Мағынасына қарай сын есімнің 2-ге бөлінуі: сапалық сын есім - заттың сын-сипатын анықтайтын төл сын есім (тәтті, қымбатырақ, жалпақ), қатыстық сын есім - сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім (саз+ды әуен, шек+сіз қуаныш, от+ты жандар).Қатыстық сын есімдер зат есім, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ арқылы ғана жұмсалады, тек жұрнақтың көмегімен сын есім болуы – қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
1) Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:
- лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (жүректі, ақылды, тоғайлы, егінді);
- сыз, -сіз (санасыз,сусыз, әлсіз);
- ғы, -гі, -қы, -кі (таңғы, түнгі, қысқы, кешкі);
- лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (апталық, ауылдық, мемлекеттік);
- шыл, шіл (иісшіл, күншіл, сыншыл);
- шаң, -шеқ (ашушаң, көңілшең);
- дай, -дей, -тай, -тей (аққудай, аттай, баладай, сүттей);
- қой, -қор, -паз, -кез, -кер, -гер (мансапқор, білімгер);
- и, -ы, -і (қырмызы, замани);
2) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар:
- ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек (жабысқақ, ұрысқақ);
- ық, -ік, -к (ширақ, бұзық);
- ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (сенгіш, байқағыш, айтқыш);
- ғыр, -гір, -қыр, -кір (білгір, өткір);
- шақ, -шек (ұялшақ, сүріншек);
- ынды, -інді, -нды, -нді (жырынды, асыранды);
- малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі (танымалы, аспалы);
- ымды, -імді, -мды, -мді (жағымды, ұстамды);
- аған, -еген (қабаған, сүзеген);
- улы, -улі (жабулы, ілулі, бағулы);
- ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе (бояма, құрама);
- ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі (жатыңқы, шығыңқы, көтеріңкі)
3) Үстеуден сын есім жасайтын жұрнақтар:
- қы, -кі, -ғы. -гі (кешегі, бұрынғы)
Достарыңызбен бөлісу: |