1. Валеология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері


Семіру: себептері, медициналық-әлеуметтік салдары



бет13/23
Дата12.04.2023
өлшемі458 Kb.
#174373
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Валео ответы (копия)

15.Семіру: себептері, медициналық-әлеуметтік салдары.
Оның басты үш себебі бар. Біріншісі – үнемі артық тамақтану, мешкейлік. Екіншісі ата-әжесінің, әке-шешесінің немесе нағашысының біреуі толық болса, олардың ұрпағы да семіздікке бейім тұратын тұқым қуалаушылық. Үшіншісі – ішкі секреция бездерінің, әсіресе гипофиздің, қалқанша без бен
жыныс бездері қызметінің бұзылуы салдарынан зат алмасу процестерінің интенсивтілігі күрт төмендеген жағдайда басталатын семіру. Демек, семіру – зат алмасу дұрыс жүрмегендегі ауыр зардаптарға соқтыратын ықтимал ауру.Ғалымдардың айтуынша, адамның миындағы гипотала-мус деген без семіздікке тікелей қатысты. Ол жоғарғы ми жүйесінің жұмысын бағыттап тұрады. Сонымен қатар, бездің жұмысына серотонин, дофамин және «бақыт гармондары» деп аталатын эндофин тәрізді заттардың да қатысы зор. Дәмді тағам жемей-ақ оны көргенде-гі қуану адамның миындағы рақаттану орталықтарының жұмысын жоғарыдағы заттар қамтамасыз етіп отырады. Әр адамдағы осы бездің жұмысы семіздерде ерекше белсенді. Содан олар тойғанын білмейді, үнемі тамақ ішкісі келіп тұрады. Қазір арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері көп. Оны үнемі қолдану се-міртіп жібереді.
Семіздіктің алдын алу

Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әре-кет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арт-тырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам


ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіш-тер мен ащы нәрселерді шек-тейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Осы орайда тұздың тәнде су жинайтыны ес-теріңізде болсын.
Сонда қандай тағам жеген дұрыс. Оған тамақтану инсти-тутының мамандары мынандай кеңес айтады: қара нан әйтпесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеген, майсыз етті, ба-лықты, майы алынған қатықты, сүтті, көкөністердің барлық түрін қолданған дұрыс. Дәрігерлердің кеңесі бойын-ша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек;Тамақты аз-аздап ішуді қам-тамасыз ететін тамақтану тәр-тібін қатаң сақтау қажет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет