1-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу


Тапсырма Қамтылатын мақсаттар



бет2/8
Дата22.12.2021
өлшемі28,29 Kb.
#127750
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10 класс СОЧ 1 токсан

Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаға сипаттама

Тапсырма түрлері

Орындау уақыты, мин

балл

1-3

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында

қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.


Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясындағы 108-122 сөзден тұратын екі тыңдалым мәтіндерін 2 рет тыңдайды.

Мәтіндерді тыңдау барысында оқушылар терминдердің мағынасын түсінуге, мәтіндегі ақпаратқа қатысты өз көзқарасын аргументтер арқылы дәлелдей алуына бағытталған тапсырмаларды орындайды.


Мәтіндерді салыстыру Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жабық тапсырма



6

5

4-7

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау;

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау.



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын ғылыми-көпшілік мәтінді оқиды. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, факті мен көзқарасты анықтау, мәтін идеясымен байланысын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындайды.


Толық

Жауапты


қажет

ететін


тапсырмалар


15

10

8

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;

10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану;

10.5.1.2. сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану.



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген үш тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазады. Мұғалім оқушының публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алуын; мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алуын; мәтін құрауда тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу), көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды, сын есімдерді орынды қолдануын бағалайды.


Ашық тапсырма


15

10

9

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;

10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.



Тапсырма өз бетінше немесе жұпта орындалады. Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінге сүйене отырып, монолог немесе диалог құрайды(әр оқушы 8 сөйлем), сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.



Ауызша толық жауапты қажет ететін тапсырма


Айтылым сабақтан тыс тексеріле

ді, әр білім алушыға 2 минут беріледі.



5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет