16.Иммунитет туралы түсінік. Иммундық тапшылық. ИММУНИТЕТ (лат. immunitas – бір нәрседен азат болу) – бұл ағзаның генетикалық бөгделік белгісі бар денелерден және заттардан қорғану әдісі.
Иммунды тапшылық — иммундық жауаптың арнайы құрамдарының жоғалуы. Иммунды тапшылық белгілері Т-және В-торшаларының қызметінің бұзылуынан туады. Осының салдарынан организмнің антидене түзу қабілеті бұзылады.
Иммунитет тапшылығы - тұқым қуалайтын (біріншілік) немесе жүре пайда болатын (қайталама) бұзылулар, оларда иммундық қорғаныс элементтері жоқ немесе функционалды ақауы бар. Дамыған елдерде иммунитет тапшылығының көпшілігі тұқым қуалайды және олар әдетте емханада нәрестелердегі қайталанатын немесе басым инфекциялар ретінде көрінеді. Дүниежүзілік масштабта дұрыс тамақтанбау иммундық тапшылықтың ең көп тараған себебі болып табылады және сатып алынған иммун тапшылығы ретінде жіктеледі. Жүре пайда болған иммун тапшылығы өмірдің кейінгі кезеңдерінде дамиды және көпшілігінің патогендік механизмдері түсініксіз болып қала
17.Биологиялық ырғақтар.Биоырғақ түрлері Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмнің уақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды және табиғи сұрыпталу мен организмдердің бейімделгіштігінің маңызды факторы болып табылады. Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.
Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.