1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: “Метафизика” және “Жан туралы”. Құрылымы жағынан “Метафизика” дербес он төрт кітаптан тұрады



Дата11.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#131448
Байланысты:
философтар


Ұлы философтар
Аристотель
Аристотель (б.з.д. 384-б.з.д. 322 жылдар) - Грек пәлсапшысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, логика, шешендік өнер, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оны әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алады.
Философия институтының ұжымы “Философиялық мұра” топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын жарыққа шығарды.
1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: “Метафизика” және “Жан туралы”. Құрылымы жағынан “Метафизика” дербес он төрт кітаптан тұрады.
2- томға Аристотельдің «Ұғымдар, «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жана білім саласы логиканың негізін салған.
3 том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және жойылу», «Метеорология» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды.
4 томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Никомах – Аристотельдің не әкесі, не баласы. Екеуінің де есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп аталып кеткен
Метафизика
Метафизика терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз аударған да ол физикадан кейін келетін деген мағына береді. Аристотель оны алғашқы философия деп атады;Ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді.Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары:әл-Кинди,әл-Фараби,ибн-Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты.
Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика философияның бір түрі әрі философиялық тәсіл. Аристотель метафизиканы “алғашқы философия” деп те,”құдайлар туралы ілім” деп те, жай ғана “ақыл кітабы” деп те атаған. Қазір метафизика онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады.
Материя және түр туралы теориялар
Аристотель субстанция элементтері “материя” және “форма” дейді. Материалдық әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, қозғалыс және оның себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның жойылуы. Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс деп танығанымен, бұл мәселенің мәнін толық аша алмаған. Тек “алғашқы қозғаушы”, яғни санадан тыс құдіретті күш бар деген түсінікте болған. Ол - құдай. Сана - Бақылаушы ғана.

Әл- Фараби- ұлы ғалым. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.

Әл- Фараби- ұлы ғалым. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.

Әл- Фараби араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін жақсы білген.


Әл-Фараби

Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

«Ғылымдар энциклопедиясы»

Әл-Фарабидің трактатының ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады:

  • Тіл білімі және оның тараулары;
  • Логика және оның тараулары;
  • Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым;
  • Физика мен метафизика және оның тараулары;
  • Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін ғылымы).

Математика

Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни сан туралы ғылым. Оған практикалық және теориялық арифметика деп айрықша мән берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша сан объективті ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.

Логика

Фарабидің анықтауы бойынша логика – ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау әрекетін тәрбиелей алады, өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет