1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы



бет35/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

84.Кламмерлердің түрлері, жіктелуі. Расулов
Кламмерлердің жіктелуі
Кламмерлердің алуан түрлілігінің арасында келесі түрлерін ажыратуға болады:
1) функциясы бойынша ұстап тұратын, тіреп тұратын және ұстап-тіреп тұратын.
2) орналасқан жері бойынша, тісүсті назубные, қызылиекүсті надесневые(альвеолярлы төсеніштер пелоты), тіс-қызылиекүстілік (Кемени бойынша кламмерлер);
3) протездің базис каркасымен байланыс түрі бойынша: қатты (орнықты), жартылай қозғалмалы (жартылай лабильді, серіппелі, рессорлы), жылжымалы (лабильді, буындық);
4) дайындау әдісі бойынша: бүгілген, құйылған, аралас (комбинирленген)
5) конструкциясы бойынша, бір иықты, екі иықты, көп буынды, шексіз, алып салмалы, сақина және т.б.;
6) материал бойынша: болат, алтын-платина қорытпасы 750-ші сынақ, пластмасс;
7) қимасы бойынша: дөңгелек, жартылай шеңбер. Дөңгелек кламмерлердің диаметрі 0,6-дан 10-12 мм-ге дейін болады. Кламмерлердің бір немесе басқа түрін қолдану ауыз қуысындағы ерекше клиникалық жағдайға және протездің жасалуына байланысты.
Бюгельді протездерді бекіту кламмерлер, әртүрлі штангтар, құлыптар және т.с.с. көмегімен жүзеге асырылады. Кламмерлерді құю немесе сымнан проволоки жасау арқылы алады. Кламмердің түрі мен формасы ұстау мүмкіндігін, сонымен қатар протездік төсеме бойымен шайнау қысымының таралуының біркелкілігін анықтайды. Кламмердің тиімді орналасуына тістің сауыт бөлігі пішінін ұтымды пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Барлық табиғи тіс сауыттары экваторда тістің мойнына қарағанда үлкен мезиодистальды диаметрге ие. Егер біз алдымен тіс сауытының ең дөңес бөлігі бойынша (клиникалық экватор) көлденең сызық, содан кейін біріншісіне перпендикуляр тік сызық жүргізсек, онда тіс беті төрт бөлікке бөлінеді: мезиальды-гингивалды Придесневую және дистальды-гингивальды Придесневую, мезиальды -окклюзиялық және дистальды-окклюзиялық. Төменгі жақтағы үлкен азу тістерде әдетте аздап тілге қарай иілген болады, нәтижесінде тістің тілдік бетіндегі көлбеу қисық окклюзиялық жиекке ауысады, ал мезиалды және дистальды окклюзиялық бөліктер болмауы мүмкін. Осыған қарамастан, вестибулярлық бетінде кламмерді ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз етуге болады. Егер тістердің орналасуында ауытқулар болса (тістердің әр түрлі бағытта қисаюы), онда кламмердің орналасу шарттары нашарлайды. Мұндай жағдайларда жасанды сауыттар немесе салмаларжасауға тура келеді. Кламмер, қандай түрі болсада , келесі бөліктерден , яғни иық, дене, өсінді және окклюзиялық бастырмадан тұрады окклюзионная накладка. Кейбір кламмерлерде бұл бөліктер жартылай, кейбірінде толықтай ұсынылған.Кламмер иығы тіс сауытының вестибулярлық немесе оральды бетіне іргелес болады. Кламмер иығы жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлінеді. Иықтың жоғарғы бөлігі протездің оральды және вестибулярлық бағытта қозғалуына кедергі келтіреді. Экватордан төмен түскен иықтың төменгі бөлігі протезді тік бағытта ұстайды. Кламмердің үш түрі бар: ұстап тұратын, тіреп тұратын және тіреп және ұстап тұратын. Кламмерлердің ұстап тұратын бөліктері сауыттың гингивальді придесневой бөлігінде, тірек бөліктері - оның окклюзиялық бөлігінде, тіреп-ұстап тұратын, олардың қызметіне сәйкес, тіс сауытының тірек (окклюзиялық) және ұстап тұру (гингиваль придесневой) бөліктерінде орналасқан. Протездің кламмері ұстап тұру ретенционную функцию қызметін атқаруы үшін тістер тобында тиісті астар поднутрения болуы керек. Жоғарғы бүйір тістер ұрт жаққа қисайғандықтан, бұл тістердің астарлары бүйір жағында орналасады және тілдік жағында астары жоқ. Иық экватордан жоғары тістің аппроксимальды бетінде орналасқан денеге созылады. Кламмер денесі протездің базисіне салынған және кламмердің бекітілуін қамтамасыз ететін өсіндіге отросток өтеді. Ол жасанды тістер астындағы альвеолярлы жотаның гребня аймағында орналасқан. Протездің базисіне кламмер өсіндісін жақсы байланыстыру үшін өсіндінің аяғы тегістеледі расплющивают немесе оған ұсақ ілгекті тор мелкопетлистую сеть жасалады. Кламмердің тістің окклюзиялық бетінде орналасқан және протезді астындағы шырышты қабыққа түсіп кетуден сақтайтын бөлігі окклюзиялық бастырма накладка деп аталады. Тістердің тірек бетінің анатомиялық пішініне және олардың антагонистермен қарым-қатынасына байланысты окклюзиялық бастырма кламмердің бөлігі немесе протездің тәуелсіз элементі бола алады. Табиғи фиссуралар немесе тістің окклюзиялық бетіндегі қуыстары окклюзиялық бастырмаға тірек ретінде қолданыла алады.
Окклюзиялық бастырма тік шайнау кезіндегі жүктемені тірек тіске ауыстыруға, протездің тірек тіспен және антагонистермен жанасуын қамтамасыз етуге, сонымен бірге протездің жүктеме салдарынан отырып қалуына жол бермеуге арналған. Окклюзиялық бастырма қалыңдығы мен ені бойынша жеткілікті болуы керек. Тіреу бетін жауып тұратын окклюзиялық бастырма жүктемені тістің ұзын осі бойымен толығымен түсіреді, сонымен қатар пародонтқа біркелкі күш жүктеледі. Дәл осындай әсерді бірдей мезиальды және дистальды орналасқан окклюзиялық бастырмалар береді. Тәжірибелік жұмыста көбінесе ұстап тұратын және тіреп-ұстап тұратын кламмерлер қолданылады. Біріншісі алмалы-салмалы пластиналы протезді бекітуге арналған және протезді статикалық күйде ұстайды, ал оны ауыстырған кезде ол протезді бастапқы орнына қайтарады. Мұндай кламмер иықтан, денеден және өсіндіден тұрады. Ол дөңгелек немесе жартылай дөңгелек сымнан жасалады. Материал тот баспайтын болаттан , диаметрі 0,8-1,2 мм алтын негізіндегі қорытпалар болуы мүмкін. Стандартты балауыз дайындамалары да бар, олардан кламмердің барлық бөліктерін жасауға болады. Сым проволочные кламмерлер бір иықты, екі иықты, ілмек тәрізді, көп буынды многозвеньевыми, үздіксіз болуы мүмкін. Сым кламмерлер ұстап тұратын элементтер ретінде де жасалуы мүмкін.
Тіреп- ұстағып тұратын кламмер протезді ұстап тұрады және көлденең және тік шайнау жүктемесін бөлуге қатысады. Ол иықтан, денеден, өсіндіден және окклюзиялық бастырмадан тұрады.
Тірек-ұстап тұратын кламмерлердің түрі –Роуч кламмері деп аталатын ілмек тәрізді кламмер. Оны жасаудың көрсеткіштері тірек тістердің дәнекерленген сауыттармен жабылған жағдайлары болып табылады. Бұл жағдайда ілмек дәнекерленген сауыттардың арасынан өтіп, одан кейін тірек тістің вестибулярлық және оральды беттері арқылы өтіп, протезді мықтап бекітіп, протездің негізіне түседі.
Джексонның кламмері- көлденең сым кламмері ілмек тәрізді кламмердің бір түрі. Ол іргелес тіреу тістердің шайнау-аппроксимальды түйіспелері аймағында орналасқан. Ол көбінесе тіс қатарының зақымдалмаған аймағында қолданылады.
Тұтас құйылған бюгельді протездердің заманауи конструкциялары құйылған тірек-ұстап тұратын түрін жасауды қамтамасыз етеді. Егер бұрын оларды жасау үшін әр түрлі қорытпалар қолданылса (алтын, платина, күміс-палладий, болат), онда соңғы онжылдықтарда кобальт пен хромға негізделген қорытпалар кең тарады. Мұндай қорытпаларды қолдану иықтарды жіңішке және эстетикалық етіп жасауға мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар құйылған кламмерді экватор арқылы енгізуге және иықтың төменгі аймағын ұстап тұру аймағына орналастыруға мүмкіндік береді. Құйылған кламмерлердің конструкциясы сымнан біршама ерекшеленеді. Сонымен, иықтың төменгі бөлігі сым кламмерлерге қарағанда қысқа болуы керек. Құйылған кламмердің төменгі бөлігінде үлкен мықты деформация болады, соның арқасында протездің ұстап тұруы қамтамасыз етіледі.
Тірек –ұстап тұратын кламмер әдетте екі иыққа (оральды және вестибулярлық) және окклюзиялық бастырмаға ие. Бұл жағдайда кламмер әр түрлі жазықтықта орналасқан төрт нүктеде тіспен жанасуы керек. Осылайша жасалған кламмер протездің тыныштық күйінде тірек тіске еркін жабысады, сондықтан қысым жасамайды.
1956 жылы неміс ғалымы Ней тіреп-ұстап тұратын кламмерлердің жаңа жүйесін жасады, ол Ней жүйесі деп аталды. Ней барлық белгілі кламмерлерді бес негізгі формаға топтастырды және оларды қолдануға көрсеткіштер жасады.
№1 кламмер- окклюзиялық бастырмасы бар екі иықты ілмек тіреу тісті қатты ұстап тұрады. Экваторы анық көрінетін тістердегі ақаулары бар тістерге арналған. Иықтың қатты бөлігі иық ұзындығының 2/3, ал серпімді бөлігі 1/3 құрайды.
№2 кламмерде немесе Т-тәрізді иықтармен бөлінген кламмерде окклюзиялық бастырма, вестибулярлық және оральды иықтарда ұзарған өсінділері бар болады. Мұндай кламмердің иықтары тірек тістің сауытының ұстап тұратын бөлігінде жатады.
№3аралас кламмер- бұл бірінші және екінші типтегі кламмерлердің комбинациясы (иықтары әр түрлі).
№4 бір иықты қапсырма - бұл иық протез доғасымен вертикальды өсінді арқылы жалғасқан, ал окклюзиялық бастырма мезиальды немесе дистальді орналасқан.
Сақиналы №5 кламмер шайнау бетінде екі немесе одан да көп окклюзиялық бастырмаыс болады . Кламмердің иығы қызыл иек шетінен 2-3 мм қашықтықта орналасқан стерженмен күшейтуге болады. Мұндай кламмерлер жалғыз тұрған молярлар болған кезде қолданылады.
Сонымен, Ней жүйесінің кламмерлерінде бұрын белгілі болған кламмерлердің барлық негізгі элементтері бар және бұл оларға тірек, тұрақтандыру стабилизирующию және ұстап тұру ретенционную функцияларын орындауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет