1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері



бет9/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)

8.Тағамның калориялығы.
Тағамның калориялығыоның энергетикалық құндылығымен бағаланып, ондағы акуыз, май көмірсулардың болуымен қамтамасыз етіледі. Тамақтың сіңірілуіне байланысты (орташа 90% сіңіріледі) тамақтың калориясы организмнің энергиялық шығындарынан 10%- тен аспауы керек. Тағамның тәуліктік калориясының энергия шығындарынан артық болуы 300 килокалория болса (бұл шамамен 100 граммдық тоқаш бөлке) май қорының жинаулы тәулігіне 15-30 грамға өседі, ал бір жылда бұл 5,4 – 10,8 килограмм құрайды.
Әр тағамның белгілі энергиялық құндылығы болады және оны есептеу кезінде қолданады. Тағамдардағы белоктың, майдың және көмірсудың сандық мөлшерлері есептелінген және арнаулы кестелерде келтірілген. Нәрлі заттардың (нутриенттер) пайдалану мөлшері мынадай:
Тәулігіне 85-90 грамнан кем емес белок қабылдану керек (шамамен1 кг дене салмағына 1 грамм), белоктың 55% малдың өнімдері болуі керек. Балаларда бұл мөлшер дене массасына есептегенде анағұрлым жоғары және тәулігіне 1 кт дене салмағына 1,5-4 грамм құрайды,бала өсу үшін оған қүрылыс материалдары керек. Екіқабат кезінде әйелдерге белок мөлшері тәулігіне дене салмағының килограмына 3-4 грамғажетеді.
Тәулігіне қабылданатын май мөлшері 80-100 грамм құрауы керек, оның үштен бірінен кем емесі (дұрысы – одан көбірегі) өсімдік негізінен болуы керек. Майлармен бірге организмге А, Д, Е май еріткіш дәрумендері де түседі.
Тәулігіне 400-500 грамм көмірсулар түсуі кажет, соның ішінде крахмал есебінен – 350 грамм, моно- және дисахаридтерден – 50-100 грамм. Организмге түсетін көмірсулардың негізгі массасы энергетикалық мұқтаждыққа пайдаланылады. Көмірсулардың мөлшерден тыс түсуі семіруге әкеледі, әсіресе жүріс-тұрысы аз өмірде, себебі организмнің өз майы негізінен углеводтардан синтезделеді.
9.Ағзаның калория шығыны.
Адам организімі энергияны тек дене еңбегі үшін ғана емес, сонымен қатар тыныштық кезіндеде жұмсайды. Тыныштық кезінде – ұйықтағанда, организімнің қызмет етуіне – жүрек соғуына, тыныс алуға, дене температурасын сақтауға, бұлшық ет пен ми жұмысына және т.б. процестерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 килокалория энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Негізгіі метаболизм (базалық метаболизм) — бұл демалу кезінде дененің негізгі функцияларын орындау үшін қажет энергия.
Организімнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты. Энергияның тәуліктік шығыны тамақпен бірге қабылданатын негізгі қоректік заттардың түсуі есебінен, яғни белок, май, көмірсумен толықтырылады.
Энергияға тәуліктік қажеттілік орташа 3000-3500 ккал-ны құрайды.Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:

  • Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.

  • Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.

  • Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.

  • Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.

Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калорияғы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
Күндік рацион осыған орай және жұғымды заттардың калориялық коэффициентін пайдаланып жасалуы тиіс, ол 1 гр. Белок үшін – 4,1 ккал, 1гр. Май үшін – 9,3 ккал, 1 гр. Углевод үшін – 4,1 ккал құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет