1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері


Денсаулық ұғымы, Денсаулық өлшемдері. Денсаулыққа әсер ететін экзогенді және эндогенді факторлар



бет2/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)

2. Денсаулық ұғымы, Денсаулық өлшемдері. Денсаулыққа әсер ететін экзогенді және эндогенді факторлар

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы, ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазір-гі кезде денсаулықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: физикалық, соматикалық, рухани, психикалық денсаулық. Денсаулық – адам өміріндегі маңызды зат, «бірінші байлық – денсаулық» демекші, қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, спорт пен дене жаттығуларын жасау сол денсаулықы нығайтудағы негізгі жолдары деп айтуға болады. Жалпы денсаулық жеке және халық денсаулығы деп екіге бөлеміз.
Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.

Денсаулық өлшемдері.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын төрт түрлі өлшемде алып, бағалайды. Бұл өлшемдер: тәннің саулығы, яғни. ауру-сырқаудан аман болу; әлеуметтік жағдайыңыздың дұрыстығы (жұмысыңызға, алатын жалақыңызға көңіліңіздің толуы, отбасында, ұжымда тіл табысып жақсы қатынаста болу, тұрмыс жағдайдың дұрыстығы); психологиялық ахуалыңыздың дұрыстығы және рухани жағынан дамуға көңіл бөлу. Осы төрт шарт түгел орындалған жағдайда адамның денсаулығын жақсы деп бағалауға болады.


Денсаулыққа әсер ететін экзогенді және эндогенді факторлар.
Эндогендік факторлар-денсаулыққа әсер ететін факторлар, олар белгілі бір дәрежеде жеке адамға тәуелді. Жеке адам осы факторлар тобына реттеуші әсер етуі мүмкін. Эндогендік факторлар тобында біз мыналарды бөліп көрсетеміз: генетикалық, психологиялық, мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық.
Экзогендік факторлар-денсаулық ресурсына елеулі әсер ететін, алайда жеке адамның қызметіне тәуелді емес сыртқы факторлар; оның іс жүзінде әсер ете алмайтын себептері бар. экзогенді факторлар бұл тіршілік жағдайы, тамақтану, тіршілік ету ортасының климаттық-географиялық жағдайы, антропогенді факторлар ж/е т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет