1. Түбір сөз Туынды сөз


Зат есімнің сөйлемдегі қызметі



бет6/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Зат есім сөйлемде атау септігіңде тұрып бастауыш болады: Күн жазға



айналды, ет азға айналды.

Атау мен ілік септігінен басқа септіктерде тұрып және сөйлемдегі ойды

толықтырып, толықтауыш болады: Өлімнен ұят күшті.

Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап,



анықтауыш болады: Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді, жемесең -

түсіңе кіреді.

Барыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен,

септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады: Тасада жасырынып аман қалғанша, жазыққа шығып өлген артық.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады: Өре табылса шабақ, талқан табылса тамақ.



Көмекші есімдер

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер көмекші есімдер деп аталады.

Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны).

Әдетте көмекші есімдер тәуелділік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет