1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» Оқушының аты-жөні: Сыныбы: І нұсқа Тапсырма


-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып және қате жазылған жалқы есімдерді топтастырып жазып шығыңыз



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі57,31 Kb.
#118965
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар Б лім «К

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып және қате жазылған жалқы есімдерді топтастырып жазып шығыңыз.



Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – күлтегін ескерткіші. Бұл – орхон-енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.


Бізге жеткен түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған орхон-енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi монғол халық республикасының астанасы улан-батордың батысындағы 400 километр жердегi орхон өзенi бойындағы кошо-цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiнемәлiмдеушi – орыс ғалымы н. м. ядринцев.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «үлкен жазу», ал 13 жол жазу «кіші жазу» деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi қытай жазуы 732 жылы қытай императоры хусен-цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «марқұм күлтегiн жазуы» делінген.



көне дәуірдегі




маңыздылығы




құнды дүние




белгiлi болды




орналасқан




алғаш тауып




мәлiмдеушi




бейнеленген




толтырылған




аударылды




Жалқы есімдер:


______________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет