1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері


Дәрумендердің маңызы және түрлері



бет12/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)

13.Дәрумендердің маңызы және түрлері.
Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар.
Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады. Оның арқасында, қырқұлақ, мешел, ақшам соқыр тәрізді жақын арада белең алған жаппай аурулардың себептері анықталды. Қазіргі уақытта әрқайсысы белгілі бір фармакологиялық әсерге ие 13 дәруменге деген қажеттіліктің бар екені мәлім болды. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдған дұрыс: екі жеміс-жидек порциясы және үш көкөніс порциясы. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады.Сонымен қатар, дәрумендерді қолдану оларға дәрі-дәрмек ретінде қарауды талап етеді және клиникалық әрі ғылыми негізде болуы тиіс. Дәрумендердің симптомсыз тапшылығы денсаулық жағдайының созылмалы нашарлауына әкеліп, инфекцияларға деген бейімділікті тудырады деген пікір бар. Бұл дәруменді дәрі-дәрмектерді көп тұтынуға әкелді, ал оның пайдасы плацебодан артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ, дәруменді дәрі-дәрмектер ересектер, балалар, жүкті әйелдер және емізуші әйелдер үшін де мүлдем қауіпсіз деген пікір қалыптасқан.
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.
14Қоршаған ортаны ластау көздері. Канцерогендер.
Зиянды заттар
•1) адам организмімен жанасуы нәтижесінде өндірістік жарақаттануға әкелетін, кәсіптік ауруларды немесе адам денсаулығында қандай да бір ауытқуларды туғыза алатын химиялық қосылыстар; әдетте, мұндай заттардың тізімін құзырлы мемлекеттік арнаулы мекеме бекітеді;
• 2) организмнің өсуіне, дамуына немесе денсаулығына нұқсан келтіретін химиялық заттар. Бұлардың зиянды әсері бірден білінбейді, кейде мұндай ауытқулар ата-анасында байқалмағанымен, келесі ұрпақтарда білінеді.

Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелері тамақ сапасы, тамақтану табиғаты мен қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі арасында тікелей байланыс бар екенін дәлелдейді. Қатерлі ісік ауруының дамуындағы негізгі рөл тамақтану факторына тиесілі, ол қатерлі ісік ауруының 35% құрайды, екіншіден темекі шегудің 30% құрайды. Қатерлі ісік ауруының дамуындағы барлық басқа себептердің рөлі әлдеқайда аз. Канцерогендерді табиғи су көздерінен, топырақтың адам әсерінен ластануы және егіншілік әдістері, тамақ өнімдерін,сақтау,өңдеу және буып-түюде пайда болады. Сондай-ақ, канцерогендер тамақ дайындау кезінде немесе дұрыс сақталмағандықтан пайда болуы мүмкін. Тамақтану адам ағзасына канцерогендердің түсуінің негізгі көзі болып табылады. Тамақпен бірге канцерогендердің 70% -ы адам ағзасына енеді, ал ауа мен ауыз су 30% құрайды.Көбінесе тамақ өнімдеріне полицикилды ароматты көмірсутек топтары,нитрозоқосылыстар,ауыр металлдар,микотоксиндер, пестицидтер түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет