1. Түбір сөз Туынды сөз


Өздік - өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз



бет13/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ

Өздік - өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады (өз, өзім, өзің, өзіне, өзіміз).

Жалпылау - жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі (барлық, бәрі, күллі, барша).

Белгісіздік - затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін есімдіктің түрі (кейбіреу, қайсыбір, әлденеше, әлдеқайда).

Болымсыздық - болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі (ешбір, ешкім, ешқайда).

 

ЕСІМДІКТІҢ СЕПТЕЛУІ

 

 Септіктер

Жіктеу

Сілтеу

Болымсыздық

Белгісіздік

Атау септік

мен

сол

ештеңе

кейбіреу

Ілік септік

менің

соның

ештеңенің

кейбіреудің

Барыс септік

маған

 соған

ештеңеге

кейбіреуге

Табыс септік

мені

соны

ештеңені

кейбіреуді

Жатыс септік

менде

сонда

ештеңеде

кейбіреуде

Шығыс септік

меннен

содан

ештеңеден

кейбіреуден

Көмектес септік

менімен

сонымен

ештеңемен

кейбіреумен

 

ЕСІМДІКТІҢ ТӘУЕЛДЕНУІ

 


Сұрау:               не

Сілтеу: анау

Белгісіздік: қайсыбір




Менің                нем

анауым

қайсыбірім




Сенің                 нең

анауың

қайсыбірің




Сіздің                неңіз

анауыңыз

қайсыбіріңіз




Оның                 несі

анауы

қайсыбірі




Біздің                неміз

анауымыз

қайсыбіріміз




Сендердің         нелерің

анауларың

қайсыбірлерің




Сіздердің          нелеріңіз

анауларыңыз

қайсыбірлеріңіз




Олардың           нелері

анаулары

қайсыбірлері




 

Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

Есімдік атау септігінде тұрып бастауыш болады: Жұмысымызды сендер



аяқтайсыңдар.

Жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады: Әңгіменің нәтижесі-осы.

Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады: Бізбен бірге барайық.

Есімдік ілік септігінде келгенде немесе зат есіммен тіркесіп келіп анықтауыш болады: Қорқақ өзінің көлеңкесінен қорқады.

Есімдік мекен, мезгіл мағыналарында қолданылса, пысықтауыш болады:

Әрқашан күн сөнбесін.

 

 



ЕТІСТІК

 

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.



Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) етістік 2-ге бөлінеді: негізгі етістік - заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады (қара, тұр, отырған), туынды етістік - түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған етістік (аял+да, аз+ай, жас+ар, шуыл+да).

Құрамына қарай етістік 2 түрге бөлінеді: дара етістік - бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (қойды, көріп, алган), күрделі - кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік (сөз), ал кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады (мүсіндеп жатыр, атып тұру, қарап қой).

Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай етістіктің түрлері: болымды етістік - іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді (ти, ұмыт, жоғалтты, боя), болымсыз - іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы немесе жок, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады (кеспе, келген жоқ, қиған емес).

Мағынасына қарай етістік 2-ге бөлінеді: салт етістік - өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік (жүрегіңе сен, отқа түс, дауга шық), сабақты етістік - алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік (жүрегіңді тыңда, дауды жең, отты жақ).

 

Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:

- ла, -ле, -да, -де, -та, -те (аяқта, өкпеле);

- лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен (әдеттен, тазалан);

- лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес (көмектес, бірлес);

- лат, -лет, -дат, -дет (тездет, дауылдат);

- а, -е (ата, деме);

- ай, -ей, -й (күшей, зорай);

- қар, -кер, -ғар, -гер (басқар, аңғар);

- ар, -ер, -р (жанар, өзгер);

- ал, -ел. -ыл, -іл, -л (жоғал, тарыл);

- ык, -ік (бірік, орынык);

- сы, -сі, -ымсы, -імсі (пысықсы, окығанымсы);

- сын, -сін (жатсын, көпсін);

- сыра, -сіре (әлсіре. ойсыра);

- ра, -ре, -ыра, -іре (күркіре, жарқыра);

- ырай, -ірей (кішірей, бақырай).

 

 



ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК (ИНФИНИТИВ)

 

Тұйық етістік - шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі (кету, келу).



 Жасалу жолы: -у жұрнағы арқылы жасалады (оқы - оқу, біл - білу).

Кейбір жағдайларда -ю жұрнағы жалғанады (қой - қою, қи - қию).

Тұйык етістік есімдерше түрленеді: көптеледі (тексерулер), тәуелденеді (айтуым бойынша), септеледі (білуге).

 

ЕТІСТІКТІҢ  ШАҚТАРЫ

 

Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шағы бар.



Осы шақ

1) нақ осы шақ - дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді: жалаң

нақ осы шақ жатыр, тұр, жүр, отыр салт етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады (тұрмыз, жүрмін, отырсың, жатырсыңдар), күрделі нақ осы шақ - етістіктің негізіне -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, жатыр, түр, жүр, отыр етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады (келе жатырсың, біліп тұрмын).



2)     ауыспалы осы шақ - күнделікті дағдылы болып жатқан іс-қимылды

білдіреді: етістік + (-а, -е, -й) + жіктік жалғауы (алысқа ұзамай санайсыз).

 

Келер шақ

1) болжамды келер шақ - іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана, білдіреді: етістік+(-ар, -ер, -р) + жіктік жалғау (келерміз, болармын);

2) мақсатты келер шақ - іс-қимылдың келешекте максат етіле орындалатынын білдіреді. етістік+(-мақ, –мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек) +жіктік жалғау (бармақпыз, өтпекпіз);

3) ауыспалы келер шақ - алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді: етістік +(-а, -е, -й) +жіктік жалғау (келеміз. боласың).

 

Өткен шақ



1)жедел өткен шақ - іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді: етістік +(-ды, -ді, -ты, -ті)+жіктік жалғау (бардық,
кеттім, әкелдің);

2)бұрынғы өткен шақ - іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді: етістік +(-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғау(қалған, беріп кетті);

3)ауыспалы өткен шақ - сөйлеп тұрған уақытка дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді: етістік + (-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жіктік жалғау (келетін, айтатын).

 

 



ЕТІСТІКТІҢ  РАЙЛАРЫ

 

1) Ашық рай - іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. Үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады. Мысалы: Қой бақты (бағып жүр, бағады, бақпақшы, бағар, баққан)



2) Бұйрық рай - іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады.

Жекеше

I жақ:  Мен жаз+айын (-ейін, -йын, -йін)

II жақ: Сен жаз

              Сіз жаз+ыңыз (-іңіз, -ңыз, -ңіз)

IIIжақ: Ол жаз+сын(сін)

 

Көпше

I жақ: Біз жаз+айық (-ейік, -йық, -йік)

II жақ: Сендер жаз+ыңдар (-іңдер)

              Сіздер жаз+ыңыздар (-іңіздер, -ңыздар, -ңіздер)

III жақ: Олар жаз+сын (сін).

 

3) Шартты рай - іс-қимылдың орындалу – орындалмау шартын     білдіреді.  Жасалу  жолы: Етістік +(-са, -се) +жіктік жалғау. Мысалы:



Жекеше

І жақ Мен бар+са+м,  кел+се+м

II жақ Сен бар+са+ң, кел+се+ң

           Сіз бар+са+ңыз, кел+се+ңіз (сыпайы түрі),

 III жақ Ол бар+са+0, кел+се+0.

Көпше

Біз бар+са+қ, келсек

Сендер бар+са+ңдар, кел+се+ңдер

Сіздер бар+са+ңыздар, кел+се+ңіздер

Олар бар+са+0, кел+се+0

 

4) Қалау рай - қалау, тілекті білдіреді. Жасалу жолдары:  Етістік +(-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік жалғау/кел етістігі жалғану арқылы жасалады.



Жекеше

I  жақ:  Менің бар+ғы+м келеді (гі, -қы, -кі)

II жақ:  Сенің бар+ғы+ң келеді
               Сіздің бар+ғы+ңыз келеді

III жақ: Оның бар+ғы+сы келеді



Көпше

I  жақ: Біздің бар+ғы+мыз келеді

II жақ: Сендердің бар+ғы+ларың келеді
             Сіздердің бар+ғы+ларыңыз келеді

III жақ: Олардың бар+ғы+лары келеді

 

Қосымша:

Қалау рай жасайтын қосымшалар:

1) -ғай. -гей, -қай, -кей

2) -са,-се игі еді


   Білгейсіз, тұрса игі еді, айтса игі еді.

 

ЕТІС

 

Етіс - іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістің 4 түрі бар:

1. Өздік етіс

2. Өзгелік етіс

3. Ырықсыз етіс

4. Ортақ етіс

Ескерту:

1) -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын береді (ақылдас,


қоштас, тілдес, сырлас);

2)  -лын, -лін, -ныл, -ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді (алма желінді, жоқ ізделінді);

3)  -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағымен жасалған туынды етістікте өздік етіс мағынасында жұмсала береді (шаттан, мейірлен).

 


 

Өздік етіс (орындаушы өзі)

Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу)

Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз)

Өртак етіс

(орындаушы көп)

 

Жасалу жолдары

Түбір етістікке

1)-ын, -ін, -н

жұрнақтары

жалғану арқылы

жасалады


2)лан,лен, дан/ден, тан/тен

Етістікке

1.–дыр, -дір, -тыр,

   -тір, -ыр, -ір



2.-ғыз,-гіз, -қыз, -кіз

3. –т

4. –сет

жұрнақтары жалғану арқылы жасалады



Етістікке

1.–ыл, -іл, -л

2.–ын, -ін, -н

жұрнақтары

жалғану

арқылы


жасалады

Түбір етістікке

1.–ыс, -іс, -с

жұрнақтары

жалғану

арқылы


жасалады

 

мысалы

киін, жуын,

 боян, сұран,сұран, пайдалан, ашулан



жаз+дыр, күл+дір,

бар+ғыз, өт+кіз,

қарат, көрсет,

қайт+ар, шығ+ар,өш+ір



жазылды, табылды,

салынды,


ілінді,бөлінді,

алынды


сөйлес, көрісті, терісті, ұрыс,

салысты, сырлас, бірлес



 

 

 

 



 

 

ЕСІМШЕ

 

Етістіктің түрі

Есімше

Көсемше

Ереже

Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің  түрі

Бірде үстеудің, бірде етестіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі

Қызметі

Есімдерше

түрленіп


(септеліп, көптеліп) есім

қызметін


атқарады

Есімше

жіктеліп


етістік

қызметін


атқарады

Іс-әрекеттің

жай-күйін

білдіріп,

үстеудің

қызметін


атқарады

Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады

Жұрнақтары

 1.–ған, ген, қан, -кен: алған, келген, кеткен

 2.–ар, -ер, -р: барар, жүрер

 3.–атың, етін,-йтын, -йтін: жазатын, үзетін

 4.–мақ, -мек, бақ, -бек, -пақ, -пек: бармақ, кетпек, жүзбек



 

   1. –а, е, й:  барады, келеді,

   2.–ып, -іп, -п: барып, жүріп

   3.–ғалы, -гелі,-қалы, -келі:    

          алғалы, келгелі, кеткелі

















 

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады: Мал ұрлаған ұялмай, малы ұрланған ұялсын.

Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады: Сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы кісі болып өсесің.

Зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады: Көрген көзде жазық жоқ.

Барыс, жатыс, шығыс септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады: Асхатты сергітіп қайтпақ болып, орманға келді

Жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады: Ардақ бағана кетіп қалған.

 

КӨСЕМШЕ

 

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады: Мен саған көмектескелі келдім.

Көсемше күрделі етістіктің кұрамында келіп, баяндауыш болады: Адамды өмір үйретеді.

Есімше мен көсемшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады:

-ған, -ген, -қан, -кен - бұрынғы өткен шақ есімшесі;

-ар, -ер, -р - болжалды келер шақ есімшесі;

-атын, -етін, -йтын, -йтін - ауыспалы өткен шақ есімшесі;

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек - мақсатты келер шақ есімшесі;

-ып, -іп, -п - бұрынғы өткен шақ көсемшесі;

-а, -е, -й - ауыспалы осы (келер) шақ көсемшесі.

 

ҮСТЕУ

 

Үстеу - қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, мөлшерін) білдіретін сөз табы.



Құрамына қарай үстеу сөздер дара және күрделі болып келеді. Дара үстеу бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (кеше, былтыр, кейде). Кемінде екі түбірден тұратын үстеуді күрделі үстеу дейді (бүгін, қыс бойы, бірте-бірте).

Үстеу сез тұлғасына қарай негізгі және туынды үстеу болып жіктеледі.

Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулерді - негізгі үстеу (ең, бұрын, ертең),

ал түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалғанын туынды үстеу (бірге, зорға, балаша) дейді.

Үстеудің сөйлемдегі атқаратын қызметіне байланысты мағыналық 7 түрі бар.    

1. Мекен үстеу қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді (ілгері, осында).     

    Сұрақтары: қайда? қалай? қарай? қайдан?

2. Мезгіл үстеу қимылдың мезгілін білдіреді (бүгін, таңертең).     

      Сұрақтары: қашан? қашаннан бері?

  3. Себеп-салдар үстеу қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді        

        (амалсыздан,     босқа). Сұрақтары: неге?не себепті? неліктен?

  4. Қимыл-сын үстеу қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді (әрең, емін-  

      еркін). Сүрактары: қалай? қайтіп? қалайша?

  5. Мөлшер үстеу қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді (неғұрлым,онша,  

       әжептәуір, біршама). Сұрақтары:қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап?

  6. Күшейткіш үстеу қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не     

      солғындатып көрсетеді (ең, аса, тым, өте, нағыз, кілең, орасан). Сұрақтары:   

      қалай? қандай?

  7. Мақсат үстеу қимылдың болу мақсатын білдіреді (әдейі, қасақана, жорта).

       Сұрақтары: қалай? не мақсатпен?



Туынды үстеулердің жасалу жолдары 

1. Жұрнақтар арқылы

            -ша, -ше (бұлбұлша, сенше);

            -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей (шикілей, осылай);

            -дайын, -дейін, -тайын, тейін (сұңқардайын, тотыдайын);

            -ншама, -ншалық (осыншама, соншалық);

            -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше

           (айтпайынша);

 

 



2. Түбірге сіңісіп, көнелген септік жалғаулары арқылы

            -барыс септігінің кенеленуі (-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не) (бірге,босқа);

            -жатыс септігінің көнеленуі (-да, -де, -та, -те, -нда, -нде) (баяғыда,

           қапыда);

            -шығыс септігінің көнеленуі (-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен), (шетінен,   

            шалқасынан);

            -көмектес септігінің көнеленуі (-мен, -бен, -пен) (кезекпен, шынымен).

3. Екі я одан да көп түбірдің

            -бірігу және кірігуі арқылы (жайбарақат, қыстыгүні);

            -қосарлану мен қайталануы арқылы (елең-алаңда, әрі-бері);

            -тіркесуі арқылы (күні кеше, алдын ала).



Үстеудің сөйлемдегі қызметі

Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады:



Алыста қаланың жанған оттары көрінді.

Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады: Мұншаманы қайдан



алдыңыз?

Үстеу атау септікте тұрып бастауыш болады: Әйтіп-бүйтіп деген



жарамайды бұл істе!

Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп,

күрделі анықтауыш болады: Мұнда бүгін асаүлкен әбігер бар.

Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады: Басымыздың



қосылганы - кеше ғана.

 

 



 

ІІ-семестр

ШЫЛАУ СӨЗДЕР

 

Шылау - сөздер мең сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.



Шылау сөздердің түрлері: септеуліктер, демеуліктер және жалғаулықтар.

1. Септеулік шылау

Белгілі бір септікте түрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.



Атау септік: туралы, сияқты, үшін, сайын, арқылы, жайында, жөнінде т.б. (сен сияқты, еліміз туралы)

Барыс септік: дейін, шейін, таман, қарай, карсы, тарта, жуык т.б. (мектепке қарай, жүзге жуық)

Шығыс септік: әрі, бері, гөрі, кейін, соң (сабақтан кейін, көктемнен бері)

Көмектес септік: бірге, қатар, қабат (жолдасыммен бірге, сонымен қатар)

2. Демеулік шылау

Сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына

үстейді.

Сұраулық: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше Айгүл, бүгін келесің бе? Қайрат,сен ше?

Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. (Біреуің де келмедіңдер! Сен-ақ сабаққа кешігесің)

Белгісіздік: -ау -мыс, -міс, кейде (Ертеде бір шал болыпты-мыс).

Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ (Кәмпит түгіл нан жеген жоқпыз).

Шектік: ғана, тек, кейде, ақ (Бізде тек бір Отанымыз бар! Әжемді ғана

сағындым).

Нақтылау: -ды, -ді, -ты, -ті, ғой (Сен ғой тапсырманы орындамапсың.

Оның өмірінің мәні кірген-ді).

3. Жалғаулық шылау

Сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады.

Ыңғайластық: және, әрі, да, де, та, те, мен, бен, пен (Сөз бен сөйлем. Бүгін күн жылы, әрі теңіздегі суы ысыды).

Қарсылықты: Бірақ, дегенмен, алайда, сонда, да, әйтсе де (Мен дүкенге

кірдім, бірақ ештеңе сатып алган жоқпын).

Себеп-салдар: өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, сол үшін (Қарт адам кірді, сондықтан біз орнымыздан тұрдық. Біз жылы киіндік,өйткені ауа райы суық болды)

Талғаулықты: не, немесе, я, я болмаса, не болмаса, яки (Сендер я біздер шатасып тұрмыз)

Кезектес: кейде, бірде, біресе (Бірде күн ашық, бірде қар жауып тұр).

Шартты: егер, егерде (Егер ол шықса, мен де шыгып кетемін).

 

ЕЛІКТЕУ  СӨЗ

 

Әр түрлі дыбыска, құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін елестету мәніндегі сөз табы.



Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) еліктеу сездер негізгі еліктеу сөз - бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз (морт, күрс, селк),

туынды еліктеу сөз - түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған еліктеу сөз деп бөлінеді. Туынды еліктеу сөздердің жұрнақтары: -аң, -ең, -ың, -ің, -ң (киса+ң. елп+ең, ырж+ың).

Құрамына қарай еліктеу сөздер 2 түрге бөлінеді: дара еліктеу сөз - бір

ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұратын төл еліктеу сөздер (тарс,

күмп, жымың), күрделі - екі сөздің қосарлануынан жасалған еліктеу сөздер

(тарс-тұрс, кисаң-кисаң, ыржың-ыржың).



Мағынасына қарай еліктеу сөздердің түрлері: еліктеуіш – түрлі дыбыстарга еліктеуден туындаған еліктеу сөздер - есту арқылы (сарт- сұрт, тарс, алдыр-гүлдір), бейнелеуіш - көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер (жалт-жұлт, күрт, морт, қисаң-қисаң).

Еліктеудің сөйлемдегі қызметі

Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып келіп, бастауыш болады: Күбір-күбір сөйлескендер ғалымдар екен.

Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауышт құрамында жұмсалады: Абай селк етіп, жалт қарады.

Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады: Солай былқ етпей жата берді.

Көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады: Сыбыр-сыбырды тоқтатыңдар!

Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тү-рып, оны анықтайды: Ол тарс ете қалған дыбысқа қарай жүре бастады.

Еліктеу сөзге -ыл, -іл, -л, -ақ, -ек, -ғыр, -гір жұрнақтар жалғанса, зат есімге айналады (гүр+іл, каңғ+ыр).

Еліктеу сөзге -ыра, -іре, -ла, -ле, -да, -де жұрнақтар жалғанса, етістікке айналады (күрк+іре, қорбаң+да).

 

ОДАҒАЙ

 

Одағай – сөйлеушінің әр түрлі көңіл-күй, сезімін білдіретін оқшау сөздің түрін одағай дейміз. Одағай сөйлем ішінде басқа сөйлем мүшелерінен дауыс ырғағымен ерекшеленіп, тыныс белгілері арқылы ажыратылып тұрады. Одағай сөйлемнің басында келсе, соңынан, ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Ал, сөйлем басында жеке келіп, көтеріңкі интонациямен айтылса, леп белгісі қойылады. Мысалы:



 Бәрекелді! Сен емтиханды жақсы тапсырдың.

Одағай сөйлем басында (О, сөйлем мүшелері!): Алақай, қар жауды!

Одағай сөйлем ортасында (Сөйлем мүшелері, О, сөйлем мүшелері):

Бүгіншіркін, қар жауса ғой!

Одағай сөйлем соңында (Сөйлем мүшелері, О!): Қар жаудыалақай!

Ерекшелігі:

Одағайларда дербес лексикалық мағына болмайды (Пәлі, әттең, ойпырмай).

Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді (Түу, сені сағынып қалыптым гой)

Сөйлем мүшесі бола алмайды (Ойпырмай, сен де келіп қалыпсың екен.)



Мағынасына қарай:

1.Көңіл-күй одағайы - адамның түрлі көңіл-күйін  білдіреді: таңырқау, қуану, өкіну, ұнату, шаршау,         шошыну, риза болу (алақай, әттең, шіркін, пай-   пай, уһ, япырау).

2.Жекіру, бұйыру одағайы - жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді (тәйт, жә, тек).

3.Шақыру одағайы - мал, ит-кұсты шақыру не кууға байланысты айтылады (шөре-шөре, кә-кә).



Құрамына қарай одағай 2 түрге бөлінеді: дара одағай - бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұратын одағай (алақай, әттең, тәйт), күрделі - екі сөздің қосарлануынан, бірігуінен жасалған одағай (жәрәкімалла, көс-көс, пан-пан).

Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) одағай сөздер негізгі одағай - бөлшектеуге келмейтін түбір одағай сөз (ой, ей, е, әй), туынды одағай сөз - бірігу, қосарлану арқылы жасалған одағай сөз деп бөлінеді: (әттеген-ай, апырай).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет