1-текущий контроль (3-апта)



бет1/2
Дата27.04.2023
өлшемі24,82 Kb.
#175565
  1   2
Байланысты:
1-тк, қашықтықтан о.п


1-текущий контроль (3-апта)
1 тақырып. Қашықтықтан оқытудың модельдері мен технологиялары.
Жұмыс 1
1. Қазіргі уақытта Қазақстан тек білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
2. Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады.
3. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.
Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.
4. Қашықтықтан білім берудің мақсаттары келесідей тұжырымдалуы мүмкін:
1) оқу процесіне ең жаңа білім беру технологияларын енгізу және осы арқылы заманауи білім кеңістігін құру;
2) мұғалімдер басшылыққа ала отырып, оқушылардың өз бетімен іздену жұмысын ынталандыру;
3) репродуктивті білім беруден анағұрлым заманауи білімге біртіндеп көшу: шығармашылық
Осы мақсаттарға жету үшін қашықтықтан оқыту бастапқыда бірқатар іргелі мәселелерді шешуі керек. Жалпы формада олар келесідей тұжырымдалуы мүмкін.
Білімді сертификаттау. Қашықтықтан оқыту режимінде білімді сертификаттау студенттің бақылау тестілері мен өлшеу материалдарын электронды түрде жіберу арқылы жүзеге асырылады. Бұрын проблема басқа адамдардың көмегінсіз тапсырманы студенттің өзі орындаған сенімділікті анықтауда болатын. Енді бұл мәселе жаңа байланыс құралдарының көмегімен шешілді (мысалы, Skype, бейне қоңырау және бейнеконференциялар өткізу мүмкіндігі бар Интернет-телефония бағдарламасы). Олардың арқасында білімді бақылау нақты уақыт режимінде, оның ішінде мұғалім мен оқушының «бетпе-бет» қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Студентпен кері байланысты ұйымдастыру. Бұл тапсырма мұғалімнің білім беру процесін уақытында түзетуі үшін маңызды.
5. Қашықтықтан оқыту түрлері:
- Бейнеконференциялар
- Аудио конференция
- Компьютерлік телеконференциялар
- Қашықтықтан білім берудегі бейне дәрістер
- Чат сессиялары
- Веб-сабақтар
- Радио және телекоммуникация техникасы
- Ұқсас бейнелер
- Түсініктемелер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет