1. Төмендегі тақырыптардың біріне шағын хабарлама дайындаңыз



Дата04.05.2020
өлшемі56,65 Kb.
#65731
түріНұсқаулар
Байланысты:
Тіл мәдининті


1. Төмендегі тақырыптардың біріне шағын хабарлама дайындаңыз.

-Жастар – ел болашағы.

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін артырсақ, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында.

2.Өз мамандығыңызға байланысты кітапхана қызметкерлері арасында бір тақырып бойынша диалог үлгісін жазу.

Менің диолог үлгім оқырман мен кітапханашы арасында болады.

-Сәлеметсіз бе!

-Сәлеметсізбе! Сізге қандай да көмек керек пе?

-Маған сізден кеңес керек еді.

-Қандай кеңесім керек.

-Маған қандай кітап оқуға ұсынар едініз.

-Сіз жасынызға қарай кітап ұсына аламын.Сіздің жасыныз нешеде?

-Менің жасым 15-те

-Сіздей жасөспірімдерге «Қорғансыздың күні»ұсынар едім.



Қорғансыздың күні [мәтін] : әңгімелер, повестер Әуезов ; Құраст.Ақбай Н. .- Алматы : Атамұра, 2002 .– 3000 дана . – 9965-05-657-9 – 432 б.

-Маған осы кітапты бересіз бе?

-Мен сізге 15 күнге бере аламын.

-Рахмет.

-Егер оқып болмасаныз қайтадан келіп жаздырып алсаныз болады.

-Рахмет! Сау болыныз!

-Сау болыныз!Келіп тұрыныз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет