83.Толық алмалыпластиналы протез, оның құрылымдық элементтері, клиникалық-зертханалық кезеңдері. Клиника-лабораториялық кезең
1. Науқасты қарау. Анатомиялық қалыпты түсіру.
2. Үлгіні құю. Жеке қасықты дайындау.
3. Гербст бойынша қызметтік сынамаларды пайдаланып жеке қасықты шақтап көру.
4. Үлгілерді құю, тістесімдік біліктері бар балауыз негізді дайындау.
5. Альвеола аралық биіктікті және жақ сүйектерінің орталық арақатынасын анықтау.
6. Жасанды тістерді қою.
7. Протездің балауыз құрылымын ауыз қуысында тексеру.
8. Балауыз құрылымды пластмассаға ауыстыру.
9. Дайын протезді өлшеп-кигізу, тапсыру.
Толық алмалы тіс протезін дайындау үшін стоматолог - ортопед тіссіз жақ сүйектерінен стандартты қасықтардың және альгинатты массалардың көмегімен анатомиялық қалып - өлшем алып , тіс техингіне береді . Анатомиялық қалып - өлшем алу үшін металдан немесе пластмассадан жасалған стандартты қасықтар қолданылады . Толық алмалы тіс протезін дайындау әрбір науқасқа арнайы дайындалған ( индивидуалды ) қасықтарды қолдануды талап етеді . Өйткені арнайы дайындалған қасық қалып - өлшемнің дәлдігін арттырады . Арнайы қасықтарды дайындау үшін қолданылатын материалдар : Пластина түріндегі табақшалар , қалайы , акрил , термопластиктер , балауыз . Жеке адамға арналған мұндай қасықтарды дайындау үшін ең жиі қолданылатын материалдар өздігінен қататын акрилді пластмассалар мен термопластмассалар . Егер қасық өздігінен қатаятын пластмассадан дайындалатын болса , мүсіннің бетіндегі батыңқы жерлері толтырылғаннан кейін , оны пластмассамен тікелей жабады немесе мүсіннің бетіне балауыздың бір қабатын жапсыру арқылы дайындайды . Қалып - өлшем үшін цинк - оксид - эвгенол ( репин ) қолданылатын болса , онда қасық пен мүсін аралығы тарлау , ал альгинатты масса болса аралық кеңдеу болуы керек . Тез қататын пластмассалардан жеке қасықтар екі түрлі әдіспен дайындалады :
1.Алынған қалып өлшемнен мүсін құйып,оның бетіне изокол жағады.Мүсіннің шұңқырлары жабысқақ балауызбен тегістеледі.
Осыдан кейін , тез қататын пластмассаны оның қамыр тәрізді кезеңінде табақша түрінде мүсіннің бетіне жабу қажет , ол жұқа болмай , өтпелі қатпарларға жетіп жатуы керек . Пластмасса қатқан соң мүсіннен шығарылып , кенерелері өңделеді . Дайындалған қасықтың жиектері өтпелі қатпарға 1,5-2 мм жетпегені дұрыс .
2. Бірінші алынған анатомиялық қалып - өлшеміне құйылған мүсіннің беті изолакпен оқшауланады . Мүсінді келешек протездің шекарасынан 1,5-2 мм қысқа болатын жұқа балауыз төсенішпен қаптайды . Осыдан кейін альвеолды өсіндінің қырына сүйір және бірінші үлкен азу тістердің тұстарынан тіл - ұрт бағытында симметриялы түрде орналасқан ені 2 мм болатындай ойықтар жасайды . Ойылған балауыздардың орындарын оқшаулаймыз . Осыдан кейін пластмассамен , мүсін бетін түгел жауып , қасықты дайындаймыз . Қасықтың сырт жағында еріндерге кедергі жасаймайтын сап дайындалады .
Пластмасса қатайғаннан кейін , ол мүсіннен ажыратылып , оның ішіндегі балауыз ыстық сумен шайылып тазаланады .
Термопластикалық материалдан арнайы жеке қасықтарды дайындау жиі қолдануды көрсетуде , өйткені олар экономиялық ұтымды және оңай пішінделеді
. Термопластикалық табақшалардан арнайы жеке қасықты дайындау үшін мүсіннің батыңқы жерлерін алдын - ала тегістеп толтырады . Бұл материалды жұмсарту үшін жоғары температура қажет болғандықтан , « block - out » материалы ретінде балауыз орнына асбест немесе гипс , және арнайы вакуумды қодырғы қолданылады . Мүсінмен термопластикалық табақшаны вакуумды қондырғыға орналастырып , қондырғы іске қосылып , мүсіннің беті табақшамен тығыз қапталады , осыдан кейін ол суытылып , қасықтың шеттерін кесіп өңдейді .
Қызметтік қалып - өлшемнен мүсін құю -
Арнайы жеке қасықтың көмегімен қызметтік ( функционалды ) қалып - өлшем алынып , одан жұмысшы мүсін құю үшін қалып - өлшем ( Boxing ) әдісімен дайындалады . Boxing әдісі дегеніміз қалып - өлшемнің шеттерінің мүсінде толық қайталанып сақталуы . Ол үшін қасықтың вестибул және тіл қырларын сыртқы жағынан , шеттерінен 3 мм ұзақтықта айналдыра шыбық түріндегі балауызды жиектетіп жапсырады . Осыдан кейін қызметтік қалып - өлшем гипспен толтырылып , мүсін құйылады және алынған мүсінде тiстем шаблоны дайындалады.
Толық алмалы тіс протездерінде жасанды тістерді орналастыру
Базисі балауыздан немесе қатты окклюзиялық біліктері бар тiстем шаблондарының көмегімен тіссіз жақ сүйектерінің орталық қатынастары мен тiстем биіктігін анықтағаннан кейін жасанды тістерді орналастырады . Толық алмалы тіс протезін дайындауда жасанды тістерді орналастыру өте жауапты кезең болып есептеледі . Жасанды тістерді орналастыру тiстем шаблондарын окклюдаторға немесе артикуляторға бекіткеннен соң бастайды . Тістерді орналастырудан бұрын , науқастың бет әлпетінің пішініне және оның биіктігіне сәйкес келетін жасанды тістерді таңдау өте маңызды . Өйткені жасанды тістердің дұрыс орналасуы эстетикалық , қызметтік және протездің стабилизациясын қамтамасыз ететіндігі сөзсіз . Дұрыс қойылмаған жағдайда тістер дұрыс таңдалып , технологиялық ережелердің ұқыпты сақталуына қарамастан , науқастың протезді қолдануы қиын болады .
Алдыңғы тістердің орналасуы , эстетикаға тығыз байланысты болса , ал азу тістердің орналасатыруы қызметтік тұрғыдан елеулі орын алады. Жасанды тістерді орналастырудың үш түрлі нысаналары бар .
- альвеола доғасының пішініне сәйкес және еріндерінің көрінуіне байланысты тістердің орналасуы ;
- альвеола доғасында тістердің бір - біріне байланысты орналасуы және әрбір тістің орналасу орындары ;
тістердің көрінетін беттерінің және науқастың бет әлпетінің пішініне байланысты орналасуы .
Балауыз негіздің соңғы мүсінделуі
Жасанды тістерді орналастырып болғаннан кейін , клиникада протездің конструкциясын тексереді . Тексерілген балауыз кейін мүсінге композицияны қыздырылған балауызбен мүсінге бекітеді . Егерде жоғарғы мүсінде балауыз базистің қалыңдығы біркелкі болмаса , онда оны тегістеп , жасанды тістердің мойын бөліктерін тазалап , соңғы мүсіндеуді орындайды . tsoo Төменгі жақ сүйегінің мүсінінде орналасқан балауыз базисті ауыстырмайды , тек қана оның құрамынан темір сымды алып тастайды .
Төменгі жақ сүйегінде орналасатын протез үстіңгі жаққа салыстырғанда 1 мм - ге қалыңдау , яғни оның қалыңдығы орташа 2,0 2,5 мм құрайды .
Осыдан кейін балауыз композицияны Кюветаға гипстеп композиция мен өңдеу үдерістері жүргізіледі .