1.4 Халық емшілігінде қолданылатын минералды заттар
Сынап - химиялық элементтердің бірі, көшпелі, сусылдақ зат. Әдеттегі температурада ерітілгенде күміс түсті жылтыр сұйықтыққа айналады. Қағаз үстіне қойғанда, ізі қалмайды. Кейде ұсақ түйіршіктерге бөлінеді. Ыстыкта оңай буланады. Суда, спиртте және тұз қышқылында ерімейді. Азот және күкірт қышқылдарында еріп, сынап тұздарының қосылысын түзеді. Көптеген металдармен реакцияласады. Қытайдың барлық жерінен шығады. Кермек демді, улы зат.
Ем болатын аурулары
Құрттарды өлтіріп, уытты қайтарады. Ешкі қотыр, мерез (сифилис), текті жараларға, геморрой және алтын, күміс қалайысы, мыстардың уыттарын қайтаруға пайдаланылады.
1. Ешкі қотырға сынаптан, ашудастан, сандарастан, ашты тамырдан 30 грамнан талқандап, 250 г вазелинге өлтіреді де, араластырып, балшық дәрі жасап жағады.
Сынап және талқандалған қара бұрыштың аз мөлшерін майға өлтіріп, балшық дәрі жасап, теміреткіге жағады.
Аз мөлшердегі сынапты сиыр майы немесе қой майына өлтіріп, мерез жарасына жағады. Осылайша үзбей емдесе, ауру сауығады.
Асқазан, ішек жолдарын қара жел алып, ас қорыту қиындағанда бидайдың деніндей шикі сынап жұтады. Біртіндеп бір грамға дейін ішеді. Ішкен сынап тірі күйінде тік ішек арқылы сыртқа шығады. Сынап ішкен кезде сорпалану қажет.
Аздаған мөлшердегі сынап пен қара бұрышты майға өлтіріп, қолтық қолаңқасына жағады.
Сынаптан жасалған балшық дәріні жұқа шүберекке орап, ішкі киімдердің бір жеріне тігіп қойса, бит тектес паразитті жояды және қайталап түсірмейді. Үй хайуандарының (бұзау, қозы, лақтар) мойнына байлап қойса, кене және бит түсірмейді.
Өлтірілген сынапты тамақ қалдығына қосу арқылы тышқанды құртуға болады. Денеге жағу үшін басқа дәрілермен қосып жасалады (өлтіріп).
Ескерту: сынаптың өте улы екенін емшілеріміз ертеден біледі. Көбінесе дененің сыртына қолданылады. Ішуге өте сақтық жасайды. Бірақ сынаптың улы зардаптарын жете түсінбегендіктен, емдеу барысында кейбір ағаттықтардың болғаны да анық. Сынаптан балшық дәрі жегізу, сынаппен ыстау өте қауіпті.
Сынап түйіршіктері адамның денесіне өткен соң ақ және қызыл қан түйіршіктерін зияндаумен бірге ми мен бүйректі де уландырып, тіс түсу құбылысын тудырады жене буындар арасындағы қалыпты сұйықтарды азайтады. Тіпті ауыр болған жағдайда өлімге де апарып соғады. Сондықтан сынапты ішуге қолданбау керек және дері жасағанда аса сақ болу қажет. Егер науқас адамның уланғаны байқалса, оны дұрыс құтқару жолдарын игеру керек.
Уланудан құтқару әдістері
Сынаптан уланып жығылған науқас адамның аузына күміс теңге салып, 5 минутта бір алып, сүртіп, қайта ауызға салып кою керек. Өйткені денедегі сынаптың өте ұсақ түйіршіктері күміс теңгеге қонады. Қайта-қайта осылай істеу арқылы денедегі сынаптың уытын қайтаруға болады.
Дені сау сиырдың шикі сүтін және тұзсыз сорпа ішкізеді.
Бір білек (мөлшермен 500 г) қойдың құйрық майын кесектеп турап, қақтап пісіріп, бал араластырып жейді.
НАРКҮМІС (АЗОТ ҚЫШҚЫЛ КҮМІСІ)
Суда, спиртте еритін тұссіз, мөлдір кристалл.
Жинау және өндеу. Көбінесе химиялық жолдармен өңдеу арқылы алынады. Дәмі кермек, улы болады. Сұйық ерітіндісі қабынуды қайтару, кою ерітіндісі ұлпаларды күйдіру қасиетіне ие.
Ем болатын аурулары
Қазақ емшілері ұзақ уақыттан бері наркүмісті тері және көз ауруларына қолданып келді.
1. Көз дәнекер қабығының жедел қабынуына, трахомаға наркүмістеи 2%-тік ерітінді дайындап, көзге кұніне екі-үш рет екі тамшыдан тамызады.
Жараның аузы бітпей, ішінен түймешік өт өскенде, 10%-тік наркүміс ерітіндісін дайындап, дайындалған ерітіндіге шыланған мақтаны күкіне бірнеше рет басса, түймешек еттің өсуін тежейді.
Асқазан қышқылы тым көбейгенде, 0.12 г наркүмісті 200 мл суға езіп, күніне үш рет бал қасықпен тамақтан 15 минут бұрын ішеді.
Қолға түскен қиғаққа, жазылмаған созылмалы жараларға да қолданылады.
Пайдалану мөлшері: күніне 0,1 г.
Достарыңызбен бөлісу: |