Мағынасына қарай зат есімнің 2-ге бөлінуі: деректі зат есім - көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен кұбылыстардың атауы (үстел, бесік, сурет), дерексіз зат есім – көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы (махаббат, ақыл, жалқаулық).
Зат есім жасайтын жұрнақтар
1) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары:
- й (ағай, әкей);
- еке, -ке, -ка, -а, -е (бастык - басеке, Мұқан - Мұқа, Жамбыл –Жәке);
- тай (ағатай, апатай, әкетай);
- жан (апажан, Абайжан):
- шақ, -шек (құлыншақ, інішек);
- шық, -шік (қапшық, төбешік);
- ш, -ыш, -іш (қалқаш);
- сымақ (таусымақ, қорасымақ);
- екеш (бота екеш);
- ша, -ше (сандықша).
2) Есім сөз таптарынан зат есім жасайтын жұрнақтар:
- шы, -ші (койшы, күйші);
- шылық, -шілік (шаруашылық, кеншілік);
- лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (адалдық, биіктіқ, жолдастық);
- кер, -гер (жұмыскер, балгер);
- кеш, -хана, -паз, -қой, -стан, -қор (дәріхана, өнерпаз, арызқой).
3) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
- м, -ым, -ім (жарым, білім);
- ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе (суырма, кеспе);
- қы, -кі, -ғы, -гі (бұрғы, шалғы);
- с, ыс, -іс (таныс, жарыс);
- қ, -к, ық, -ік, -ақ, -ек (қасық, сынық, тарақ);
- ыш, іш (қорғауыш, өлшеуіш);
- ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (ескерткіш, өшіргіш);
- н, -ын, -ін (толқын, бөген);
- ынды, інді (ерітінді, қорытынды);
- уыш, -уіш (қозғауыш, желпуіш);
- ыр, -ір, -р, ар, -ер (шоғыр, түбір).
Достарыңызбен бөлісу: |