Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады: Көгілдір аспан аясында
шүғылалы күн бейнеленген.
Сөйлем соңында келіп баяндауыш болады: Бүгін ауа райы суық.
Заттанып келіп, толықтауыш болады: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Заттанған сын есім атау септігіне тұрып, бастауыш болады: Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады: Ол әнді жақсы айтады.
САН ЕСІМ
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?
деген сұрактарға жауап береді.
Кұрамына қарай сан есім 2 топқа бөлінеді: дара сан есім - бір ғана
түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (бес, жүз, мыңыншы, ондаған),
күрделі - кемінде екі сөзден түрады (он бес, жүз екі, мың тоғыз тоқсан бесінші).
Достарыңызбен бөлісу: |