлан
E) Қ.И. Сәтпаев
50. Сыр бойында Кир мен Томирис арасында шайқас болды:
A) Б.з.б. 519 жылы
B) Б.з.б. 330 жылы
C) Б.з.б. 529 жылы
D) Б.з.б. 327 жылы
E) Б.з.б. 486 жылы
51. Грек-парсы соғыстары тарихын жазып қалдырған грек тарихшысы:
A) Полиэн
B) Арриан
C) Ктесий
D) Помпей Трог
E) Геродот
52. Парсы патшасы І Дарийдің әскер жасақтап, сақ жеріне енгенін жазды:
A) Полиэн
B) Арриан
C) Ктесий
D) Помпей Трог
E) Геродот
53. Парсы әскері құрамында сақтар қатысқан шайқастар:
A) Марафон, Саламин
B) Фермопиль, Платея
C) Пеллопоннес, Исса
D) Граник, Гавгамел
E) Батпақ, Тоқарстан
54. Ескендір Зұлқарнайн б.з.б. 330-327 жылдары басып алған Соғды астанасы:
A) Ферғана
B) Шаш
C) Бұқара
D) Маракана
E) Мерв
55. «Соғдылар», «хорезмдіктер» деп аталған сақ тайпалары:
A) Хаумаварга
B) Тиграхауда
C) Парадарайа
D) Исседондар
E) Аримаспылар
56. Арал мен Каспий теңізінің аралығын мекендеді:
A) Исседондар
B) Дахтар
C) Аримаспылар
D) Аргиппейлер
E) Тиграхауда
57. Сақтарда құдайлар әлемі мен халықтың арасын байланыстырушы тұлға, бас абыз:
A) Рубасы
B) Әскербасы
C) Абыз
D) Патша
E) Көсем
58. Сақ тайпа көсемінің әлеуметтік мәртебесі анық байқалған археологиялық ескерткіш:
A) Шілікті қорғаны
B) Берел қорымы
C) Бесшатыр қорғаны
D) Есік қорғаны
E) Аралтөбе қорымы
59. «Алтын қорушы самұрық тайпалары» мекендеген аймақ:
A) Шығыс Қазақстан
B) Батыс Қазақстан
C) Орталық Қазақстан
D) Оңтүстік Қазақстан
E) Солтүстік Қазақстан
60. Аргиппей тайпалары:
A) «теңіздің арғы жығандағы»
B) «сусын ішушілер»
C) «шошақ төбелі бас киім киетін»
D) «ақ жалды жүйрік аттардың иелері»
E) «алтын қорушы самұрық тайпалар»
61. Үнді мұхитының ұлу қабыршықтарынан жасалған әшекейлер табылған оба:
A) Берел
B) Тасмола
C) Пазырық
D) Есік
E) Бесшатыр
62. 13 қола жебе табылған Шілікті «алтын» обасын ашқан археолог:
A) С. Черников
B) З. Самашев
C) К. Ақышев
D) К. Байпақов
E) Ә. Төлеубаев
63. Берел №11 обасын зерттеген археолог-ғалым:
A) С. Черников
B) З. Самашев
C) К. Ақышев
D) К. Байпақов
E) Ә. Төлеубаев
64. 3-Шілікті қорымының №1 обасын ашқан археолог-этнолог:
A) С. Черников
B) З. Самашев
C) К. Ақышев
D) К. Байпақов
E) Ә. Төлеубаев
65. Жетісудың сақ мәдениеті қамтыған аралық:
A) Б.з.б. V-IV ғасыр
B) Б.з.б. VIII-IІІ ғасыр
C) Б.з.б II-I ғасыр
D) Б.з.б. VI-III ғасыр
E) Б.з.б. VIII – б.з. VI ғасыр
66. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасына жататын сақ кезеңі туралы көп мағұлмат беретін ескерткіштер:
A) Шілікті, Берел
B) Тасмола, Ұлыбай
C) Бесшатыр, Есік
D) Аралтөбе, Бесоба
E) Бірлік, Алыпқаш
67. Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан сақ қорымы:
A) Есік
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Берел
E) Бесоба
68. Алматыдан шығысқа қарай 50 км жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан сақ ескерткіші:
A) Есік
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Берел
E) Бесоба
69. Археолог К. Ақышев Есік қорғанын зерттеді:
A) 1970 жылы
B) 1960 жылы
C) 2003 жылы
D) 1946 жылы
E) 1998 жылы
70. Тасмола мәдениетін қалдырған сақ тайпалары:
A) Аримаспылар
B) Исседондар
C) Аргиппейлер
D) Савроматтар
E) Дайлар
71. «Мұртты обалар» деп аталған сақ ескерткіші:
A) Есік
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Берел
E) Тасмола
72. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі:
A) Алтын киімді адам табылды
B) 13 қола жебе табылды
C) Адам мен жылқы қатар жерленген
D) 13 жирен жылқы жерленген
E) Ұлу қабыршықтарынан жасалған әшекей кездесті
73. Грек тарихшысы Геродот «ержүрек», «мал соңынан шүйгін жайылым мен су іздеп көшіп жүретіндер» деп сипаттаған тайпа:
A) Савроматтар
B) Сақтар
C) Үйсіндер
D) Дахтар
E) Қаңлылар
74. Савроматтарды Мидиядан шығып Танаис (Дон) өзенінің маңына қоныстанушылар деп айтқан рим тарихшысы:
A) Геродот
B) Полибий
C) Плиний
D) Диодор
E) Помпей Трог
75. Б.з.б. 512 жылы Парсы еліне қарсы соғыста көзге түскен Савромат көсемі:
A) Томирис
B) Аршак
C) Спаргапис
D) Скопасис
E) Спитамен
76. Массагеттер Қазақстан аумағындағы ең ежелгі тайпалық одақты құрған деп айтқан рим тарихшысы:
A) Геродот
B) Полибий
C) Плиний
D) Страбон
E) Помпей Трог
77. Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары жатады:
A) Б.з.б.VIII ғасыр
B) Б.з.б. II – I ғасыр
C) Б.з.б. VI – III ғасыр
D) Б.з.б. V – IV ғасыр
E) Б.з.б. VII – V ғасыр
78. Ақсүйек массагеттер жерленген қорым:
A) Түгіскен
B) Бәбіш-Молда
C) Баланды
D) Ұйғарақ
E) Шірік-Рабад
79. Іңкәрдариядан табылған массагеттердің қалашығы:
A) Түгіскен
B) Бәбіш-Молда
C) Баланды
D) Ұйғарақ
E) Шірік-Рабад
80. Ұлы Жібек жолы арқылы келген Қытай жібегі мен Иран кілемдерінің қалдықтары табылған оба:
A) Берел
B) Тасмола
C) Пазырық
D) Есік
E) Бесшатыр
81. Сақ қоғамында соқаға жегетін қос өгізі барлар:
A) Жауынгерлер
B) Абыздар
C) Рубасылар
D) Тайпа көсемдері
E) Егіншілер мен малшылар
82. Үйсін қоғамында жекеменшіктің болғанын растайтын зат:
A) Қыш құмыра
B) Мөр
C) Қару-жарақ
D) Тәті
E) Металл ауыздық
83. Б.з.б. ІІІ ғасырда сақтарды ығыстырып Жетісуға қоныстанған тайпа:
A) Қаңлылар
B) Тохарлар
C) Ғұндар
D) Соғдылар
E) Үйсіндер
84. Үйсін халқы 630 мың әскер саны 288 мың екенін хабарлайтын дерек:
A) Цинь әулетінің елшілері
B) Ғұн елшілері
C) Рим елшілері
D) Хань әулетінің елшілері
E) Кушан елінің елшілері
85. Ыстықкөлдің су деңгейі көтерілгенде су астында қалған үйсіндердің бекініс-қаласы:
A) Ақтас
B) Битянь
C) Баланды
D) Қызыл Аңғар (Чегучэн)
E) Шірік-Рабад
86. Үйсін мемлекетінің билеушісі:
A) Гуньмо
B) Гурхан
C) Шаньюй
D) Хан
E) Патша
87. Салт атты адам бейнеленген алтын қаптырма табылған үйсін обасы:
A) Ақтас
B) Талғар
C) Теңлік
D) Алтынемел
E) Қызылеспе
88. Үйсіндердің қыстауы орналасты:
A) Мойынқұм мен Балқашта
B) Алатау баурайында
C) Іле алқабында
D) Ыстықкөлде
E) Тянь-Шань тауларында
89. Үйсін кәсіпшілері мыс пен қорғасын, қалайы өндірді.
A) Алтай тауларында
B) Алатау баурайында
C) Іле алқабында
D) Ыстықкөлде
E) Тянь-Шань тауларында
90. Кейінгі кезеңге ІІ – ІІІ ғасырларға жататын үйсін обалары:
A) Өтеген, Қызылеспе, Қапшағай
B) Қызылауыз, Қызылқайнар
C) Тайғақ, Қарлақ, Ақтас
D) Қаратұма, Алтынемел, Талғар
E) Қапшағай, Шолақжейде, Қалқан
91. Үйсіндерде егіншілікпен айналысқанын дәлелдейтін қоныс:
A) Тайғақ
B) Ақтас
C) Қапшағай
D) Талғар
E) Өтеген
92. Қарғалы тәтісі жатады:
A) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларға
B) Б.з.б. ІІ-І ғасырларға
C) Б.з.б. IV-III ғасырларға
D) Б.з.б. V-IV ғасырларға
E) Б.з.б. VI-V ғасырларға
93. Үйсіндердің алғашқы қоныстары табылды:
A) Шу мен Кеген бойынан
B) Мойынқұм мен Балқаштан
C) Тянь-Шань тауларынан
D) Шу алқабы мен Қырғыз Алатауынан
E) Ыстықкөл мен Іле бойынан
94. Қаңлылар туралы алғашқы деректер кездесе бастады:
A) Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап
B) Б.з.б. І ғасырда
C) Б.з.б. ІІІ ғасыр аяғында
D) Б.з.б. І ғасыр аяғында
E) Б.з.б. ІV ғасырда
95. Қаңлы мемлекетінің билеушісі тұрған қала:
A) Тарбан
B) Қызыл Аңғар
C) Ақтас
D) Шірік-Рабад
E) Бәбіш-Молда
96. Мал өсіруші қаңлылардың археологиялық мәдениеті:
A) Отырар-Қаратау
B) Қауыншы
C) Тасмола
D) Жетіасар
E) Берел
97. Қаңлыларда 17 га жерді алып жатқан бекініс:
A) Қурайлыасар
B) Алтынасар
C) Қараасар
D) Базарасар
E) Жалпақасар
98. Сарматтардың құрамына жататын тайпалар:
A) Языг, аорс, сирак
B) Дах, қаңлы, тохар
C) Юечжи, ғұн, үйсін
D) Жікіл, яғми, бескіл
E) Динлин, хакас, дунху
99. Б.з.б. ІІ ғасырда Еділден өтіп, скифтерді жеңген сармат тайпасы:
A) Роксалан
B) Языг
C) Аорс
D) Сирак
E) Алан
100. Б.з.б. І ғасырда сарматтар Парфия билеушісі Митридатпен одақтасып соғысты:
A) Мидиямен
B) Қытаймен
C) Үйсіндермен
D) Риммен
E) Савроматтармен
101. Сарматтардың алан тайпасы Батыс Қазақстанда өз мемлекетін құрды:
A) Б.з.б. І ғасырда
B) Б.з.б. VIII ғасырда
C) Б.з.б. V ғасырда
D) Б.з.б. IV ғасырда
E) Б.з.б. II ғасырда
102. 1980 жылы жауынгердің қабірінен қос фалар табылған сармат обасы:
A) Аралтөбе
B) Лебедевка
C) Володарка
D) Бесоба
E) Филиппов
103. Б.з.б. 209 жылы Ғұн мемлекетіндегі билікті өз қолына алған билеуші:
A) Мөде
B) Чжичжи
C) Хуханье
D) Лаушан
E) Лю-Бань
104. Б.з.б. 203-202 жылдары ғұндар бағындырған ерте түрік халықтары:
A) Оғыз, қимақ
B) Түргеш, қарлұқ
C) Динлин, хакас
D) Қаңлы, үйсін
E) Дунху, татар
105. Ғұндар юечжи тайпаларын біржолата жеңді:
A) Б.з.б. 165 жылы
B) Б.з.б. 209 жылы
C) Б.з.б. 203 жылы
D) Б.з.б. 155 жылы
E) Б.з.б. 202 жылы
106. Б.з.б. 202 жылы Мөде шаньюймен «тыныштық пен туыстық туралы шарт» жасасқан император:
A) У Ди
B) Лю-Бань
C) Цин Ши Хуанди
D) Пу И
E) Сюань-ди
107. Б.з.б. 71 жылы бір мезетте ғұн жеріне басып кірген тайпалар: A) Дравид, маньчжур, дунху B) Хакас, қаңлы, сармат C) Динлин, ухуан, үйсін D) Алан, аорс, сирак E) Юечжи, татар, сяньби
108. Ғұндар оңтүстік және солтүстік болып бөлінді: A) Б.з.б. 55 жылы B) Б.з.б. 47 жылы C) Б.з.б. 71 жылы D) Б.з.б. 52 жылы E) Б.з.б. 90 жылы
109. Ғұн мемлекеті өмір сүрді: A) 165 жылға дейін B) 90 жылға дейін C) 71 жылға дейін D) 52 жылға дейін E) 155 жылға дейін
110. Ғұн қоғамы тұрды:
A) 30 тайпадан
B) 42 тайпадан
C) 24 тайпадан
D) 20 тайпадан
E) 12 тайпадан
111. Ғұн мемлекетінің әскери аумақтық бөлінісі:
A) Оң, сол
B) Оң, орта, сол
C) Оңтүстік, солтүстік
D) Батыс, шығыс
E) Батыс, орта, шығыс
112. Тарихшы К.А. Иностранцев «ғұн» атауын ғылыми айналымға енгізді:
A) 1946 жылы
B) 1934 жылы
C) 1926 жылы
D) 1970 жылы
E) 1990 жылы
113. 445 жылы ғұн мемлекетінің дербес билеушісіне айналды:
A) Мұңзық
B) Бледа
C) Лаушан
D) Мөде
E) Аттила
114. 451 жылы грек-рим әскерлері мен ғұндар арасындағы болған шайқас:
A) Қатуан
B) Батпақ
C) Айғыржар
D) Каталаун
E) Галлия
115. Скиф-сақ «аң стилі» Азия далаларында қалыптасты:
A) Б.з.б. 1 мыңжылдықта
B) Б.з.б. 2 мыңжылдықта
C) 3 – 5 ғасырларда
D) Б.з. 1 мыңжылдықта
E) Б.з.б. IV ғасырда
116. «Полихромдық стиль» өнері дамыды:
A) 2-3 ғасырларда
B) 3-5 ғасырларда
C) 1-2 ғасырларда
D) 7-8 ғасырларда
E) 5-7 ғасырларда
117. Б.з.б. 2 мыңжылдықта іске қосылды:
A) «жібек жолы»
B) «лазурит жолы»
C) «патша жолы»
D) «нефрит жолы»
E) «керуен жолы»
118. Б.з.б. ІІ ғасырда Орта Азиядағы Соғды мен Бактрия елдерінде болған алғашқы қытайлық:
A) Бан Чао
B) Чжан Цяо
C) Лю-Бань
D) Ван Ман
E) Чжан Цянь
119. Ұлы Жібек жолы басталған Қытай қаласы:
A) Пекин
B) Нанкин
C) Дуньхуан
D) Құлжа
E) Ухуань
120. Қытайдан Ферғана алқабына жібек пен қола айналар артқан алғаш керуен жол тартты:
A) Б.з.б. 138 жылы
B) Б.з.б. 126 жылы
C) Б.з.б. 124 жылы
D) Б.з.б. 121 жылы
E) Б.з.б. 199 жылы
121. Киіз үйдің негізгі бөліктері:
A) Ағаш қаңқасы мен шаңырағы
B) Уығы мен шаңырағы
C) Жабу киізі мен ағаш қаңқасы
D) Керегесі мен жабу киізі
E) Ағаш қаңқасы мен керегесі
122. «Біржан-Сара» операсының авторы:
A) Әзірбайжан Мәмбетов
B) Мұқан Төлебаев
C) Ахмет Жұбанов
D) Жүмат Шанин
E) Шәкен Айманов
123. Қазақстанда ХХ съезден кейін ақталған мемлекет қайраткерлері:
A) А.Жұбанов, А.Розыбақиев, С.Мұқанов
B) М.Масанчи, Л.Мирзоян, С.Сейфуллин
C) О.Исаев, Қ.Сәтпаев, Т.Рысқұлов
D) М.Масанчи, Ю.Домбравский, А.Ахметова
E) Л.Мирзоян, О.Жандосов, Ә.Марғұлан
124. 2012 жылы желтоқсанда:
A) «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауы жарияланды B) «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауы жарияланды C) Дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті айқындалды D) Дамыған 50 елдің қатарына қосылу міндеті айқындалды E) «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бағыты жарияланды 125. Ежелгі қаңлылардың металл өндірісінің орталығы:
A) Бесшатыр
B) Шаш-Илақ
C) Мардан-Күйік
D) Алтынасар
E) Ақтас
126. Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.. Осы Жарлық қол қойылатын сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Мәтінді Жарлыққа қол қойылған жылды анықтаңыз:
A) 1993 жылы 1 қарашада
B) 1993 жылы 12 қарашада
C) 1993 жылы 30 қазанда
D) 1993 жылы 7 қарашада
E) 1993 жылы 10 қарашада
127. Алдыңғы ерте қола кезеңі:
A) Нұра
B) Алакөл
C) Федоров
D) Атасу
E) Беғазы-Дәндібай
128. Монғол шежірелері бойынша Селенгі, Хилок өзендерінің бойында өмір сүрген тайпа;
A) Қарлұқтар
B) Қыпшақтар
C) Түркеш
D) Жалайырлар
E) Оғыздар
129. Қаңлылармен сауда жасамаған ел:
A) Үндістан
B) Аксум
C) Сирия
D) Иран
E) Египет
130. XIII ғасырдың 60-жылдарында Египетпен достық қарым-қатынас орнатқан Алтын Орда ханы:
A) Менгу-Темір
B) Өзбек
C) Тохты
D) Батый
E) Берке
131. 1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автономиясының басшылары:
A) М.Тынышпаев пен М.Шоқай
B) Т,Рысқұлов пен Т.Бокин
C) Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов
D) С.Мендешов пен Ә.Жангелдин
E) Ә.Майкотов пен С.Сейфуллин
132. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудың жарияланған уақыты:
A) 2012 жыл желтоқсан
B) 1995 жыл қыркүйек
C) 1997 жыл қазан
D) 2011 жыл қаңтар
E) 2008 жыл мамыр
133. Семейдегі Ахмет Риза медрессесінде білім алған қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ақын:
A) Біржан Қожағұлұлы
B) Шәкәрім Құдайбердіұлы
C) Мақан Қорамсаұлы
D) Махамбет Өтемісұлы
E) Абай Құнанбаев
134. XVI ғ. бірінші ширегінде Қазақ хандығында орын алған саяси дағдарыстың негізгі себебі:
A) Қытай шапқыншылығына қарсы үздіксіз күрес
B) Шайбани ұрпақтарының арасындағы билікке талас
C) Қасым ханның қайтыс болуы
D) Есім мен Тұрсын ханның билікке тасласы
E) Ойраттардың шабуылы
135. 1946 (1949)-1954 жылдардағы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы:
A) Г.Колбин
B) Ж.Шаяхметов
C) Л.Брежнев
D) Ы.Юсупов
E) Д.Қонаев
136. 1920 жылдары жаңа экономикалық саясат кезеңінде:
A) азық-түлік салғырты енгізілді
B) жекеше кәсіпорындар мемлекет қарамығына алынды
C) жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді
D) өнім түрінде айырбас-бөлу жүйесі жүзеге асырылды
E) жеке меншік кәсіпорындар құруға рұқсат берілді
137. Қазақстанда индустрияландыру жылдары салынған ірі теміржол магистралі:
A) Мойынты-Шу B) Орынбор-Ташкент C) Түркістан-Сібір D) Ақмола-Қарталы E) Қандыағаш- Ор 138. Көтеріліс басшысы болған Шыңғыс ханның ұрпағы:
A) К.Қасымұлы
B) М.Өтемісұлы
C) С.Датұлы
D) И.Тайманұлы
E) Ж.Тіленшіұлы
139. Ежелгі қаңлылардың орталығы:
A) Алтынасар B) Көк-Мардан C) Мардан-Күйік D) Қызы Аңғар E) Битянь
140. Сақтарда діни нанымдар мен ғұрыптардың басты бағыты:
A) Ата-баба аруағына сиыну
B) Табиғатқа табыну
C) Жауынгерге табыну
D) Патшаға табыну
E) Аметерасуға сиыну
141. 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен бірінші түркі елі:
A) Түркіменстан
B) Қазақстан
C) Қырғызстан
D) Түркия
E) Әзірбайжан
142. Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығының құрамына көптеген ұлысы енген мемлекет:
A) Батыс Сібір хандығы B) Қазан хандығы C) Башқұрт хандығы D) Астрахан хандығы E) Ноғай Ордасы 143. Ауылды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның мерзімі:
A) 2005-2007 жж
B) 2001-2003 жж
C) 1999-2001 жж
D) 2007-2009 жж
E) 2003-2005 жж
144. Цин және Ресей империясына қатысты бейтараптық саясат ұстанған билеуші:
A) Жолбарыс
B) Нұралы
C) Әбілқайыр
D) Абылай
E) Тәуке
145. Неолит дәуіріне жататын Қарағанды, Зеленая Белка тұрақтары орналасқан өңір:
A) Оңтүстік Қазақстан B) Шығыс Қазақстан C) Орталық Қазақстан D) Солтүстік Қазақстан E) Батыс Қазақстан
146. Қарғалы тәтісінде бейнеленген құстар мен қанатты тұлпар білдіреді:
A) Бейбіт өмірді B) Әсемдік пен күшті C) Ғарышты D) Жер мен аспанды E) Аспан мен күнді 147. Қарлұқ мемлекетінің әкімшілік басқару орталығы:
A) Имақия қаласы
B) Суяб қаласы
C) Испиджаб қаласы
D) Тараз қаласы
E) Шаша қаласы
148. Қызылордада 300 шақырым жерде орналасқан ежелгі сақ қаласы:
A) Бесшатыр
B) Арқайым
C) Шірік-Рабат
D) Бәбіш-Молда
E) Мургаб
149. Ұлы Отан соғысына дейін болған тарихи оқиға:
A) КОКП ХХ съезінің өтуі B) Неміс автономиясына қарсы наразылықтардың өтуі C) Қазақ КСР-інің құрылуы D) «Байқоңыр» ғарыш айлағының салынуы E) Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы 150. 1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті ұйымдастырып, басқарған:
A) Ұ.Саурықов
B) Ж.Мәмбетов
C) Б.Әшекеев
D) А.Иманов
E) А.Қосанов
151. XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі:
A) Доспамбет жырау
B) Марғасқа жырау
C) Сыпыра жырау
D) Асан қайғы
E) Ақтамберді жырау
152. Қазақстанда жекешелендіру басталды:
A) XX ғ. 80-жылдардың басында
B) XX ғ. 70-жылдардың ортасында
C) XX ғ. 90-жылдардың басында
D) XX ғ. 80-жылдардың ортасында
E) XX ғ. 90-жылдардың аяғында
153. Қазақстанның астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы Президент Жарлығы шыққан мерзім:
A) 1997 жылы маусымда
B) 1995 жылы қыркүйекте
C) 1996 жылы сәуірде
D) 1996 жылы маусымда
E) 1996 жылы қазанда
154. 1203 жылы Керейіт хандығында орын алған тарихи оқиға:
A) Торы Керейіт билеушісі болып жарияланды
B) Шыңғысхан керейіттерді өзіне бағындырды
C) Керейіттер моңғолдарға соққы берді
D) Шыңғысхан Керейіт билеушісі Торыға хан лауазымын берді
E) Торы «Гурхан» атағын алды
155. 1207-1208 жылдары Шыңғыс хан жаулап алды:
A) Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды
B) Орта Азияны, Қазақстанды
C) Қытай мен Оңтүстік Азияны
D) Кавказ, Шығыс Еуропаны
E) Енисей қырғыздары, Сібір халықтарын
156. Арыстан-баб, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері орналасқан өңір:
A) Солтүстік Қазақстан
B) Орталық Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
E) Оңтүстік Қазақстан
157. Е. Пугачев көтерілісі кезінде қазақтар қоршауға алған бекініс:
A) Ақмешіт
B) Қапал
C) Ақмола
D) Орынбор
E) Сахарная
158. Қаңлылар жерінен табылған көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар әкелінген ел:
A) Үндістан
B) Египет
C) Сирия
D) Қытай
E) Иран
159. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының Тасмола мәдениетінің жерлеу орындарынан ерекшелігі:
A) аласа, үйінді топырақтармен жабылған
B) тас, топырақтан үйілген обалар тізбектеле орналасқан
C) шығысқа қарай доға сияқты тас құрылыс жүргізілген
D) бірінің үстінен бірі екі қорған салынған
E) биіктеу, ұсақ қиыршықтастар мен топырақтан тұрғызылған
160. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық партизандардың жалпы саны шамамен:
A) 3,5 мың адам
B) 700 мың адам
C) 500 мың адам
D) 30 мың адам
E) 305 мың адам
161. Әскери коммунизм саясатының салдарына жатпайды:
A) көптеген зауыттар жабылды B) қалаларда азық-түлік тапшылығы болды C) мал шаруашылығы ауыр жағдайға ұшырады D) жаңа экономикалық саясат жойылды E) жыртылған жер көлемі қысқарды 162. XX ғ. 90 жылдары Қазақстандағы тұңғыш халықаралық банкті ашуға қатысқан ел:
A) Сауд Арабиясы
B) Ресей
C) Канада
D) АҚШ
E) Түркия
163. Он сегіз жасында корнет шенімен Сібір кадет корпусын бітірген қазақтың ұлы ғалымы:
A) Абай Құнанбаев
B) Ыбырай Алтынсарин
C) Мұса Шорманұлы
D) Жақып Ақбаев
E) Шоқан Уалиханов
164. Сәулет өнерінде Айша-бибі кесенесінің алатын орны:
A) Қарахан сәулет өнерінің үлгісі
B) Алатын Орда дәуірінен қалған қайталанбас құрылыс
C) Сәулет өнерінің ерте ортағасырлық туындысы
D) Қазақ хандығының сәулет өнер туындысы
E) Қыпшақ хандығының ғажайып туындысы
165. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:
1. С.Датұлы бастаған көтеріліс; 2. Е.Пугачев бастаған көтеріліс; 3. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс;
4. И.Тайманұлы бастаған көтеріліс; 5. Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс.
A) 1,2,4,5,3
B) 2,1,5,4,3
C) 2,1,3,2,5
D) 2,1,4,5,3
E) 1,2,3,4,5
166. «Құтлық Елтеріс қағанға төрт құбыласымен бірдей шайқасуға тура келді. Табғаш шежірелеріндегі «бүлікші» деп бағалауының себебі де түсінікті де. Құтлық көшпелілердің соғыс тәсілін пайдаланып, қаша жүріп соғысып, күш-қуатын молайтты. ... Астына ат тиген соң түркілер империяның ішінде құйындай ұйытқып, жайындай жүйткіді. Ордос түбегімен Шығысқа қарай созылған Ұлы Қытай қорғанын бойлай шабуылға шығып, оның бойындағы барлық бекіністердің быт-шытын шығарды. Тұрақты армияның соққысына ұшырамай жалтыра жүріп Қытайдың бес әскери округін талқандады. Қытай армиясы түркілердің үй-іші, бала-шағасы қоныстанған Цзунцайшань тауына аттанды. Ел-жұртты қырып-жоюға аттанған қалың әскердің алдынан қарсы шыққан Елтеріс қаған Синьчжоу деген жерде шайқасқа түседі. Өлім мен өмірдің тағдыры шешілетін қанды қырғынды Елтеріс қағанның ер жүрек жасағы Қытай әскерін жеңеді».
Мәтіндегі сипатталған оқиғаның мерзімін анықтаңыз:
A) V ғ.
A) VI ғ.
B) VII ғ.
C) VIII ғ.
D) IX ғ.
167. Қола дәуіріне жататын Түгіскен кесенесі орналасқан жер:
A) Сырдарияның жоғары ағысында
B) Шудың жоғары ағысында
C) Жайықтың төменгі ағысында
D) Сырдарияның төменгі ағысында
E) Есілдің төменгі ағысында
168. Қасым ханның билігі тұсында:
A) Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығында өз үстемдігін орнатты B) Қазақ хандығы Батыс Еуропа елдерімен байланысқа түсті C) Қазақ хандығы ыдырады D) Қазақ хандығының жер көлемі ұлғайды E) Қазақ хандығы саяси дағдарысқа ұшырады
169. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан, сазгер күйші:
A) Құрманғазы Сағырбайұлы
B) Ықылас Дүкенұлы
C) Тәттімбет Қазанғапұлы
D) Дәулеткерей Шығайұлы
E) Дина Нұрпейісова
170. XX ғасырдың 60 жылдары Өскеменде салынған өнеркәсіп:
A) Титан-магний комбинаты
B) Кен байыту фабрикалары
C) Қорғаныс-мырыш комбинаты
D) Ферроқорытпа зауыты
E) Хром қосылыстары зауыты
171. «Үндістан» атты еңбектерінің авторы:
A) Әбу Райхан әл-Бируни B) Әбу Насыр әл-Фараби C) Ахмед Иүгнеки D) Жүсіп Баласағұн E) Рашид ад-Дин 172. Көшпелі өзбек хандығына тән атау:
A) Шағатай ұлысы
B) Кіші Орда
C) Орда Ежен ұлысы
D) Шайбани ұлысы
E) Көк Орда
173. Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екендігін айтқан ғалым:
A) Ш.Уалиханов
B) П.Г.Галузо
C) А.Левшин
D) В.В.Бартольд
E) Н.И.Березин
174. «Ел аузында сақталған аңызға қарағанда, бір сұлу қызға ғашық болған Алан-Хазар есімді жігіт қыздың көңілінен шығу үшін тастан сарай салып бермек болған. Сарай тұрғызатын жер суға тапшы болғандықтан, ол Талас өзенінен су тасу үшін арық тартпақ болады. Бірақ белгісіз себептермен Алан-хазардың сарайы бітпей қалған. Оның бітпей қалғанына қарамастан, бұл ғимаратты салушы-сәулетшінің ой-өрісі кең ірі батыл шешімді адам болғандығы аңғарылады».
Мәтінде сипатталған ғимаратты анықтаңыз:
A) Якка
B) Мырзарабат
C) Ақыртас
D) Білеулі
E) Баба-ата
175. Қалба және Нарын жоталарындағы қалайы кеніштерінен көп кен алынды:
A) Алакөл заманында
B) Нұра кезеңі
C) Беғазы-Дәндібай кезеңі
D) Федоров заманында
E) Атасу кезеңі
176. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін ретінде жариялаған хан:
A) Тохты хан
B) Жошы хан
C) Берке хан
D) Өзбек хан
E) Жәнібек хан
177. Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.) жерленген аймақ:
A) Шығыс Қазақстан B) Оңтүстік-Шығыс Қазақстан C) Оңтүстік Қазақстан D) Солтүстік Қазақстан E) Батыс Қазақстан
178. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», поэмаларын жазған ұлттық әдебиеттің белгілі өкілі:
A) М.Дулатұлы
B) А.Байтұрсынұлы
C) Ш.Құдайбердіұлы
D) М.Жұмабайұлы
E) Ж.Аймауытұлы
179. Қимақтардың Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанған жылдар:
A) 770-860 жж
B) 766-840 жж
C) 750-790 жж
D) 900-955 жж
E) 790-900 жж
180. Әл-Бирунидің шығармасы:
A) «Асыл тастар»
B) «Түрік тілдерінің сөздігі»
C) «Құт негізі білік»
D) «Даналық кітабы»
E) «Кемеңгерлік меруерті»
181. Сарматтардың жайлауы болған өңірлер:
A) Орталық Қазақстан B) Үстірт пен Жайық өңірі C) Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік Қазақстан D) Еділ бойы мен Үстірт E) Маңғыстау мен Оңтүстік Жайық
182. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланған мерзім:
A) XX ғ. 40 жылдарының аяғы
B) XX ғ. 30 жылдарының аяғы
C) XX ғ. 40 жылдарының бас кезі
D) XX ғ. 30 жылдарының бас кезі
E) XX ғ. 20 жылдарының аяғы
183. Қазақстан Коммунистік партиясының орнына келген партия:
A) Қазақстан халық бірлігі одағы
B) Ақжол партиясы
C) Нұр Отан партиясы
D) Социалистік партия
E) Қазақстан Республикалық партиясы
184. 1824жылы ашылған округ:
A) Ақмола
B) Қарқаралы
C) Семей
D) Аягөз
E) Петропавл
185. Маркус пен Құршақұз хандар кезінде күшейген мемлекет:
A) Жалайыр
B) Қыпшақ
C) Керейіт
D) Найман
E) Қарақьггай
186. 1917 жылы «Демократияшыл оқушы жастардың кеңесі» («Оқушы жастардың демократиялық одағы») құрылған қала:
A) Омбы
B) Мерке
C) Әулиеата
D) Семей
E) Орынбор
187. «Әбілқайыр... Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті-Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған шонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады. Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңілуінің басты себебі оның мемлекетініц ішкі әлсіздігінде жатыр. Әулет арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, ақсүйектердің оқшаулануы, феодалдық жоғарғы топтар мен көшпелі және жартылай көшпелі бұқара арасындаты қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі және сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйрету дәрежесіне жеткізді».
Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз:
A) XVI ғасырдың I жартысы
B) XV ғасырдың II жартысы
C) XV ғасырдың басы
D) XIV ғасырдың соңы
E) XVI ғасырдың ортасы
188. «.... Әңгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы XI ғасырда Ыстықкөл, Жетісу, Қашғар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің оз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Бірақ автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту еді. Өзінің әдептілік принциптері жағынан ол ортаазиялық әдет өлшемдерін негізге алады. Дастанның мазмұны түсінікті, құрылысы қарапайым».
Мәтіндегі сипатталған түркі тілдес халықтардың рухани мұрасы болып табылатын еңбекті анықтаңыз:
A) «Диуан-и хикмет»
B) «Бақытқа жету»
C) «Құтадғу білік»
D) «Ақиқат сыйы»
E) «Диуани луғат ат-түрк»
189. Қимақтарда басым дамыған шаруашылық түрі:
A) Аңшылық
B) Балық аулау
C) Тері илеу
D) Бау-бақша өсіру
E) Мал шаруашылығы
190. XX ғ. басында Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене қатысқан партия:
A) «Народная свобода»
B) «Алаш»
C) «Шура-улема»
D) «Үш жүз»
E) «Шура-ислами»
191. Тәуекел ханның Мәскеуге елші аттандырудағы басты мақсаты:
A) Ресейдің қолдауымен аға хандыққа ұмтылу B) Қытайға қарсы көмек сұрау C) Тұтқындағы Ораз-Мұхаммедті босату D) Ресейдің қол астына кіру E) Сібір хандығына қарсы көмек сұрау
192. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы сақ дэуірінің патша ескерткіштерінің саны:
А) 30-дай
В) 25-тей
С) 40-тай
D) 50-ден астам
Е) 20-дай
193. 1905-1906 жылдары Қазақстанда жұмысшылар толқуларының болуына әсер еткен оқиға:
А) Бірінші орыс революциясы
B) Орыс-жапон соғысы
C) Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы
D) Бірінші дүниежүзілік соғыс
Е) Қазан революциясы
194. Буржуазияшыл-ұлтшыл деген саяси айып тағылып, бас бостандығынан айрылған тарихшы:
A) Е.Бекмаханов
B) А.Панкратова
C) Ғ.Мүсірепов
D) М.Әуезов
E) Ә.Марғұлан
195. Қола және мыс орақтар табылған Солтүстік Қазақстандағы қоныс:
A) Степняк B) Усть-Нарым C) Қарағанды D) Зеленая Балка E) Мало-Красноярка
196. КСРО-да ядролық қаруды игеру мақсатында Қазақстанда ең алгаш сынақ өткізілді:
A) Байқоңыр
B) Возрождение
C) Азғыр
D) Семей
E) Капустин Яр
197. Қазақстанда ұзақ кәсіпорындарды жеке адамдарға жалға беруге рұқсат берген саясат:
A) «Жаңа экономикалык саясат»
B) Индустрияландыру
C) «Кіші Қазан»
D) Ұжымдастыру
E) «Әскери коммунизм»
198. 1926 жылы Елімізде тұңғыш қазақ ұлттық театры ашылған қала:
A) Шымкент
B) Қызылорда
C) Атырау
D) Алматы
E) Семей
199. XVII ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастауына себсп болды:
A) құрғақшылықтың басталуы
B) қарқытайлардың діни қысымы
C) теңіз жолдарының ашылуы
D) хорезмдіктердің жорығы
E) тайпалар арасындағы тартыстар
200. Тоқырау жылдарындағы ұлттық қатынастарда орын алған келеңсіз көріністердің бірі:
A) Солтүстік аймақтарда жергілікті ұлт өкілдері санының артуы B) Ұлттық мектептер санының артуы C) О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабының тауар айналымынан алынып тасталуы D) Тарихи мұралардың зерттелуі E) Семей полигонының жабылуы
Достарыңызбен бөлісу: |