1. Түбір сөз Туынды сөз



бет9/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ

СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ

 

1. Жай шырай

Заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмагын, көлемін білдіретін сын есімдер жай шырай болады. Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады (көрікті, жарық, білімді).

2. Салыстырмалы шырай

Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі. Жасалу жолдары:

- ырақ, - ірек, -рақ, -рек;

- лау, -леу, -дау, -деу, -тау, теу:

-қыл,-кіл,-кылт,-ғылт,-ғылтым,-тым,-шыл,-шіл,-қай,
- аң, -шылтым, -шілтім, ғыш, -ілдір, -ша, -ше.

3. Күшейтпелі шырай

Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады (түп-түзу, боп-бос, қап-қатты).



4. Асырмалы шырай

Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің (тым, өте, нағыз, аса, кілең, орасан, ең, нақ т.б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады (аса биік, тым нашар, кілең оқымысты).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет