10.Негізгі қоректік заттар және олардың ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін маңызы.
Адам рационының энергиялық құны оның құрамына кіретін ақуыздарға, майларға, көмірсуларға байланысты.Көмірсулар көбінесе энергия беруші рөлін атқарады, ал майлар және әсіресе ақуыздар организмді энергиямен жабдықтаумен бірге, бірқалыпты мақсаттар үшін, яғни клеткалық және субклеткалық құрылымдардың үнемі болып отыратын жаңару үдерісі үшін қажетті материал да болып табылады.Қаңқаның бұлшық еттері мен жүйке жүйесі клеткаларының өз жұмысы үшін энергия көзі ретінде көбінесе көмірсулар құрамына кіретін глюкозаның пайдаланылатыны белгілі, ал жүрек бұлшық етінің жұмыс істеуі үшін едәуір мөлшерде май қышқылдары керек, ал бұлар – майлардың құрамдас бөлігі. Ақуыздарды энергиялық материал ретінде пайдалану организм үшін өте тиімсіз, біріншіден, ақуыздар – аса тапшы және бағалы қоректік заттар, екіншіден, ақуыздар энергия бөліп шығарып, қышқылданған кезде, едәуір улы әсері бар заттар түзіледі.
Өсімдік майларының маңызы өте зор, өйткені оларда жартылай қанықпаған май қышқылдары, сондай-ақ клеткалар мен клетка ішіндегі құрылымдарды жаңартуға керекті фосфолипидтер көп болады. Адамның тамақ рационындағы майдың жалпы мөлшерінің кемінде 30 процентінің өсімдік майлары болғаны жөн.
Минералды заттарға деген қажеттілік. Құрамында жеткілікті мөлшерде жеміс-жидек, нан, сүт бар әдеттегі тамақ өнімдері адам организмінің минералды заттарға деген қажеттілігін қанағаттандырады.Біздің елімізде және басқа да көптеген елдерде топырағында қайсыбір минералды заттың мөлшері аз болатын, мұның өзі халықтың осы затты жеткіліксіз тұтынуына және белгілі бір ауытқу нышандардың дамуына әкеліп соқтыратын аудандар мен облыстар анықталды. Бұған шаралар қолданылды. Көбінесе ондай шаралар жаппай тұтынылатын өнімдерге жетпей түрған минералды заттарды қолдан қосу болып шығады, мысалы, ас тұзына йод қосылады (қалқан бездердің дұрыс жұмыс істеуі үшін) немесе суға фтор қосылады (тіс жегісін болдырмау үшін).
11.Ақуыздар, көмірсулар, майлар Энергия көзі ақуыздар, майлар және көмірсулар болып табылады.
Ақуыздар (грекше protos - бірінші, алғашқы) – бұлар құрамында азоты бар жоғары молекулярлық табиғи құрамалар, олардың молекулалары амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған. Ақуыздар көміртектен (51-53%), оттектен (21,5-23,5%), азоттан (16%), сутектен (6,5-7,3%) жəне күкірттен (0,3-2,5%) тұрады. Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері), негізінен, ағза жасушаларын орнына келтіру, гормондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100 г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуға тиіс.
Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
1. Қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер,
гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
2. Күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында
амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.Ақуыздарды энергиялық материал ретінде пайдалану организм үшін өте тиімсіз, біріншіден, ақуыздар – аса тапшы және бағалы қоректік заттар, екіншіден, ақуыздар энергия бөліп шығарып, қышқылданған кезде, едәуір улы әсері бар заттар түзіледі.
Қазіргі уақытта іс жүзінде дені сау адамның рационында ақуыздардың, майлар мен көмірсулар арақатынасының шамамен 1:1,2:4
Көмірсулар – рационның басым бөлігін құрайтын тағамның міндетті кешені. Тағамның көмірсулық кешендердің саны мен арақатынасы адам тамақтануында, оның денсаулығын сақтауда жəне негізгі аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады
Көмірсулар көбінесе энергия беруші рөлін атқарады, ал майлар және әсіресе ақуыздар организмді энергиямен жабдықтаумен бірге, бірқалыпты мақсаттар үшін, яғни клеткалық және субклеткалық құрылымдардың үнемі болып отыратын жаңару үдерісі үшін қажетті материал да болып табылады.
Шығу тегіне қарай көмірсулар сүт жəне дақылдар, көкөністер мен жемістер сияқты өсімдік тектес тағамдық өнімдердің құрамына кіретін ішкі жəне де кондитерлік заттар мен тəттілерді (қант жəне оны алмастырғыштар, бал) əзірлеу кезінде қолданылатын сыртқы (немесе қант қосу) деп бөлінеді.Көмірсулардың негізгі функциясы – бұл организмді энергиямен қамтамасыз ету. Көмірсулар энергия көзі ретінде белоктармен жəнемайлармен алмастырылуы мүмкін, бірақ олардың тамақта жоқтығы денсаулыққа кері əсерін тигізеді. Көмірсулардың жетіспеушілігі аштықты еске түсіретін белгілермен білінеді. Көмірсуларсыз немесе көмірсулары аз диетада отыратын адамдар тез шаршағыштықтан, əлсіздіктен зардап шегеді.Көмірсуларды артығымен қабылдаған жағдайларда глюкоза майға айналады. Бұдан кез келген артық мөлшерде тамақ жеу организмде май жинақталуына жəне салмақ қосуға соқтыратынын білуге болады.Қантты таза күйінде немесе құрамына қант кіретін тамақтарды жиі жеу тісжегінің дамуына соқтырады, ал одан тіс бүлінеді жəне түсіп қалады.Сонымен, көмірсулардың артықтығы жəне оның жетіспеушілігі денсаулыққа жағымсыз болып табылады. Салауатты тамақтану дегеніміз – тамақтағы негізгі тағамдық заттар мен олардың құрамдаскешендердің белгілі қатынасы.
Майлар тағамның маңызды құрам бөлігі.
Майлар ағзада тотыққанда жылу бөлініп шығады.Май суда ерімейтіндіктен, олар асқорыту мүшелерінен ағзаға тікелей сіңе алмайды. Ұйқы безі және ішек сөліндегі ферменттердің әсерімен әуелі аш ішектерде глицеринге және карбоне қышқылдарына ыдырайды,осылай синтезделген май лимфа жүйесі арқылы қанға,одан ұлпаларға, жасушаларға барып қайтадан қатты май орынына келеді.
Осы реакциялар ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия береді. Ағзаның кейбір дәрумендер мен тұздарды қалыпты сіңіруді қамтамасыз етуі үшін майлар қажет. Дені сау жүкті әйелдің ас үлесінде майлар құнарлылықтың 30%-ын құрауға тиіс, бұл ретте 40% қанықпаған майлы қышқылдар мен Е дәруменіне бай өсімдік майларына келуі тиіс. Өсімдік майларынан – күнбағыс, жүгері, зәйтүн майы, мал майынан – жоғары сұрыпты сарымай және ерітілген май тұтынуға кеңес беріледі. Қой және сиыр майы сияқты қиын еритін майлар мен мал майларының кейбір басқа түрлері мен маргаринді ас үлесінен шығарған жөн.
Адамға күніне 70-100 г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.