1-тоқсан бойынша №1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/4
Дата02.10.2024
өлшемі73,77 Kb.
#205533
  1   2   3   4
Байланысты:
БЖБ.№ 1 5кл


1-тоқсан бойынша №1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 5.3.3.1. фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп,
үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;
сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
Бағалау критерийі Фольклорлық , көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын
анықтай алады.
Жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес
орфографиялық нормаға сай дұрыс жазып, сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Орындау уақыты: 20 - минут
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер –үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық- қасиетті ұғым. Ол- үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық- бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық- бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашылып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» - деп кіргізеді.
(Тұрсын Жұртбайдан)
Мәтінге ат қой___________________
Ақпаратты тексер

Ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет