1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Кирхгоф заңдарын қолдана отырып электр тізбектерін талдау



бет8/44
Дата23.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#187755
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

Кирхгоф заңдарын қолдана отырып электр тізбектерін талдау..Күрделі электр тізбектерді есептеу және олардың электр жағдайын анықтау ҥшін Густав Кирхгоф 1845ж. тұжырымдалған, сондай-ақ, кейбір дереккөздерде Кирхгоф ережелері деп аталатын Кирхгоф заңдары қолданылады. Күрделі электр тізбектері үшін «тармақ», «түйін» және «контур» ұғымдары қолданылады..Электр тізбегінің тармағы – бойымен бір ток өтетін тізбекті жалғанған элементтерден (резисторлар, ЭҚК және т.б.) тұратын тізбектің учаскесі.Электр тізбегінің түйіні – үш және одан көп тармақтар бірігетін жер..Электр тізбегінің контуры – бірнеше тармақтар бойымен жылжып, айналып өтуге болатын кез келген тұйық жол. Кирхгофтың бірінші заңы (токтарға арналған заң) электр тізбегінің түйіндеріне жатады және келесідей тұжырымдалады. Электр тізбегінің түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы кез келген мезгілде нольге тең:форм жазасын.Бұл ретте, түйінге бағытталған токтарды «+» таңбасымен, ал түйіннен бағытталған токтарды – «-» таңбасымен қабылданады..Энергияның бірнеше көздері бар күрделі электр тізбектерін есептеу үшін келесідей тұжырымдалатын Кирхгофтың екінші заңын пайдаланады.Тұйық электр контурдағы тізбектің учаскелеріндегі кернеудің төмендеу алгебралық қосындысы осы контурда әрекет ететін ЭҚК алгебралық қосындысына тең болады. Теңдеулерді құрастырған кезде қосылғыштарды «+» таңбасымен алады, егер учаскеде әрекет ететін кернеу және ЭҚК айналманың бағытымен дәлме-дәл келетін болса, және «-» таңбасымен, егер олардың әрекеттері айналманың бағытына қарсы болатын болады.

6.Күрделі электр тізбектерін есептеу әдістері.Суперпозиция әдісі.Түйінді кернеу әдісі.Контурлы токтар әдісі.Эквивалентті түрлендіру әдісі.Потенциалдық диаграмма құру.
Суперпозиция әдісі
Егер тізбекте бірнеше қоректендіру көзі бар болса, онда мұндай тізбекті есептеу үшін суперпозиция әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс ЭҚК әсерлерінің тәуелсіздік принципін пайдаланады. Бірнеше ЭҚК тудыратын тоқтар жеке әрбір тоқ көзі тудырған тоқтардың алгебралық қосындысы болып табылады. Суперпозиция әдісі күрделі тізбектерді есептеуді әрқайсысында бір тоқ көзі бар элементар тізбектерді есептеумен алмастыруға мүмкіндік береді.
Бірнеше қоректендіру көзі бар күрделі тізбектерді есептеуді суперпозиция әдісі бойынша төмендегідей жасауға болады:
  1. күрделі тізбекті әрбір элементар тізбекте бір тоқ көзі болатындай бірнеше тізбекпен ауыстырады, басқалары тоқ көзінің ішкі кедергілеріне тең кедергілермен ауыстырылады;



  2. әрбір тармақтағы тоқтардың шамалары мен бағыттарын анықтай отырып, элементар тізбектерді есептейді;

  3. әрбір тармақтағы сәйкес тоқтардың алгебралық қосындысы ретінде нақты тоқтарды табады, яғни нақты тоқтардың қосындылары элементар тізбектердегі осы тармақтың тоқтары болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет