1. Түбір сөз Туынды сөз



бет5/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ
50 әдістер, Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік
Мағынасына қарай зат есімнің 2-ге бөлінуі: деректі зат есім - көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен кұбылыстардың атауы (үстел, бесік, сурет), дерексіз зат есім – көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы (махаббат, ақыл, жалқаулық).

 

Зат есім жасайтын жұрнақтар

 1) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары:

- й (ағай, әкей);

- еке, -ке, -ка, -а, -е (бастык - басеке, Мұқан - Мұқа, Жамбыл –Жәке);

- тай (ағатай, апатай, әкетай);

- жан (апажан, Абайжан):

- шақ, -шек (құлыншақ, інішек);

- шық, -шік (қапшық, төбешік);

- ш, -ыш, -іш (қалқаш);

- сымақ (таусымақ, қорасымақ);

- екеш (бота екеш);

- ша, -ше (сандықша).

2) Есім сөз таптарынан зат есім жасайтын жұрнақтар:


        - шы, -ші (койшы, күйші);

- шылық, -шілік (шаруашылық, кеншілік);

- лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (адалдық, биіктіқ, жолдастық);
        - кер, -гер (жұмыскер, балгер);

- кеш, -хана, -паз, -қой, -стан, -қор (дәріхана, өнерпаз, арызқой).

3) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

            - м, -ым, -ім (жарым, білім);

            - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе (суырма, кеспе);

            - қы, -кі, -ғы, -гі (бұрғы, шалғы);

            - с, ыс, -іс (таныс, жарыс);

- қ, -к, ық, -ік, -ақ, -ек (қасық, сынық, тарақ);

- ыш, іш (қорғауыш, өлшеуіш);

- ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (ескерткіш, өшіргіш);

- н, -ын, -ін (толқын, бөген);

- ынды, інді (ерітінді, қорытынды);

- уыш, -уіш (қозғауыш, желпуіш);

- ыр, -ір, -р, ар, -ер (шоғыр, түбір).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет