1.Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері Валеология пәні – адамды және адамның денсаулығын зерттейтін,үйрететін жас ғылым саласы әрі пәні. Латын тілінен аударғанда Валеология «денсаушылық» немесе «сау болу» деген мағына береді. Бұл пән негізінен балалар мен жас өспірім денсаулығын нығайту, сақтау, оны терең үйреу мен түсіндіруді өз алдына мақсат қылып алады.
Оның мақсаты- денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйрету, яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызу, салауатты өмір салтының ұстауды, спорт пен дене жаттығулардың маңызын, дұрыс тамақтанудың адам үшін пайдасын терең ашу, сондай-ақ бірден бір маңызды мақсаты – адамға өзінің денсаулығы – асыл байлығы, және адам өмірінде ең бастысы оның денсауылығы екенін түсіндіріп, дәлелдеу, адамның өз денсаулығына немқұрайлы қарамауды үйрету, ағзаны таза ұстауды, зиянды әдеттерден арылуды алдына мақсат ететін ж/е насихаттайтын ғылым.
Негізгі зерттеу міндеттері: 1. Денсаулықтың сақтау факторын зерттеу, организмнің функционалдық қызметтік жағдайын болжау және түзету; 2. Потенциалды және актуальді мүмкіндігін анықтау; 3. Адамның денсаулығын қалай сақтауын білу, физиологиялық жүйелердің бұзылыстарының қалпына келтіру механизмдерін құрастыру,денсаулықты сақтап, нығайту әдістерін анықтау; Валеология әдістері. 1.Компьютерлің диагностиканы пайдалана отырып, адамның физикалық және психикалық жағдайын бағалау;
2. зерттеу үшін теориялық негіз жинақтау;
3.Эксперимент жасау;
4. Математикалық есептеу әдістері;
5.жан-жақты талдау, педогогикалық идеялар, қорытынды жасау
Валеологияның басқағылымдармен байланысы. Валеология басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Ол физиология, психология,дене шынықтыру, тарих, педагогика, гигиена, анатомия, әлеуметтану , биология, экология, философия, медицина сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.