1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет16/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

САСЫҚ КҮЗЕН

Сасық күзеннің дене тұрқының ұзындығы 25 - 40см., құйрығының ұзындығы 15 - 18 см. Дене салмағы 1 кг шамасында, еркегі ұрғашысынан үлкендеу, тұрқы ұзын, аяқтары қысқа, құйрық жүндері қылшықты, салалы келеді. Айланшығының екі жағындағы бір жүн безінен сасық газ шығарып, өзін қорғайды. Бүкіл денесі сары, бауыр жүні ақшыл, сары түсті келеді. Мұрнының айналасында қылшықты мұрты болады. Екі көзінің аралық жүндері қаралтқым келеді.

Орманды өзен бойларында, жарқабақтардың қуыстарында, бұталардың арасында мекендейді. Сасық күзен көбіне түнде жортады. Сезгіш, көреген, суға жүзгіш келеді. Шыңжанның барлық аудандарына таралған.

Ем болатын аурулары

Жіңішке ауруға сасық күзенді тұтас өртеп, күлін талқандап, 3 г күлге кәмпит, 3 г ағаш қабығын қосып, бір бал қасықтан қайнаған сумен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 1,5-3 г.



ҚЫРҒАУЫЛ

Қырғауыл - шұбар ала, өте сымбатты, көрікті құс. Еркегінің құйрығы ұзын, төбесінде алтын түсті сары төбелдірігі болады. Ақ мойнақ белгісі бар. Денесінің ұзындығы 90 см. Таулы жерлерде, орман-тоғайларда мекендейді.

Қырғауылдың еті жұмсақ, сіңімді, қанды көбейтеді, миды қуаттандырады.

Ем болатын аурулары



  1. Қырғауылдың етін 3 күн ұдайы қақтап жесе, миды қуаттандырады, ұйқыны жақсартады, қанды молайтып, денені семіртеді.

  2. Қырғауылдың өтін немесе қанын ақ түскен көзге тамызса, ақ ұшады.

  3. Мидағы бегеттерді ашып, ұмытшақтықты азайту үшін қырғауылдың етін күніне бір-екі рет мұрынға тамызады.

  4. Қырғауылдың сүйегін өртеп, күлін ұзаққа созылып, жазылмаған жараның бетіне себеді.

  5. Қырғауылдың құйрық қауырсын жүнін күйдіріп, күнжіт майымен өлтіріп, тілме жараның бетіне таңса, ісікті қайтарады.

  6. Қырғауылдың қанат, құйрық қауырсындарын отқа өртеп, күлін суға майдалап езіп, шашты жуса, ағарған шаш қараяды.

Пайдалану мөлшері жағдайға байланысты.

СҮЛІК

Тоқтау су, көлшік, күріш атызы және жазық көлдерде мекендейді. Бүкіл Шыңжанға таралған.



Жинау және өңдеу. Сүліктің барлық денесі дәріге пайдаланылады. Сүлікті қайнаған суға салып өлтіріп, турап алады. Немесе кепкен сүлікті қыздырылған құмға салып, азырақ ісінгенше қуырып, онан соң құмын тазалап, сүлікті салқындатады. Кермек дәмді уы бар.

Ем болатын аурулары

ҚАНДЫ ыдыратып, қабарғанды қайтарады, етеккірді келтіреді, несепті молайтады.

1. Қан ұйып, етеккір келмегенде, құрсақта қатты өспе білінгенде, сүліктен 3 г, сонадан (басын алып тастан) 3 г, аю балдырғаннан 3 г, ақ шұғынықтан 6 г, піскен оймақгүлден 9 г, иісті тамырдан 4,5 г суға қайнатып ішеді.
Немесе сүліктен 3 г, аю балдырғаннан 9 г, шабдол дәнінен 9 г, гүлбуыннан 9 г суға қайнатып ішеді.


  1. Жығылып жараланғанда, қан ұйып, ісінгенде, сүлік, тазаланған сор, рауғаштан тең мөлшердө талқандап, сірке суын құйып араластырып, жараланған жерге танады немесе көптірілгөн сүліктің 30 грамын талқандап, дәрілік сары арақпен ішеді.

  2. Сыртқы жарадан қан аққанда, кептірілген сүлік пен ағаш қынаны тең мөлшерде талқандап, қан шыққан жерге сеуіп қояды.

Ішуге 1,5- 3г, дененің сыртына жағу үшін қажетіне қарай пайдаланылады.

ЖАРҚАНАТ

Жарқанат - жарқабақтың қараңғы тесіктерін, жарты қуыстарын, үйлердің дөдегелерін мекен етеді. Жаз және күз мезгілінде күндіз дем алып, түнде шығып, жәндіктер ұстап жеп қоректөнеді. Ал қыста ұзақ ұйқыда болады.

Жинау және өңдеу. Жарқанаттың құлағы, өті дәрі болады. Жылдың төрт мезгілінде бірдей жинап алып, тазалап кептіреді. Дәмі ащы, усыз болады.

Ем болатын аурулары



1. Жамбас сүйек, бел, ұсақ буындар ауырғанда, суықтың салдарынан денеде ісік пайда болғанда, жарқанаттың өтін сілікпе етіп пісіріп, сорпасын ішсе, ем болады.

  1. Жарқанаттың етін өсімдік майымен қосып пісіріп, майды сал, қалтылдақ болған адамдарға жақса, ауруы жазылады.

  2. Жарқанаттың етін суға қайнатып пісіріп, сорпасын қуығы тұтылған ерлердің несеп жолының аузына тамызса, тоқтап қалған несепті жүргізеді. Жарқанаттың миын пияз суымен қосып көзге тамызса, көзден жас ағуды тоқтатады. Балға қосып көзге таңса, көздің ағын жоғалтады.

ЖАРҚАНАТ ҚҰМАЛАҒЫ

Ем болатын аурулары



  1. Жарқанаттың құмалағын күйдіріп, күлін арақпен ішсе, іштегі өлі баланы түсіреді.

  2. Жарқанаттың құмалағын қуырып жесе, туберкулез жарасына шипа болады.

  3. 3 дана жарқанат құмалағын жылы араққа езіп ішсе, ұрылып-соғылудан болған жарақаттардың ауырғанын басады. Бірнеше рет ішсе, жазылады.

  1. Кұмалақты қуырып, қатысты дәрілермен қосып, суға қайнатып, суын ішсе, ем болады.

  2. Күн аралатып ұстайтын безгекке 9 дана жарқанат құмалағын ашқарында арақпен ішсе, безгектен айығады.

6. Жарқанаттың кептірілген етін талқандап, 3 г ұнтағын арақпен ішсе, ұзаққа созылған жөтелді жазады.

7. Тіс қақсағанда, жарқанаттың құмалағын талқандап, тіске басады.

  1. Құмалақты күнжіт майына араластырып, дизинфекциялап, құлаққа тамызса, құлақтағы бұлақты тыяды.

  2. Құмалақты талқандап, қолтыққа сепсе, колаңсаны жояды.

Пайдалану мөлшері: 3-5 г. Жарқанат құмалағының құрамында несеп қышкылы, аз мөлшерде А витамині бар.

ЖАУЫН ҚҰРТ (ҚЫЗЫЛҚҰРТ)

Құрт бастау, ылғалды, қара топырақты жерлерде мекендейді.

Ж и н а у ж ө н е ө ң д е у. Жауын құрттың бүкіл денесі дәрі болады. Құртты жаңбыр жауып өткеннен кейін, жер бетінен жинап алады. Жауын құртты кептіріп, дәрі жасайды.

Ем болатын аурулары

1. Кеңірдекшелердің қабынуына, дөмікпеге кептірілген жауын құртты ұнтақтап, 3 грамнан күніне үш рет қайнаған сумен ішеді.



2. Жоғарғы қан кысымы ауруына да ем болады. Тірі жауын құртын төгештегі салқын суға салса, ішіндегі лай, қоқыстары шығып тазаланады. Содан кейін оны ұсақтап турап, 2 - 3 тауық жұмыртқасын қосып қуырады
да, қан қысымы төмендегенге дейін күн аралатып жейді.

  1. Жарым дененің жансыздану ауруына жауын құрттан 9 г, шаяннан 6 г, қызыл шұғынықтан 12 г, мақсарыдан 9 г, сайсағыздан 12 г суға қайнатып ішеді.

  2. Кеңірдекшелер қабынғанда (тыныс тарылғанда, сырылдағанда, жетелгенде), 75 г жауын құртына 9 г ащы өрік дәнін (қабығын алып тастап) қосып талқандап, б грамнан күніне екі рет қайнаған сумен ішеді.

  1. Қуық тұтылғанда, жауын құртын суық суға жуып, тазартқан соң оны суда езіп, шырынынан жарым шыны ішу көрек.

  2. Құлақтан қан аралас ірің аққанда, кепкен жауын құртты талқандап, ұнтақты құлақтың ішіне үрлейді.

7. Суырған тістің орнынан қан тоқтамағанда, 3 г кептірген жауын құрт пен 3 г күйдірілген ашудасқа аздап жұпар қосып ұнтақтан, ұнтақты дымқыл дәкеге жағып, қан шыққан жерге басады.

Пайдалану мөлшері: 4,5 - 9 г (ішуге), жағуға тиісті мөлшерде жасалады.



АЛА ҚОҢЫЗ (КҮЛІК)

Ала қоңыздың ұзындығы 1 - 5 см. Басы үшбұрыш формалы, бауыр жағы қара түсті, үлкен көзі томпайып шығып тұрады. Алты аяғы, екі қанаты болады. Қанаттарында сары түсті теңбілдер және көлденең сызықтар болады. Аяқ буындарындағы улы бездері сары түсті улы сұйықтық шығарады. Бұршақ гүлі негізгі қорегі болғандықтан, көбінесе ащы бұршақ тұкымдас өсімдіктердің арасында жүреді.



Жинау жөне өндеу. Коңыздың бүкіл денесі дәрі болады. Жазда немесе күзде таңертең қолғап киіп ұстап немесе шыбын ұрғышпен әлсіретіп, қысқашпен дорбаға салу керек. Бұдан кейін қоңызды қайнап тұрған суға салып өлтіріп, кептіріп, шикідей немесе бас, аяк, қанатын алып тастап, денесі сарғайғанша қуырып жасайды. Дәмі ащы, улы болады.

Ем болатын аурулары

1. Бітеу жараның және шиқанның аузын шығару үшін ала қоңызды талкандап, у сарымсаққа араластырып өзін, балшық дәрі жасайды да, бұршақтың үлкендігіндей етіп, аузы шықпаған жараның аузына таңып, аузы шыққаннан кейін алып тастайды.


  1. Зиянды жәндік шағып ісінгенде, ала қоңыздың біреуінен ұнтақ дәрі жасап, ісінген жараның бетін инемен сопақтау түрде сызып, даярланған дәріні үстіне сеуіп, таңып тастайды.

  2. Құрғақ немесе сулы теміреткіге 15 г ала қоңызды сарғайтып қуырып, бал қосып араластырып, балшық дәрі жасап, таңады.

  3. Ескілікті теміреткіге ала қоңыздың екеуін талқандап, сірке қышқылына араластырып жағады.

5. Бет нервтері жансызданғанда (бетауыз қисайғанда), қоңыздың біреуін ұнтақтап, сумен илеп, оң жақ бет қисайса - сол жағына, сол жағы қисайса, оң жағына таңып кояды.

6. Бадамша без жедел қабынғанда, алақоңыздан тиісті мөлшерде талқандап, аз мөлшерде су қосып, сыртқы теріге таңады. Бадамша без қабынғанда, ауырған жақтың сыртына жағады. Жұтқыншақ қабынғанда, мойынның екі жағынан бірдей таңады. Егер тері қабарса, алып тастап, спиртпен тазалап сүртіп, тазаланған инемен қабарған теріні жару керек.

7. Құтырған ит қауып уланғанда, өңделген ала қоңыздың 1 - 3-уін дәрілік сары арақпен ішкізеді.

8. Бел, аяқ қақсағанда, ала қоңызды қақтап кептіріп, дәріден сіріңкенің басындай алып, ауырған жерге басады.

5 - 6 сағаттан кейін дәрі қойған орын сарғайып қабарады. Дәріні 24 сағаттан кейін алып тастап, қабарған жерді жарып, суын шығарып, онан соң мербробин (мерохром дәрісін жағып, дәкемен таңып кою керек.

Пайдалану мөлшері: 0,3 - 6 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет