1. Туа болған пневмонияния хаттамасына сай емдеу ұзақтығын көрсетіңіз



бет4/5
Дата29.06.2023
өлшемі98,98 Kb.
#179228
1   2   3   4   5
Байланысты:
тесты на экзамен рез. каз (копия)

Біреуінен басқа://
156.5 күндік нәресте, шүйде аймағында дұрыс емес формалы дақ, қас пен маңдай аймағында ақшыл-қызғылт түсті көкшіл реңді, жылағанда күшейеді.Сіздің диагнозыңыз://
157.Туылғаннан соң 8 сағаттан кейін нәрестеде сарғаю пайда болды және күшеюде. 20 сағаттан кейін тікелей емес билирубин 344 мкмоль/л, «Нәрестелердің гемолитикалық ауруы» диагнозы қойылды. Қан алмастырып құю жүргізуге критерийлерді көрсетіңіз:
158.Шала туылған нәрестелердегі құрысу синдромын жиі тудыратын басқа да себептерді атаңыз://
159. Субарахноидальды қан құйылуды дәлелдеудегі негізгі ақпаратты тексеру://
160.Жаңа туылған нәресте, туылғандағы салмағы 2700,0, бойы- 48см, субарахноидальды қан құйылу анықталды. Себебін атаңыз://
161.Ликворда эритроциттер қан құйылудың қандай түрінде кездеседі://
162. Қыз бала 12 күндік. Өмірінің алғашқы күнінен бастап өт қоспаларынсыз құсу байқалады. Құсық массасының көлемі жеген тамақ көлемінен аспайды. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы құрғақ, сұрғылт түсті, үлкен еңбегі түсіңкі,емуі әлсіз, салмақ қоспайды. Дұрыс емес қалыптасқан жыныс мүшелері баланың жынысын анықтауға мүмкіндік бермейді. Зәр шығарудың жиілеуі байқалады. Диагноз қойыңыз және нақтылау үшін қажетті тексерулерді көрсетіңіз://
163. 10 күндік нәрестені педиатрмен қарау кезінде: санасы бұзылмаған, жасанды тамақтандырылады, емуі белсенді, құспайды. Кеуде және мойын терісінде бірлі жарым ұсақ көпіршіктер, бұлыңғыр сұйықтыққа толған. Антибактериальды терапияны жүргізуге көрсеткіштер://
164. Нәресте жүктіліктің 32 гестациялық мерзімінде туылған. Салмағы– 1500г, ұзындығы 44 см.Жүктілік преэклампсимен өткен. Туғаннан соң 2 сағаттан кейін нәрестеде құрысу анықталды. Шал туылған нәрестедегі құрысудың себептерін түсіндіріңіз://
165. 5 күндік нәрестеде өт қосылған құсық. Мазасыз, іші кебіңкі, тері түсі құрғақ, бозғылт. ТАЖ 70 рет минутына, дем алі кезінде өкпенің төменгі бөлігінің тартылуы анықталады. Өкпеде тыныс әлсіз, екі жағынана да аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар. Меконий болған жоқ, соған байланысты клизма жасалынды, нәжісі созылмалы, жабысқақ. Болжам диагнозды негіздеңіз://
166.5 күндік нәресте, сарғыштық пайда болды, нәжісі түссіз – ақ, тіке билирубин – 68 мкмоль/л. Өткізілген зерттеулер холестаз белгілерін анықтады. Болжам диагнозды көрсетініңз://

167.Нәресте 40 апта гестация жасында 1 –ші жүктіліктен, 1-ші босанудан. Босану барысындағы сусыз кезең – 9 сағат, құрсақ маңы суы – мекониальды. Салмағы – 3100г. Ұзындығы 50 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 1 минутта – 3 балл., Жағдайы ауыр, ыңырсиды, құрсақ маңы суымен құсады. Тері түсі бозғылт, акроцианоз. Ентігу 80 рет минутына. ЖСЖ 168 рет минутына. Оң жақ өкпе қуысы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы: оң жақ жауырын астында орташа және кіші көпіршікті сырыл, сол жақ бөлігінде тыныс естылмейды. Неонатологтың алғашқы көмек көрсетеудегі тактикасын көрсетіңіз://


168.Нәресте 3 күндік., шала туылған салмағы 1980г. Обьективті :бозғылт тері фонында, күш түскен кезде цианоз пайда болады. ЖСЖ минутына 170 рет . Жүрек шекарасы ұлғаймаған. Өкпе артериясы үстінде жүректің 2 тонының бөлінуі, 2-ші қабырға арасында систолодиастолалық шу естіледі. Нәрестедегі диагнозды негізденіз//


169.ЖТН. Асфиксиямен дүниеге келген, өкпені қосымша желдендіріп, жүрекке тікелей емес массаж жүргізілген. ЖСЖ 56 рет минутына. Осы жағдайда қажет дәрілік затты таңдап, оның әсерін түсіндіріңіз://


170. Нәрестеде өтпелі сарғаюдың шыңында зәрдің қоңыр түске боялуы, зәрдің түссізденуі. Бауыр мен талағы ұлғаймаған. Б/х анализде: Жалпы билирубин – 27 мкмоль/л, тіке емес – 8,0мкмоль/л, тіке- 19 мкмоль/л. УДЗ іш қуысының патологиясын анықтаған жоқ. Оральды холецистографияда: бауырда НСV және HBV пигменті көбеймеген. Атасы мен әкесінде осындай көрініс орын алады. Диагноз қойыңыз://


171.ЖТН-ге жүрекке тіке емес массаж жүргізілген, қайталап бағалау кезінде ЖСЖ минутына 70 рет. Нәрестеге қандай шаралар жүргізілетінін көрсетіңіз://


172.10 күндік нәресте. Туылғаннан бастап жұмсақ тіндердің ісінуі бар, өмірінің 4-ші күні мұрнынан қанды бөлініс пайда болды, мұрнымен тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасына мыс түстес папулезды бөртпелер шықты. Алақаны мен табаны – диффузды қызарған. Ерні құрғақ, қалыңдаған, жарылған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Анасы әйелдер кеңесінде есепте тұрмаған. Болуы мүмкін диагнозды қойыңыз және бірінші кезекте жүргізілетін тексеруді көрсетіңіз://


173. Нәрестеге 12 күн. Жалпы жағдайы интоксикация симптомдарына байланысты орташа ауырлықта. Кіндік жарасы гиперемиялы, ісікті, серозды бөліністер анықталады. ЖҚА: аздаған лейкоцитоз. Болуы мүмкін диагнозды көрсетіңіз://


174.Нәресте 7 күндік. Екі күн бұрын сүт безінің ісінуі байқалды. Дене температурасы - 38,60 С, Сүт безінің айналасы тері түсі гиперемияланған, инфильтрациялы, іріңді бөліністер. ЖҚА: лейкоцитоз, СОЭ -15мм/сағ. Болуы мүмкін диагноз таңдаңыз және емдеу тактикасын көрсетіңіз//


175.ЖТН қан тобы А(II) екінші Rh(+), анасында 0(I) бірінші Rh(+), сарғаюә 2 –ші тәулікте пайда болды, "батып бара жатқан күн симптомы, басын шалқайту пайда болды. Болуы мүмкін лабораториялық мәліметтерді көрсетіңіз://


176.Шала туған нәресте 1 күндік, ТАЖ 70 минутына, қабырға аралық тартылу, семсершенің төмен түсуі, тынысы ыңырсулы. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуторлы тынысы жайылған. ЖҚА патология жоқ. Осы аруда рентгенограммада қандай өзгерістер анықталуы мүмкін://


177.Нәресте 8 күндік. Анасы әлсіздікке, қоректенуден бас тартуға, жөтелуге, мазасыздыққа, дене температурасының жоғары көтерілуіне шағымданады (39,4°С). Нәресте стационарлық меделуде 3-ші күн, диагнозы – жедел пневмония. Объективті: Жағдайы нашарлады, әлсіз, қарауға негативті қарайды, мұрын арқылы де алу қиындаған. Тері түсі бозғылт, мрамор суреті айқын, аяқ қолы салқын. Дене температурасы- 380С. ЖСЖ - 160 рет минутын. Жұрек тондары ритмді, тынықталған. Перкуторлы оң жақта өкпе дыбысының қысқаруы. Аускультативті: оң жақта тыныс алу әлсіз, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Ентігу аралас типті. Гиперестезия, рефлекстері жоғары. Нәрестеде қандай асқынулар орын алған://


178.Нәресте 10 күндік, «Нутрилон-1» қоспасы арқылы жасанды тамақтануда. Туғандағы дене салмағы - 3600,0, ұзындығы - 53 см. Қоректендіруді есептеу формаласын көрсетіңіз:


179.Қыз бала 10 күндік, III жүктіліктен, жүктілік фето-плацентарлы жетіспеушілік фонында өткен, босану 42 аптада. Салмағы - 4100,0 г. Қарау кезінде реакция төмен, айқайы әлсіз, дыбысы гүрілдеген. Ү.Е.-4,0х3,5 см, керілмеген. Көз саңылауы қысыңқы, қабағы ісіңкі. Горизонтальды нистагм, страбизм анықталады. Бұлшық ет гипотониясы, гипорефлексия. Тері түсі субэктериялы, мрамор суреті айқын, шашы қатты. Тілі үлкен, аузына симайды. Аускультативті өкпеде тыныс қатқыл. ТаЖ - 42 минутына. Жүрек тондары тынық, ырғақты. ЖСЖ – 105рет минутына. Іщі жұмсақ, кебіңкі. Бауыры + 2,5 см. Іш қатуы анықталады. Зәр шығару еркін. Болуы мүмкін диагноз қойыңыз //


180.ЖТН –ге қажетті жағдайда, жоғары тыныс жодарынан бөліністерді сору жүргізді, тактильді стимуляция жүргізді. Сіз тынысын қалыпты деп бағаладыңыз. Бағалау барысындағы келесі қадам қандай//


181.Бала, 4- жүктіліктен, туылғанына 1 тәулік, 27- аптасында УДЗ-де ұрық «будда» позасында жатқан, ұрықжолдасы салмағының аздап ұлғайғандығы анықталды. Терісі иктерикалық түсті, бүкіл денеде ісік, гепатосленомегалия. Биохимияда- гипербилирубинемия. ЖҚА- эр. 2,5х1012/л, гемоглобин – 70 г/л, т.к 0,75, тромбоцит 100 мың. ЖТН- ге диагноз қойыңыз және осы аурудың алдын алу шараларын көрсетіңіз://


***
182.Нәрестеге 1 тәулік, 27- аптасында УДЗ-де ұрық «будда» позасында жатқан, ұрықжолдасы салмағы аздап ұлғайғаны анықталған. Терісі иктерикалық түсті, бүкіл дене беткейінде ісік, гепатосленомегалия. Биохимиялық анализде - гипербилирубинемия. ЖҚА- эр. 2,5х1012/л, гемоглобин – 70 г/л, т.к 0,75, тромбоцит 100 мың. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз//:


183.ЖТН-де нозокомиальды пневмония пайда болуына әкелетін факторлар,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет