1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет11/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

Қой ені. Ем болатын аурулары. Қойдың ені бүйректің қызметін жақсартып, жыныстық шабытты күшейтіп, шауқатты молайтады, көзді нұрландырады. Белсіздікке, жыныстық шабыт төмендегенде жас қошқарлардың (тоқты, қошқар болса тіпті жақсы) енін (бірнешеуін) шыбығымен қосып алып, тазалап жуып, азырақ тұз салып, бұқтырып қайнатады да, әбден піскенде етін жеп, сорнасын ішеді. Бұл емді 7 - 15 күн бойы істеу керек.

Қойдың бірнеше енін тазалап жуып, оған жер қазығынан 15г қосып қайнатып, піскеннен кейін етін жеп, сорпасын ішеді.

Қой еті Ем болатын аурулары

1.Көзге түскен аққа жаңа сойылған қойдың етіне тазаланған су қосып, сұйылтып, күніне екі рет тамызады.

2.Ақ сары теміреткені кетіру үшін де колданылады. Ол үшін теміреткенің бетін спиртпен, айналасын шеменмен шабақтап, сарысуын шығарып, бірнеше күн бойы жағады.

3.Шаштың арасына ұсақ бөрткен түскенде, шашты қырғызып, онан соң сабындап жуып, артынан сумен сұйытылған етпен жуса, бөрткен жоғалады.

Қойдың ток ішегі. Жас балалардың көкбауыр қызметінің қалыпсыздығынан болатын ауруды емдеу үшін ту қойдың немесе еркек қойдың ток ішегін, шажыркай майын сыпырмай, дөңгеленген күйінде науқас баланың кіндігінің үстіне қойып, жылылап орап жатқызады. Егер ішектің жылуы төмендесе, торсыққа жылы су құйьш (40-50°С), үстінен жылу өткізеді. Бала терлеп, рақаттанады. Осы ем бірнеше рет жасалса, бала жазылады. Бұл - бөбектерде болатын «жел шетпе» деп аталатын аурудың емі.

Қой қарны. Жел-құздан болатын асқазан, ішек жолдарының ауруына, әйелдер ауруына және құяңға колданылады.



Емдеу едісі. Семіз ту қойды сойып, науқас адамның астын жұмсактап, төсекке екі аяғын көсілтіп отырғызады да, сойылған қойдың қарнын жылы күйінде дереу науқас адамның құрсағына қойып, жылы орап тастайды. Шамамен жарты сағаттан кейін адамнан ағыл-тегіл тер шығады. Адам сүйсінеді, шөлдесе, әлсін-әлсін сусын ішкізеді. Шамамен 2-3 сағат мөлшерінде қарының жылуы қайтады. Осы кезде адамды шығарьш алып, тазалап жуындырады (суық тиюден сақтану керек). Бойға жылу беретін, тез қорытылатын тағамдар ішкізіледі, бірнеше күн сорпаланып күтіледі.

Қой терісіне түсу.Қазақ халқы көшпелі ел болғандықтан, табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына кезігіп отырғаны мәлім. Жатын орынның ылғалдылығынан, қыстағы суық ауаның ызғарынан, одан қорғанатын жабдыктардың аз болуынан көбінесе жасы ұлғайған ер-әйелдер жел-құз, құяң ауруларына шалдығады. Емшілер адамдарды науқастан айықтыру мақсатында алуан түрлі амалдар қолданған. Соның бірі - қойдың терісіне түсіп емделу.

Емдеу әдісі. Жақсы семірген еркек немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Содан соң күзде піскен әрменді бүрімен қоса қайнатып, оның иілін терінің ішіне құяды. Науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастан, аяғына дейін орайды. Адам жылы жамылып, терінің ішінде 2-3 сағат жатады. Уақыты болғаннан кейін тазаланып жуынады. Өзін жылы ұстап, сор-паланып, бірнеше күн күтінеді. Мұның жел-құз ауруына емдік қасиеті күшті.

Қой өкпесі. Ем болатын аурулары. Қойдың өкпесі құрғақ, ыстық, усыз болады. Адамның өкпесін күшейтеді. Жөтелді тоқтатады, шөлді басады. Несеп көп келсе, қалпына келтіреді. Уытты басып, ісікті қайтарады. Жөтел демікпесіне дені сау жас қойдың өкпесін тіліп, сірке суына қайнатып, піскеннен кейін күнінө екі рет үлкен екі жапырақтан жесе, қақырықты босатып, жөтелді басады.

Қой шуы.Шуды тазалап жуып, жөлқақты көлеңке орында сасытпай кептіреді. Майдалап, ұнтақтап, өңдегеннен кейін, оны басқа қуаттандыратын дәрілермен араластырып ішеді. Бұл дәрі бүйректі күшейтіп, шауқатты молайтады, семіртеді.

Қой қаны. Ем болатын аурулары. Қойдың қаны әйелдерде босанғаннан кейін болатын салқын қанды талманы және босанғаннан кейін жыныстық шабыттың тоқтап қалуын емдеуге қолданылады. Жоғарыдағы аурулар басталғанда, қойдың жылы қанынан аздап ішкізсе, ауру адам тез жазылады (көп ішуге болмайды), өйткені қан ондай сіңбейтіндіктен, ас қорыту жолдарын бұзады.

Қойдың жілік майы. Адам организмі түберкүлезден әлсізденгенде, жас балалар науқастан арықтағанда, қойдың жілік майын ұзағырақ уақыт жеткізсе, денсаулығы тез қалпына келтіреді.

Қойдың қарын жыны. Ем болатын аурулары. Қызыл асық буыны, тізе қара жел ауруына шалдығып, сырқырап қақсағанда, қойдың жынымен булайды. Жаңа сойылған қойдың қарнына жынымен қоса ыстық су құйып, оны орнықты жерге қояды. Қарынның үстінгі жағын аяқ сыятындай етіп жарып, екі аяқты жынның ішіне батырады да, жылы орынға отырады. Егер терлегендегі су салқындаса, жаңалап ыстық су құйьш, жүрек қаққанша шыдап терлейді. Буланудан шыққаннан кейін, терді кептіріп, денені жылы ұстайды.

Қой сүйегі. Ем болатын аурулары.


  1. Абайсыздан жұтып қойған металл теңгені түсіру үшін қойдың бас сүйегін немесе басқа сүйектерін күйдіріп, күлін ішкізеді.

  2. Жылап, көгөріп-сазарып қалатын жас балалардың долылық ауруына қойдың тіс сүйегін күйдіріп, күлін ішкізеді.

  3. Аяқ-қол, саусақ буындары оқыстан қайрылып ауырғанда, қойдың жүнін (жібітіп) сірке қышқылына шылап, таңса, ауырғаны тез басылады.

Қой майы. Қойдың майы құйрық май, шарбы май, бүйрек май деп үшке бөлінеді. Дәрі ретінде көбінесе құйрық май пайдаланылады. Ем болатын аурулары

1. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық

майды шыжғырып, 50г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді.

2. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.


  1. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады.

  2. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді.

Қой жүнінің шуашы. Жинау және жөңдеу. Шуаш қойдың жазғытұрғы жабағы жүнінен алынады. Қойдың жүнін қазандағы суға салып, қайнатып, жүнді сығып алып тастап, суын бірнеше рет сүзгіден өткізеді. Сүзінді суды шыны ыдысқа құйып, қоюланғанша қайнатады. Қоймалжың болған кезде, салқындатады. Бұл суды дәрі ретінде пайдаланады. Ем болатын аурулары

  1. Тері жарылып, қолға қиғақ түскен кезде шуаштың майынан белгілі мөлшерде алып, сүттін кілегейіне араластырып, жарылған немесе қиғақ түскен орынға (жуып тазалағаннан кейін) күніне екі рет жағып, күн нұрына немесе отқа қақтап, теріге сіңіреді.

  2. Белгісіз ісіктер пайда болғанда, терінің бетін жуып, тазалап, шуаштан белгілі мөлшерде жағып, таңып қояды. Күнара ауыстырып отырады.

  3. Буынның жел-құздан болатын ісігіне шуашты тері күймейтіндей етіп, отқа ысытып, дәкеге құйып, бүктеп, ауырған орынға таңады. Күніне бір рет ауыстырады. Немесе шуашты жылкының еріген майына араластырып, отқа, күнге қыздырып, ауырған жерге жағады.

Денеге жағу үшін тиісті мөлшерде жасалады. Құрамында сірке қышқылы, холестерин бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет