Айнымалы тоқтың комплексті түрде жазылуы. Комплексті түрдегі әсерлі мәндер үстіне нүкте қойылған негізгі әріптік белгілеу арқылы жазылады. Комплексті шамаларды жазудың үш түрі қолданылады:а) алгебралық түрі ; б) тригонометриялық түрі ; в) көрсеткіштік түрі . Соңғысы Эйлер формуласынан шығады
9. Айнымалы ток тізбегіндегі резонанстар. Активті, индуктивті, және сыйымдылықты кедергілері бар айнымалы ток тізбегі және олардың векторлық диаграммалары.
Айнымалы тоқ, (ағылшынша alternating current – айнымалы тоқ) – бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тоғы. Ал техникада айнымалы тоқ деп тоқ күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты тоқ болады. Айнымалы тоқ байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Кернеу резонансы Индуктивтік орауыштары және конденсаторлары бар тізбектерде кіріс кедергісі немесе кіріс өткізгіштігі нөлге тең болғандағы ережені резонанс деп атайды.
Активті кедергісі бар айнымалы ток тізбегі және оның векторлық диаграммасы
Егер синусоидалы кернеуге активті кедергіні қоссақ (5.1 – сурет), онда тізбекте лездік ток пайда болады:
.
Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: Активті кедергідегі кернеу мен ток күші уақыттың кез келген мезетінде фаза бойынша сәйкес келеді.
Активті кедергісі бар айнымалы ток тізбегінің векторлық диаграммасы
Индуктивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегі және оның векторлық диаграммасы
Егер индуктивті элементі бар тізбекте синусоидалы ток өтетін болса (5.4-сурет) , онда өздік индукцияның ЭҚК-і
.
Кирхгофтың ІІ-заңы бойынша , мұндағы кернеуді мына қатынаспен жазуға болады
немесе ,
мұндағы .
Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: Индуктивтілік катушкадағы ток күшінің тербелісі фаза бойынша кернеу тербелісінен -ге артта қалады.
шамасының өлшем бірлігі кедергінікіндей және индуктивті кедергі деп аталады. Индуктивті кедергіні реактивті кедергі деп атайды.
Индуктивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегінің векторлық диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |