1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама ретінде



бет10/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.3.5 Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама ретінде

Баршаға аян, тәрбие оқу–тәрбие орындары шеңберінде жүзге асатын ұйымдастырылған үрдіс қана емес. Тәрбие – бұл әлеуметтік те қызмет атқарады, яғни жастарды қоғамда өмір сүруге дайындайды. Соңғы жарты ғасыр уақытта әлеуметтену мәселесімен социолог, философтардан басқа, педагогика теориясының негізін қалаған мамандар да айналысады. Шет елдерде жеке тұлғаның әлеуметтенуі бойынша бірқатар тұжырымдамалар пайда болған. Ондағы қарастырылған негізгі мәселелер мынандай: мәні неден тұрады, әлеуметтенудің ерекшелігі, оның ғылыми методологиялық негізі неде, біліммен өзара байланысы қандай, мектептегі тәрбие мен әлеуметтенудің қандай институттары мен әсерлері бар, әлеуметтену теориясының мектептегі тәжірибеге әсері қандай, меншікті педагогикалық үрдістер.


Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі, әсіресе жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында өзекті болды, себебі жас адамның қалыптасуына әсер етуші күштер ықпал етті, және бұған жан жақты қарама қайшылықтар әсер етті: ҒТР, жаңашалану, отбасы дағдарысы, жастардың мәдениеттелігінің төменділігі, жалпы қоғамның ізгілендіруіне қарсы бетбұрысы, БАҚның қарсылығы және т.б.  мұндай тәрбие үрдісінің барлығы айтарлықтай қайғылы. Әлеуметтенуді кең көлемде талқылаға алғанда, бұл  «қоғамдық құрылымдарындағы жеке адам ықпалдастығының кешенді үрдісі», бұл адамның қоғаммен қабылданған нормалары, ережелері, құндылықтары, сондайақ әр қайсының өмірде алатын әлеуметтік рөлі. Әлеуметтену барысында жеке тұлға өзінің әлеуметтік қызметтерін орындауға ұмтылады, сондықтан әлеуметтенуді «адамның екінші әлеуметтікмәдени дүниеге келуі» деп атаған.
Педагогтардың алдында жасөспірімдерді жан-жақты әр бағыттағы қозғаушы күштермен қоғамдық институттарды байланыстыра отырып тәрбиелеу мәселелері тұрды.
Батыс социологиясы мен педагогикасы тәрбие теориясында маңызды бетбұрыс болып есептелетін жалпы, ортадисциплинарлық әлеуметтеу теориясын салуға тырысты. Біріңғай әлеуметтеу теориясы болған жоқ. Әлеуметтеу барысын дәлелдеумен, оның мақсаттарын түсінумен ерекшеленетін үш тұжырымдама бар: олар әлеуметтеудің өзгертілген моделі, гуманистік модель және екі алдынғы позицияларды қоса кешенді әлеуметтеу.
Өзгертілген (бейімделген) және функционалды, «қатаң» әлеуметтеу Т.Парсонстың т.б. құрылымдық функционализм шеңберінде әзірленген. Қоғамда әлеуметтік институттарда, қарым–қатынас қағидалары бар, әлеуметтік жүйенің әр бір элементы өзіне тән қызмет атқаратын бір жүйе болып саналады, жүйе біркелкі және табанды келеді. Табандылықты қамтамасыз ететін әлеуметтеу механизмі болды. Оның маңызы қоғам талаптарына сай келетін адамдар тәрбиелеу. Сондықтан әлеуметтеудің мақсаты – талапқа сай тәрбиелеу, өз міндет, қызметтерін орындайтын және ережелерді меңгерген тұлға болып саналды. Бұл көзқарасты қолдайтындар бейімделген тұлғаның басты мінез–құлқы – ыңғайлылық, әлеуметтік жағдайларды қабылдау, стандарттарды орындау деп ойлайды. Біреулері, мұндай бейімдеу өзбетімен, басқарусыз өтеді деп санаса, екіншілері әлеуметтеудің институттарын және объектілерін: мектептер, отбасылар, БАҚ, мекен жайы бойынша тұрғындардың іс әрекетін үйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қажет ететінің айқындайды. Мұнда сциентистік-позитивтік бағдар, ғылым негізінде барлық мәселелерді шешуге сенім, қоғамда адам дамуын басқару және бақылау жүйесін құру мүмкіндігіне сенім анықталды.
70–жылдары функционалдық әлеуметтеу сынға түсіп, альтернатива ретінде «жұмсақ» тұлғалық әлеуметтеу дәлелденді. Оның маңызы гуманистік педагогикада көрсетілген. Әлеуметтену адамның өздігінен даму, өз мүмкіндіктерін іздеу, оларды іске асыру болып түсініледі. Жасөспірім әлеуметтеу барысында «педагогикалық өзін өзі басқару», өздігінен іске асуында белсенділік танытады. Әлеуметтенудің міндеті – «тіл алғыш» қызметкерді емес, сынай білетін автономдық тұлғаны қалыптастыру. Бірақ мұндай көзқарас басқа жағдайға әкеледі: бірінші модель бойынша конформизмнен – тұлғаға, тек өзін ғана сыйлайтын тұлға, екінші модельге қатысты.
Осы екі шетке шыққан көзқарасқа байланысты екі позицияны біріктіретін шешіме табу қажеттілігі туады, осыдан келіп «жиынтық социализациясы» туады. Бұндай социализацияның мақсаты – тұлғаны «сыншыл кескінмен» қалыптастыру деп есептейді ғалымдар. Адамнан қоғамдық ережелерді орындай біліп, қызмет атқару, сонымен бірге жеке дамуының іштей бостандыққа ұмтылуы байқалады. Адам белсенді және саналы түрде басқалармен қарым–қатынас іс әрекетте қоршаған ортадағы шындықпен кездесуі қажет. Мұндай жалпы және адамның жеке мінез құлық дилеммасы әрқашан өзекті болғандығын мойындай отыра, қазіргі кезеңде әсіресе әр түрлі елдердегі әлеуметтік мәдениет, адамгершілік, экологиялық жағдайларының күрделі кезеңдерде өте өткір тұрса керек.
Шетелдерде мектеп тәрбиесіне қалай қарайды? Социализациялық теориялық зерттеулерде білім берудің жаңа бағдарламалары, мектеп реформалары, білім мазмұнын жетілдіру, мектептегі тәрбиенің әдістері мен түрлері, сондай–ақ мектептен тыс шаралар арқылы жастарға әсер етуді ұйымдастыру жолдарын қарастырады. Негізінен, мектептерде арнайы пәндер енгізіледі, міндеті – білім мен мінез құлықты қалыптастыру, оқушылардың өмірге икемділіктерін дамыту, мысалы: елдің саяси және әлеуметтік жүйесін білу, әлемдегі еңбек пен жұмыс басшылық етеді. Оқушылар жеке тұлға психологиясын, өзін–өзі тану мен өзін–өзі дамыту ғылымын біледі. Арнайы сабақтарда отбасы мәдениеті мен жеке тұлғаның қарым–қатынасымен танысады, адамдармен қарым–қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл оқу дәстүрлі «академиялық» пәндерді оқытудан айырмашылығы бар, жеке тұлғаны қоғамдық өмірге әлеуметтік бейімдеуге бағыттаумен айқындалады.
Мұндай сабақтарда негізімен «белсенді» әдістер қолданылады: жағдайды талдау, рольдік ойындар, мінез құлық тренингі, сезім. Мұндай әдістерді қолдану шағын топтарда оқушылардың қоғамдық және жеке басының мәселеріне көзқарасын, өз сезімі мен мінез–құлық дағдыларын қалыптастырады.
Осындай мақсатта сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар оқушылармен жүргізіледі. Оқушылар концерт, мерекелер, спорттық жарыстар, кездесулер ұйымдастырады; оқушылар мектептің өзін–өзі басқару органына айналады; тәжірбие алады /әсіресе АҚШ да/. «Демократия» ойынында оқушылар мектепте өзін–өзі басқару органын сайлайды, комиссия құрады, жұмыс жоспарын жасайды, сөйтіп, «үлкен өмірге» қадам басуға дағдыланады.
Әлеуметтенудің мақсатында жастар орталығы, қоғамдық қозғалыстар, клубтарда, консультациялар, әр түрлі статусты жұмыс кестесі, түрлі сабақтардың формалары қолданылады. Мұнда да оқушылар, жас өспірімдер адамдармен қарым–қатынас жасауға, пәндер бойынша кеңестер, кикілжіңді шешу, т.б. туралы білім алады.
Сонымен, әлеуметтену түсінігі тәрбиеге жақын болғанымен, әлеуметтенудің жалпы теориясы мұғалімдерге балаларды қалыптастыруда бұл мәселеге кеңірек қарауларын ескертеді. Әлеуметтену жүйесінің бір бөлігі мектеп деп есептеген көзқараста әлеуметтену институты оның шекарасының мүмкіндктерін сезіну, тәрбие мен оқытудың мақсаттары барлық әлеуметтенген факторлармен жүзеге асуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет