1 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі



Дата28.01.2018
өлшемі28,05 Kb.
#34835
1 технологиялық карта.

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Қазақ тілі.

Тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты:

1.Ойыншық атауларымен, қимыл әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (тұр,отыр, бар,жоқ).

2. Дидактикалық ойындар арқылы жаңа сөздерді бекіту.

3.Ойыншықтарын күту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекті құралдар: ойыншықтар(доп, машина,қуыршақ) суретті сөздіктер.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмысы:

Билингвальді компонент: ойыншық-игрушка, рақмет-спасибо, благодарю,доп-мяч, қуыршақ-кукла.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын!

1.Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірге қосылып айтады.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

2. «Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны.

-Мынау кім?

-Мынау не?


-Рақмет.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

-Мынау-қыз.

-Мынау-ұл.

-Мынау-қуыршақ.


Ұйымдастырылық-

ізденістік

3. Топты бағдарлап, не көріп тұрғандарын сұрау.

«Қимылды ойыншықтар» дидақтикалық ойыны. Шарты: балалар өздері қалаған ойыншықтарды көрсетеді. Қимылмен салады немесе олардың қалай дыбыстайтынын дауыстап айтады.

4.Дыбыстық жаттығулар:

ОЙ-ОЙ-ОЙ-ОЙЫНШЫҚ.

ДО-ДО-ДО-ДОП.

5.Сергіту сәті:

Мен әдемі қуыршақпын,

Оңға, солға бұрыламын.

Допты жерден аламын,

Қайта жерге қоямын.

6. «Кім тапқыр» дидактикалық ойыны.

Балалардың есете сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізеді. Оқутушы айтқан сөздерге сәйкес суреттерді көрсетеді.



-Қуыршақ.

-Машина.


-Аю.

-Қоян.


-Робот,т.б.

Балалар бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды (айнамен).

Тақпақты қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Ойыншықтар: аю,доп, қуыршақ.



Рефлексиялық түзетушілік

7. №2 үлестірмелі материалдармен жұмыс:

Суреттер арқылы сөздерді қайталау.

Ұл мен қызға қажетті ойыншықтарын сызбамен қостыру және қайталау.


-Ұлға машина, қызға қуыршақ.

-Ұл,қыз.


-Машина.

-Қуыршақ.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ сөздерінің аудармасын біледі;

Игереді:үлестірмелі материалдармен жұмыс жасай отырып, тапсырманы түсініп, дұрыс орындайды;

Меңгереді:ойыншықтардың қазақша атауын меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет