Ара ұясы. Ірі сары араның ұясы үй дөдегелері, ағаш бұтақтары, биік шөптердің ішінде және жапсар тас аралығында болады. Бұл Шыңжанның барлық жерлерінде таралған. Әсіресе Алтай тауларында көп болады.Жинау және өңдеу. Араның ұясын күзде немесе қыста жинап алып, азырақ буланғаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп, турап, қуырып жасайды. Дәмі тәтті болады. Ем болатын аурулары
Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясы үлкенінің бір данасы мен кішілеуінің 3-4 данасын жалқы өскен у сарымсақпен қосып жаншып, ауру жерге таңады.
Тері қышымасына да пайдалы. Ол үшін ара ұясын (өңделген) спиртке 7 күн шылап, 8-күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
3.Емшек безі ісінгенде, ара ұясын отқа өртеп, 6 г суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне екі-үш рет ішеді.
4. Ыстық суықтан тіс қақсағанда, өңделген ара ұясын суға бұктырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
5. Ара ұясы таз жарасына қолданылады. Ол үшін 2 қырықаяқты, белгілі мөлшерде ашудасты талқандағаннан кейін, ара ұясының ішіне салып, артынан біраз отқа қыздырып, кендір майына араластырып, таз жарасына жағады.
6.Баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
7. Іш ауруына (дизентерияға) ара ұясын кептіріп,
ұнтақтаған соң, күніне 0,3 грамнан екі-үш рет ішеді.
Пайдалану мөлшері: 2 - 4 г. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар.
Ара балы. Ара-ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысты араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жағы жарғак қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1 - 4 қара белдеулері бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Бауыр жағындағы төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.
Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы арадан сәл үлкен, басы шар тәрізді, күрделі, көзі үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай-ақ балауыз шығаратын балауыз безі болмайды.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасы жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау, сондай-ақ қорғау міндетін атқарады.
Араның бөліп шығаратын балауызынан, улы сұйықтығынан, балынан дәрі жасалады. Қытайдың барлык жерінде өсіріледі деуге болады. Жинау және өңдеу. Жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрі жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған соң сүзгіден өткізіп әзірлейді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдерінде тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристалға айналады. Бал тәтті, дәмді, усыз болады. Ем болатын аурулары:
Үйреншікті іш қатуға 60г бал мен 15 қара күнжіт дәнін араластырып, екіге бөліп, қайнаған сумен күніне екі рет ішеді.
Асқазан мен он екі елі ішек жарасына 60г бал, 9г шикі қызыл мия тамыры, 6г мандарин қабығына қажетті мөлшерде су қосып қайнатып, самасын сүзіп тастап, күніне үш рет ішеді.
3.Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шашқанда, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып езіп, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады. 4.Ауызға ауыздық қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы мен балды қосып езіп, әзірленген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотырға да жағады.
Отқа, қайнаған суға күюден болған жеңіл жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан бал жағады.
Бал мен уксусты қосып, тісті 3-4 рет жуса, тістін түбі бекемделеді, аппақ болады.
Омырау сүтіне сиыр және ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып, жылытып, құлаққа тамызса, құлактың түрлі ауруларын жазады.
Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
Қан қысымы көтерілгенде, 50г зығыр мен 60г балды 220г қайнаған суға қосып, күніне екі рет ішсе, қан қысымын төмендетеді.
10. Мейітті бір мезгіл сақтауға тура келгенде, бүтін
денесін балменен тегіс сылап қойса, мейіт тиісті уақытқа
дейін бұзылмайды. Пайдалану мөлшері 10 - 20 грамнан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар мен А, Д, Е витаминдері бар.
Арала - жапырақ төгетін ағаштың жемісі, көбінесе ыстық үйектерде өседі. Қытайдағы Юннан, Гуаңшы өлкелерінде колдан өсіреді. Араланың шыққан жері - Индия, Пакистан. Бұл шөптің дәмі ащы болады. Ем болатын аурулары:
1. Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына, жалақ жараға, үлкен дәретке қан араласып келгенде, көтенішектің айналуына, геморройдан қан шығуға ем болады. Арала мен қызыл миядан 1,5,грамнан, саранадан 15г, стимонадан 12г ұнтақтап, суға қайнатып, 4-5 грамнан үш рет ішсе, кеңірдекшелердің созылмалы қабынуы жазылады.
2. Асқазан, ішек жараларына араладан 3,5г, белетилладан 1г, қызыл миядан 1г, тырнагүлден 1,5г, сасық миндуанадан 3мг қосып талқандап,салмағы 6г оқ дәрі жасап, 1 данадан күніне үш ретт ішеді.
3. Асқазан, ішек жолдарына жел байланғанда, 2 дана араланы ұнтақтап, 2 кесе сүт, 1 кесе су, қойдың 1 кесе ерітілген құйрық майын қосып қайнатады. Суы суалып, 2 кеседей қалғанда тоқтатып, бір кесесін ішеді. Тосапты ішкеннен кейін жүрек айныса, артынан қою шай ішу керек. Дене қызып, ағыл-тегіл терлесе-дәрінің желді айдағаны. Бір тәулік өткеннен кейін тосаптың қалғанын ішеді. Бұл желді айдап, көк бауырды әрлендіреді.
Аю еті. Аю биік таулы, орманды өңірлерде мекендейді. Тянь-Шань тауларында, әсіресе Алтай тауларында көп кездеседі. Аю еті нығыз, талшықтары жуантық келеді. Құрамында 7-27% белок, 26-79% май бар. Дәмі тәтті болады. Аю еті көп кекіру, асқзанның қыжылдап, жайсыздануына, жұмыршақ ауруына пайдаланылады. Ол үшін бір кесек (200 - 300 г) етті ұсақтап турап, өз майына қуырады. Үстіне су құйып, баппен баяу пісіріп, бірнеше рет жесе, жұмыршақ, ішек жолдарындағы желді айдайды, көк бауырдың қызметін күшейтеді.
Аю өті. Аюды атып алғаннан кейін, етін аңызақты, көлеңкелі орынға іліп кептіреді. Өт кепкенде, сыртқы қабығын алып тастайды да, ішіндегісін талқандап, тиісті орында сақтайды. Кермек дәмді, усыз болады. Ем болатын аурулары:
1. Дене температурасының көтерілуінен болған сандыраққа, талма және сіреспе ауруларына 1г аю етін қайнаған сумен ішеді.
2. Көздің дәнекер қабығының созылмалы қабынуына, мүйізгек қабығының ағаруына қолданылады. Ол үшін аю етінен біраз алып, таза суға ерітіп, көзге тамызады. Немесе сары маралдың етін қосып, сұйылтып тамызады.
3. Сом және шиқан күйіп-жанып сыздағанда, аю өтінен біраз алып, таза суға ерітіп, жараның сыртына жағады.
4. Ұзаққа созылған жөтелге, балалардың көкжөтеліне аю етінен белгілі мөлшерде алып, суға езіп, қантқа тамызып (бір шақпақ қантқа он сегіз тамшы), күніне екі рет ішкізеді.
5. Балалардың шошымасына бұршақтай аю етін омыраудың сүтіне езіп, ішкізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |