18.Биоырғақтарды қалыптастыру.
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 — 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына — айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақ - психологияда — адамның психикалық белсенділігінің күшеюі мен бәсеңдеуінің кезектесуі. Адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғағы 2 түрлі болады: сыртқы биологиялық ырғақ (Күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты пайда болатын) және ішкі биологиялық ырғақ (адамның ішкі психикалық және физикалық іс-әрекетінің жағдайымен анықталатын). Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.
19.Денсаулық – биоырғақтармен үйлескен өмір. Адамның ақыл-ой және дене әрекетінің динамикасы.
Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым- қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Экологиялық факторлардың уақыт және кеңістік бойынша өзгеруі- геологиялық, гелиоклиматтық )күн көзіне байланысты ауа райының қалыптасуы) және астрономиялық құбылыстарға байланысты және олар тіршілік иелеріне, тірі организмдерге өз дегеніне көндіретін басқарушы қызметін атқарады.
Биологиялық ырғақтар мен фотопериодизм – организмдер тіршілігіндегі ырғақты қайталанулар процестерінде көптеген әсер етуші немесе қозғаушы факторларлар.
Достарыңызбен бөлісу: |