1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері


Тиімді амақтану .Тамақтану рационы



бет6/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)
материалы по контролю ИКТ (экзаменационный тест) (копия)
6. Тиімді амақтану .Тамақтану рационы.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Тиімді тамақтану
-Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
-Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
-Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
-Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
-Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
-Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
-Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.
Тамақтану мезгілдері
Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
Таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - тамақ рационы қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
Түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас рационы құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
Кешкі ас (сағат 18.00-19.00) - ас рационы жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану: таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңертеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергиямен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдәм-терапиясы қолданылады. Бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал). Бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсу, минералды тұз, су, витаминдерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді.
Егде тартқан адамдардың тамақтану рационы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет