1. Түбір сөз Туынды сөз


ЗАТ  ЕСIМ МЕН ЕСIМДIКТЕРДIҢ



бет4/13
Дата14.12.2021
өлшемі62,26 Kb.
#126891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ
50 әдістер, Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік
ЗАТ  ЕСIМ МЕН ЕСIМДIКТЕРД

ТӘУЕЛДЕНУ ФОРМАСЫ

 

Түбір сөзге -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Бұл жұрнақтар үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларға жатады.

Сұрақтары: Кімдікі? Ненікі?

1)дауысты дыбыстарға аяқталған түбірге -нікі жұрнағы жалғанады: Сәуленікі

2)ұяң (ж,з) және үнді дауыссыздардан кейін -дікі жұрнағы жалғанады: біздікі

 

КӨПТІК ЖАЛҒАУ

 


Сөзге көптік , жинақтық мағына береді, заттың ортақ екенін көрсетеді.

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

Гүл+дер, көше+лер, қыз+дар, кітап+тар,
көз+дер, тіс-тер          


 

СЕПТІК ЖАЛҒАУ

 


Сөз бен сөздің арасын байланыстырады.

Атау септік - 0

Ілік септік – ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің- Кімнің? Ненің?

Барыс септік – ға/- ге, -қа/-ке, -а, -е, -на/-не - Кімге? Неге? Қайда?

Табыс септік   - ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н - Кімді? Нені?

Жатыс септік –да/-де, -та/- те, -нда/-нде - Кімде? Неде? Қайда?

Шығыс септік – нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен  - Кімнен? Неден? Қайдан?

Көмектес септік - мен, - бен, -пен - Кіммен? Немен?

 

 

 



Жай септеу

Тәуелді септеу

 

А.с. ой, тас

А.с. ойым (І-ж), тасы (Ш-ж)

 

I.с. ой+дың, тас+тың

I.с.ойым+ның, тасы+ның

 

Б.с.ой+ға, тас+қа

Б.с. ойым+а, тасы+на

 

Т.с. ой+ды, тас+ты

Т.с. ойым+ды, тасы+н

 

Ж.с.ой+да, тас+та

Ж.с. ойым+да, тасы+нда

 

Ш.с.ой+дан, тас+тан

Ш.с. ойым+нан, тасы+нан

 

К.с. ой+мен, тас+пен

К.с. ойым+мен, тасы+мен

 

Тәуелді септеудің жай септеуден айырмашылығы:

Барыс септікте: І, ІІ жақтан кейін  -а, -е жалғаулары, III жақтан кейін -на,-не;

Табыс септікте: III жақтан кейін  жалғауы;

Жатыс септікте: III жақтан кейін -нда, нде жалғаулары.

 

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ

 

Заттың біреуге, не бір нәрсеге меншікті екенін көрсетеді



Жекеше түрі

Көпше түрі

I жақ     -м, -ым, -ім

I жақ -мыз, -міз, -ымыз, -іміз

II жақ    -ң, -ың, -ің

II жақ  -ларың/-лерің, -тарың/-терің,

 -дарың/-дерің



     -ңыз, -ңіз, -ыңыз, - іңіз

 - ларыңыз/-леріңіз, -тарыңыз/-теріңіз,     

  -дарыңыз/-деріңіз



III жак   -сы, -сі, -ы, -і

 III жақ  -сы, -сі, -ы, -і

Оңаша тәуелдену

Ортақ тәуелдену

Менің әке+м, дәптер-ім

Сенің әке+ң, дәптер+ің

Сіздің  әке+ңіз, дәптер+іңіз

Оның әке+сі, дәптер+і



Біздің әке+міз, дәптер+іміз

Сендердің әке+лерің, дәптер+лерің

Сіздердің әке+леріңіз, дәптер+леріңіз

Олардың әке+сі, әке+лері, дәптер+лері



 

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ

 

Жалғанған сөзге даралану, салыстыру мағынасын білдіреді.



Мен -мын/-мін,-бын/-бін,-пын/-пін

Сен    - сың/-сің

Сіз      -сыз/-сіз

Ол       -----------

Мен әншімін

Сен студентсің

Сіз спортшысыз     

Ол күйші.

 


Біз     -мыз, -міз, -быз, -біз, пыз, -піз

Сендер   -сыңдар, сіңдер

Сіздер    -сыздар, сіздер

Олар              --------------

Біз оқушымыз

Сендер студентсіңдер

Сіздер спортшысыздар

Олар балықшы

 


 

ЕТІСТІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

 


Жекеше

Көпше

I-жақ Мен отыр+мын,  келе+мін                                     

II-жақ Сен отыр+сың, келе+сің

             Сіз отыр+сыз, келе+сіз



III- жақ Ол отыр, келе+ді

 


I жақ Біз отыр+мыз, келе+міз

II-жақ Сендер отыр+сыңдар,    

                          келе+сіңдер

Сіздер отыр+сыздар, келе+сіздер

III- жақ Олар отыр, келе+ді

 


 

 

 



СӨЗ ТАПТАРЫ

 

Тіліміздегі барлық сөз өзіне тән грамматикалық белгілеріне қарай топтарға бөлінеді. Ол топтар сөз таптары деп аталады. Сөз таптарына тіліміздегі сөздер категориялық мағыналарына, морфологиялық белгілеріне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінеді.



 

1.       ЗАТ ЕСІМ

2.       СЫН ЕСІМ

3.       САН ЕСІМ

4.       ЕСІМДІК

5.       ЕТІСТІК

6.       ҮСТЕУ

7.       ШЫЛАУ

8.       ЕЛІКТЕУ СӨЗ

9.       ОДАҒАЙ

 

 ЗАТ ЕСІМ

 

Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

Құрамына қарай зат есім 2-ге бөлінеді: дара зат есім - бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (есептер, сандық, балалық), күрделі зат есім - кемінде екі сөзден (біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады (баспана, тіл саясаты, оң-сол).

Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) зат есім 2-ге бөлінеді: негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім (құр, дене, сан, адам), туынды зат есім - түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім (бас+тық, жау+шы).

 Жалпылай немесе жекелей атауына қарай да зат есімдер 2 топқа бөлінеді: 1) жалпы зат есім - біртектес заттардың жалпы атауы (мемлекет, тау, кісі);

2) жалқы зат есім - біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары (Мұрат, Іле, Қарағанды, СҮ «Әлем»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет