1. Түбір сөз Туынды сөз


ДАРА СӨЗ КҮРДЕЛІ СӨЗ



бет2/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ

ДАРА СӨЗ

КҮРДЕЛІ СӨЗ

    1. Түбір сөз

    2. Туынды сөз



1. Қос сөз

2. Біріккен сөз

3. Қыскарған сөз

4. Тіркескен сөз



 

ҚОСЫМШАЛАР

 


ЖАЛҒАУ

ЖҰРНАҚ

 1. Көптік

 2. Септік     

 З. Жіктік

 4. Тәуелдік

                            


1. Сөз тудырушы

2. Сөз түрлендіруші



 

СӨЗ ҚҰРАМЫ

 

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді.



1.Түбір сөз. Сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі.ауыл, адам, оқу, арман.

2.Туынды сөз. Түбір сөзге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.   

    ауылдық, адамгершілік

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Күрделі сөздердің өзі жасалу жолына қарай 4 түрі болады:

1.Біріккен сөз. Екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, бір сұраққа жауап береді.

а) құрамындағы түбірлер сақталып отырады: Жолсерік (жол+серік),сенімхат (сенім+хат);

ә) құрамындағы сыңарлары өзгертіліп бірігеді. Мұндай сөздерді кіріккен сөз деп атайды. Биыл (бұл жылы),жаздыгүні (жаздың күні), сексен (сегіз он).

2.Қос сөз. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер. Қос сөздің 2 түрі бар:

а) қайталама қос сөз: Жүзбе-жүз, бірте-бірте, қора-қора;

ә) қосарлама қос сөз: кәрі-жас, барып-келіп.

3. Қысқарған сөз. Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚарМУ -  Қарағанды Мемлекеттік Университеті, М.Ә.- Мұхтар Әуезов,  мм - миллиметр.

4. Тіркескен сөз. Екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі:



а) күрделі зат есім: ауыл шаруашылығы, Республика алаңы;
ә) күрделі сын есім: қызыл күрең, ақ сары,


б) күрделі сан есім: қырық үш, елу бес.

в) күрделі үстеу: тез арада күн ілгері.

г) күрделі етістік: қаптып кетті, жатып алды.

Қосымша:

Сөз тіркесі мен тіркескен сөздің айырмасы:

а) сөз тіркесі ең кемі екі сөзден тұрады және екі сөз өз алдына жеке мағынаны білдіреді. Мысалы: ашық аспан; қоңыраудың дыбысы, қар жауды.

ә) тіркескен сөз ең кемі екі сөзден тұрады, бірак екеуі бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қырық жеті; қызыл күрең; сәлем салды; т.б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет